Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орта Азия халықтарының музыкасы.


Орта Азия халықтарының музыкасы.

Орта  Азия   халықтарының  музыкасы.

Cабақтың     тақырыбы:  Орта  Азия   халықтарының  музыкасы.

Сабақтың      мақсаты:     1. Оқушылардың  білімін кеңейту.

                                               2.  Музыкалық   дүниетанымын  дамыту.

                                               3.  Білікті  оқушыны анықтау.

Пайданылған  көрнекіліктер: түркмен, тәжік, қырғыз  халықтарының

аспаптары,   ионика аспабы, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: Өткенді қайталау, пысықтау. Орта Азия халық-

тарының   музыкасы қазақ халық  музыкасына  ұқсас келеді. Орта Азия халықтарына  қандай  ұлт өкілдері жатады деп ойлайсыңдар?

Сынып  2 топқа бөлінген: 1 топ-  «Кепшік» тобы,  2 топ- «Шыңдауыл»

тобы.   Орта Азияда тұратын қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік халықтарының тілдері, діни наным-сенімдері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары бір-біріне өте жақын болып келеді. Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында көптеген ұқсастық бар. Сендердің Орта

Азия халықтарының  музыкасын , аспаптарын қалай  ажырататыңыз-

ды  ойын арқылы тексеремін.

«Қай елдің  аспабы  екенін  тауып ал  және  оны ата» атты ойын  жүргізіледі. Оқушылардан  « әділқазылар алқасы» сайланады. Ортаға

Мұхамедали, Ербол, Лаура  шығып, білімді оқушыны анықтайды.Сары жалауша- дұрыс жауап болып есептеледі, жасыл жалауша -  жауабы дұрыс емес. Дұрыс жауап -10 ұпай, жауабы дұрыс емес- 0 ұпай.

Тақтада көрсетіледі: 1. Өзбек халқының аспабы- сурнай

                                       2. Түркмен халқының аспабы- гиджак

                                        3. Қырғыздың  халық аспабы – қомуз

                                        4. Тәжік халқының аспабы – дутар

                                        5. Тәжік   халқының  аспабы- рубаб

                                        6.  Қырғыздың  халық аспабы- темір қомыз, шоор.

                                         7. Түркмен  халқының  аспабы – тюйдук

                                         8.  Өзбек  халқының  аспабы-  сибизик

 

 

Тест  сұрақтарымен  жұмыстану.

 

1  топ- «Кепшік»  тобы

1. Тәжік  халқының  музыкалық  аспабын ата:

а) рубаб

ә) цимбала

б) тюйдук

в) балабан

2. Өзбек халқының музыкалық аспабын тап:

а) қомуз

ә) сырнай

б) гиджак

в) цинцили

3. Қай халықта тақырыптық ән жанры дамыған?

а) қырғыз

ә)  тәжік

б)  башқұрт

в)  татар

4. Түркмен халық музыкасында қандай музыкалық жанр дамыған?

а) балет

ә)  опера

б)  вокалды  би жанры

в)  хор

5.  Тәжік музыкасында көп тараған  қандай жанр?

 а)  махаббат тақырыбындағы лирикалық әндер

 ә)   тұрмыстық  әндер

 б)    тарихи          әндер

 в)     әпикалық    әндер

 

  1. топ- « Шыңдауыл»  тобы
  1. Өзбек  халқының  фольклорында  ауызша дәстүрлі өнер қалай

 аталады?

 а) газель

 ә)  макомдар

 б)  айтыс

 в)  жыр

2.  Тәжік  халқының  музыкалық  аспабын   ата:

 а)  таблак

 ә)   дойра

 б)   гопуз

 в)   нагара

 3.  Түрікмен  халқының би үлгісі  қалай аталады?

 а)   павана

 ә)    пулитдепме

 б)    чардаш

 в)    әкосез

  4.   Қырғыз  халқының  музыкалық  аспабын ата:

   а)  қыл қияқ

    ә)  кошнай

    б)   сетор

     в)  пангар

   5.  Қырғыздың  халық  аспаптары  қанша дауысты болып келеді?

    а)  2-3

     ә)  3-4

     б)  1

в)  4-5

 

Вокалды жаттығу  орындалады « Нота  үйренеміз».

«Құт  қонған Қарағия»  әні үйретіледі. «Қазақстан»  әні орындалады.

Түгел  сыныппен  ойын  жүргізіледі:  Қай елдің  музыкасы  екенін  тап?

  Музыкалық  сауат:  2  октаваның  ноталарын  жазып көрсету.

  Сабақты қорытындылау. Білікті оқушыны анықтау. Үй  тапсырмасы 

  беріледі.   Қырғыздың    «Жылкычи»   әні    орындалады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ойындар сайыс сабағы.
Музыка әлемнің рухани елшісі. Орта Азия халықтарының музыкасы.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың халық музыкасы.
Кавказ халқының музыкасы.
Қазақтың халық музыкасы
Домбыра аспабы
Ашық сабақ «Ахмет Жұбановатың шығармашылығы»
«Ахмет Жұбановтың шығармашылығы» ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 4298 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык