|
|
Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру
Сабақтың тақырыбы: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік
Оқушыларға допты кедергілердің арасынан
жерге соғып алып жүруді үйрету.
ІІ. Дамытушылық
Оқушыларды күш – қуат, ептілік, шыдамдылық
қасиеттеріне баулу.
ІІІ. Тәрбиелік
Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру,
сенімділік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, үйрету, көрсету, жаттығу, қайталау.
Сабақтың құрал – жабдығы: кедергілер, доп, ысқырық
Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.
Өтілетін орны: спорт зал.
Р/с |
Сабақтың өтілу барысы
|
Уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар |
І. 1
2
ІІ 1
2
ІІІ
ІV 1 2 3 |
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Салемдесу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру. Бұрылу әдістерін қайталау: Оңға! Солға! Кері айнал!
Дайындық бөлімі: Айнала жүру және жүгіру: - екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүреміз; - екі қол желкеде, өкшемен жүреміз; - екі қол алдыда, жартылай отырып жүреміз; - екі қол тізеде, толық отырып жүреміз; - жай жүгіру; - оң және сол жақ иықпен жүгіру; - өкшені артқа лақтырып жүгіреміз; - жай жүріс, тынысты қалпына келтіру. Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығулары: Б.Қ: аяқ иық деңгейінде, қолымыз белде, басымызды 1 – 4 оңға, 5 – 8 солға қарай айналдырамыз; Б.Қ: екі қол иықта, 1 – 2 алға, 3 – 4 артқа айналдырамыз; Б.Қ: екі қол жанда, алақан жұмулы, 1 – 4 алға, 5 – 8 артқа қарай айналдырамыз; Б.Қ: екі қол алдыда, 1 – отыр, 2 – тұр, 3 – 4 қайталаймыз.
Негізгі бөлім: 1.Оқушыларға допты кедергілердің арасынан алып жүрудің әдістерін үйрету. Допты әдеттегі ыршытып алып жүру кезінде баскетболшының екі аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады. Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере ұрып ыршытады. Допты алып жүру ойынщының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі. 2.Оқушыларды екі топқа бөліп, кедергілер арасынан допты жерге соғып алып жүру арқылы жарыстырамын.
Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызу; Оқушыларды бағалау; Сабақты аяқтау. |
3 минут
15 минут
25 минут
2 минут |
Оқушылардың дене сабағы формаларын тексеру.
Тек сол жақпен бұрылу керек.
Қолды тік ұста!
Кеудені, қолды тік ұста! Ара қашықтықты сақта.
Екі қол белде. Екі қол артта.
Жаттығуды бір орында қозғалмай орындау. Көзді жұмбай! Санақтан қалмай.
Шынтақты бүкпей.
Қолды тік ұста
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескерту және есте сақтау.
Допты оң және сол қолмен де алып жүруге болады. Допты алып жүргенде адымды кең ашып, баяу жүгіруге де болады.
Тынысын қалпына келтіру. Кемшілігін айту. Үйге: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүруді үйрену
|
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |