Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Фонетика



Сабақтың тақырыбы: Фонетика

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту . Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз елін, жерін сүюге, ұлттық өнерге тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ұлттық ойындарға байланысты  суреттер, видео материал, ұлттық ойындар жайлы кітаптар 
Сабақ жабдығы: Тақта, бор, компьютер, интерактивті тақта
Сабақ түрі: Қайталау, жинақтау сабағы
 Сабақ типі: Бекіту
Пәнаралық байланыс: Сурет, дене шынықтыру
Сабақтың әдісі: Тілдік талдау, тест жұмыстары, ойын элементтерін пайдалану, ой туғызу
Сабақта қолданылатын технология: Миға шабуыл
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
 
  - Сәлеметсіздер ме, балалар бүгінгі біздің сабағымыз ұлттық ойындар жайлы болмақ,сонымен қатар фонетикадан өткенді қайталау. 
Сабақ 6 кезеңнен тұрады.
І кезең «Шапшаңдық»
СӨЖ тапсырмасы бойынша фонетикадан өткен тақырыптарға сұрақтар қойылады. Тапсырма түсінікті болса, сабағымызды бастайық.
Сұрақтар:
1.Қазақ тіл білімінің зерттейтін  саласы ? 
2. Фонетика  салалары ? 
3. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
4. Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
5. Буын түрлерін атаңыздар.
6. Тасымал дегеніміз не?
7. Үндестік заңы дегеніміз не?
8. Орфография,орфоэпия дегеніміз не?
 - Өте жақсы, балалар. Сендердің фонетикадан алған білімдеріңді бекіту барысында диограмма көрсеткіші арқылы саралаймыз.
 
ІІ кезең: «Білгенге маржан»
Бұл кезеңде ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.Жауабын тауып толық түсінік береді. 
1)– ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ). АУДАРЫСПАҚ
Енді осы тойларда ойналатын ойындардың бірі ол-«аударыспақ» ойыны. Ол қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бір түрі. Ойын ережесі бойынша екі атты арасы 40-50 адымдай екі көмбеде тұрып ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін 1-1 не қарама-қарсы шаба жөнеледі. Екі аттының бірі аттың үстінен аударылып, түссе сол адам жеңілді деген сөз. 
2) - қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан). АЛТЫБАҚАН
Алтыбақан ойыны көбіне жазды күні ауылдың сыртында өтеді. Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей 6 салма мен жуандау бір бел ағаш және жуан ағаш керек. 3-3 тен алты ағаштың бір жақ басынан байлайды. Солай екеуін екі жерге тұрғызып, ортасынан көлденең бел ағашты жоғары қисайтып тұрғызып байлайды. Ортасынан бел ағаштың екі жағынан арқан байлайды. Содан соң алтыбақанды тебушілер отыратын, болмаса, аяғынан тұратын орындық ретінде көлденең тақтай кигізеді. Әдет бойынша алтыбақанды жұп болып қыз бен жігіт тебеді екен. Міне сол себепті алтыбақан аталған екен. 
3) - ертеден келе жатқан ойындардың бірі.  Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)
АРҚАН ТАРТЫС
Тағы да бір сондай ойындардың бірі ол «арқан тартысу». Бұл ойында екі топ адамдары бір-бірімен күш сынасады екен. Екі топқа адам тең бөлініп, ортаға сызық белгілеп, арқан тартысады. Арқанды өз өзіне тартып алған топ күшті, жігерлі топ болып саналады.
4)– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Женген женімпаз атанады. (қазақша күрес).
5)- ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады.  (ханталапай) Ханталапай
Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінен біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық “Хан” деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады. Егер хан бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып, бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. Асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал хан алшы түссе, балалар жарыса “Ханталапай” деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. Хан кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.
6)– шауып келе жатқан атың үстінен белгіленген затты дәл көздеп , атып түсіру. (жамбы ату)
7)- белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу) Теңге алу
 қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған.
Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.
Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Аңшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атаңып, жүлде алады.
Ойыншылар атқа кезек мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) кеп ойынға қатынаса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады.
Ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға болмайды.
8)-ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ). ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Келесі терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір қанбайтын, халық даналығынан шыққан ойындардың бірі –ол «тоғызқұмалақ» ойыны. Тоғызқұмалақ-қазақ халқының ертеден келе жатқан есеп ойыны. Өйткені бұл ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған. Бұл күндері тоғызқұмалақ ойыны арнаулы тақтада ойналады. Бұл тақтаның ойып жасалған он сегіз ұясы-шұңқыр бар. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бір қазаны болады. Отаулар тоғыз тоғыздан қарама-қарсы түске боялып қойылады. Мысалы, қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы құмалақтардың құмалақтардың барлығы да тоғыз-тоғыздан болады, яғни тақ сандар. Ойын осы тақ сандармен басталады. Ойыншы солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүреді. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азияда кеңнен тараған. Қазақ пен қырғыз мемлекеттерінде республикалық, халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі уақытты бұл ойын жақсы дамып келеді.
9)– қызықты ойындардың бірі. Қыз  бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады.(қыз қуу) Қыз қуу
 қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пеноның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.
  Алтыбақан, тоғызқұмалақ сөздеріне сатылай комплексті талдау жасау. 
- Ал, ендеше, балалар, осы ұлттық ойындарға байланысты видео материалды тамашалаңыздар. Осыған байланысты білімгерлердің пікірін сұрау. 
Видео материал көрсету.
Оқушылардан алған әсерлерін сұрау.
ІІІ кезең: «Білімді жүйелеу»
1)Тапсырма: Мәтінді оқып шығу. Мәтіннен  1-4 сөйлемдердегі буын түрлерін ажырату.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды ажырату.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, ақсүйек ,жамбы ату тағы да басқалар.  Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді.  Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындар  тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ата-бабамыздан  жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан  біз оларды білуіміз  керек. 
2) Тапсырма: Тек қана бір дауыссыздан басталатын сөздерден сөйлем құрастыр. 
1)Тапсырма:Мәтіндегі сөздерді жақтың қатысына қарай және еріннің, езудің қатысына қарай топтап жаз.
      Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссең, сөз жоқ жеңіске жетесіздер. Сіздің міне - қасиетіңізде адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты, жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіз.  (Қ. Сәтбаев)
2) Тапсырма: Төмендегі берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер. 
Тапсырма: Ақыл, кітап, ойлы, ауыл сөздеріне фонетикалық талдау жасау. 
ІV кезең: Сергіту сәті «Сақина салу» ойыны»  (Өнер сайысы) 
Мұғалім ортаға шығып, алақанын қапсыра, қолын созып отырған оқушыларға сақинаны тастай бастайды. Сақинаны кімге тастайтыны  мұғалімнің өз еркінде, әйтеуір кімнің алақанына салып жібергенін білдіртпеуі керек . Сақинаны алған оқушы білдірмеуге тырысады. Сөйтіп сыныптаға отырған барлық оқушыларға тастап шығады. Сақинаны тастап болған соң қайтадан ортаға келіп «сақинамды бер» - деп дауыстайды. Осы сәтте сақинаны алған оқушы «менде» деп орнынан тұруы керек. Ал әрбір оқушының міндеті жанында отырған көршісі үшін жауап береді. Егер сақинана алған оқушы орнынан тұрып кетсе, жазаны көршісі тартады, ол тұра алмай қалса, сөз жоқ, жазаны өзі тартады. Оның жазасы көпшіліктің ұйғаруымен өлең айту, би билеу, домбыра тарту, әйтеуір өнер көрсету.
Жазаны орындағаннан кейін мұғалім орнына келіп, ойынды қайта бастайды. Ойын осылайша қайталана береді. 
Vкезең: «ҚАЗАҚША КҮРЕС» Бұл жерде екі топ берілген мақал-мәтелдерді екі бағанаға ажыратады.
 
1. Күшіне сенбе,
Адал ісіңе сен.(мақал)
2.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.(мақал)
3.Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.(мақал)
4.Жері байдың,
Елі бай. (мақал)
5. Еңбек ет те,
Міндет ет. (Мәтел)
6.Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.(мақал)
    7.Отансыз адам,Ормансыз        бұлбұл.(мақал)
8.Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.(мақал)
9.Оқу–білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.(мақал)
10.Арпа, бидай –ас екен,
Алтын,күміс –тас екен.(Мәтел)
11.Айдағаны бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (Мәтел) 
12. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. (мақал)
 
 
VІ кезең: Білімді жинақтау
 
1. Еріндік,езулік дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз
а) Құлын
в) Сараң
с) Еркін
д) күндүз
е) кемеңгер
2. Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.
а) футбол;
в) бәйге;
с) тенис;
д) волейбол
е) баскетбол
3. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады.Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.
а) бәйге
в) алтыбақан
с) арқан тарту
д) тоғызқұмалақ
е) қыз қуу
4. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.
а) біріңғай
в) Бегарыс 
с) Жаңғожа
д) бұлұттұ
е) Жанпейіс
5. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз. 
а) жазылған
в) еңбекқор
с) қуаныш
д) бейбітшілік
е) хайуан
6.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз
а) Мен жастық шағымды сағындым.
в) Ол есіктен сыртқа шықты.
с) Мен тапсырманы түсіндіріп болдым.
д) Пышақтың ұшы майысып қалыпты.
е) Дауыл басылды.
7. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар ?
а) ата.
в) жәрмеңке.
с) бәтеңке.
д) шемішке.
е) дауылпаз.
8. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
а) тасымал
в) буын
с) әріп
д) дыбыс
е) екпін
9. Жуан дыбысты сөзді көрсетіңіз
а) әдебиет.
в) дәстүр.
с) асхана.
д) шешен
е) өнерпаз
10.Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.
а) жамбы ату
в) арқан тарту
с) аударыспақ
д) тоғызқұмалақ
е) асық
11.Тек ұяң дыбыстан тұрған сөзді табыңыз
а) айналмалы
в) тасқын
с) жазғытұрым
д) ұзағырақ
е) жұғады
12. Тек кірме сөзде келетін дыбыстар
а) щ,х,һ,й
в) в,ф,ч,ц
с) б,д,г,ы
д) о,а,с,ю
е) я,ь.ъ,ю
 
Бағалау критерийлері
0-2 – «2»
2-5 – «3»
5-8 – «4»
1-9 – «5»
1. СӨЖ жұмысы:
«Әр ұлттың қазақ тіліне деген көзқарасы” шығарма
2. Бағалау
Сабақтың нәтежиесі: Оқушылар жаңа тақырып бойынша сабаққа белсене қатысып, берілген тапсырманың бәрін біріге, бірлесе ат салыса отырып орындады. Оқушылардың   сабаққа деген қызығушылықтары артты деп ойлаймын. Міне, сабақ кезінде осындай тиімді нәрселерді насихаттау оқушылардың сабақтан алған білімін шыңдайды, оқушының сөйлеу тілін дамытып, өмірден көп нәрсені түйіп  өсулеріне әсер етеді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды өз бойына сіңіреді.Сабақ бойынша алдыма қойған мақсатыма, яғни  оқушылардың қазақ тілі пәні тұрғысынан грамматикалық білімдерін арттырып, нығайтып, сөздік қоры мен тіл байлықтарын арттырып, өз міндетімді атқардым деп ойлаймын.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Баяндауыш.
«Тоғызқұмалақ » ойыны
Негізгі және туынды зат есім.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Ұлттық cпорт түрлері
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызы
Ұлттық ойындар
Зат есімнің тәуелденуі 3сынып қазақ тілі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5125 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык