Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тоғызқұмалақ жүрістері.


Тоғызқұмалақ жүрістері.

Тоғызқұмалақ жүрістері.

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ жүрістері.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.

Сабақтың міндеті:                  

   1. Оқушыларға тоғызқұмалақ    ойынын үйрету.   

   2. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы   оқушылардың   ұлттық  ойындарға   деген қызығушылығын  арттыру    және өз елін сүюге тәрбиелеу.

   3. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы    оқушылардың  ойлау қабілеттерін   дамыту.

Сабақтың өтетін орыны:        Спорт зал  

Керекті құрал – жабдықтар:  Тоғызқұмалақ тақта.

Сабақ

бөлімі

Сабақ мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау  

Ұйымдастыру       нұсқау

 Кіріспе

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Сабақтың барысын айту.

Балаларды отырғызу

5 минут

Оқушыларды

 екі -екіден,

қарама- қарсы,

бір-біріне отырғызу,

тақта көрінетін болсын

Балалар тәртібін

сақтау.

 

            

Негізгі бөлім

Балаларды отырғызып болған соң өткен сабақты қайталау есебінде  тоғызқұмалақ тақтасының құрылысын және түрлерімен таныстырдым. Пайдаланған материалдарды көрсетіп болған соң,  оқушыларға жүріс жасау ережелерін өз қолдарындағы тақталарымен жұмыс жасауға шақырдым. Олар сабақты жақсы игергендерін көрсетіп, көп қателеспей жүрістерін жасады. 

      Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау “ашық отау“ деп аталады да, қарсылас бұл отаудан  құмалақ ала алатын болады.

      Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді.Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады.Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын,барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.

      Ал ойыншының қай-қайсысы болмасын,қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса, онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады.   Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.

 

Жүріс дәлдігі

Жүріс дәлдігі немесе айтқанда дәлдік ( атжетер ) деп, отаудың ішіндегі тастардың санына байланысты соңғы тастың дәл қай отауға түсетінін алдын ала анықтауды айтамыз.  Мысалы: № 3 отауда 4 тас жатса, оны көзбен таратқанда № 3, 4, 5, 6 отауларына түсетін болғандықтан, дәлдік 6 болады. Екінші жолмен анықтау үшін отаудың ішіндегі тас санына сол жақта орналасқан көрші отаудың номерін қосу арқылы дәлдік табамыз. Сондықтан алдыңғы мысалдағы дәлдік 4 +2 = 6 – ға тең екен. Отаудың саны бар болғаны 9 болғандықтан , қосуамалында қосынды 9 – дан асса, онда қарсыластың № 1 отауына 10 , № 2 отауына 11 құмалақ т.с.с. деп жалғастырып кете беруге болады.

          Алу амалын қолдану да оңай. Ол үшін отау ішіндегі тастар санынан, сол отауға қарсы жатқан қарсылас отауының номерін аламыз. Мысалы № 6 отауда 7 тас жатса, онда отаудағы тастар саны боп табылатын 7 – ден, қарсы жатқан отаудың номері 4- ті алып тастаймыз. Дәлдік 7 – 4 =3 болады. Көзбен тексерсек те осы нәтиже шығады.

        Енді тастардың саны 10 шамасында болса, яғни 5 – 15 арасында болған жағдайды қарастырсақ. 10 тасы бар отаудың дәлдігі қарсыластың дәл сондай номерлес ( аттас) отауында жатқаны, тақта бетінде анық көрініп – ақ тұр. Сондықтан, тастар саны 10 – нан қанша артық болса, сонша санды отау номеріне қосамыз. Егер кем болса, онда керісінше аламыз. Бір жақтағы отаудың ұзына бойынғы саны 10 тасқа есептелгендіктен, артық тас 10 тастың үстінде екінші қабатта жатады. Мысалы: 15 тастың 10 –ы астында ( бірінші қабатта ), ал қалған 5 тасы үстінде ( екінші  қабат та )жатып, қосатын тас саны анық көрініп тұрады. Кем тас саны да, көзге анық көрініп тұрады.    Мысалы: 7 тастың 3-і кем кем, 8 тастың2-сі кем, 6 тастың 4-і кем. т.с.с.

          Енді дәлдік тауып үйренейік. Мысалы:№ 4 отауда 13 тас жатса, 10 тастан 3 тас артық болғандықтан, отау номері 4-ке 3 санын қоссақ,  дәлдік 7 болады екен. Егер №5 отауда 8 тас жатса, дәлдік 5-2= 3 болады екен. Ал, алу амалын қолдансақ (қарсыластың қарсы отауы № 5 отау болғандықтан),  8-5= 3 тең.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
«Тоғызқұмалақ » ойыны
Фонетика
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар. Тоғызқұмалақ
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жылдық жоспары- 40 сағат
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері
Ұлттық ойын.«Қол күресі» ойыны
Тоғызқұмалақ
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 6255 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык