Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кавказ халқының музыкасы.


Кавказ халқының музыкасы.

Кавказ халқының музыкасы.

Cабақтың тақырыбы: Кавказ халқының музыкасы.

 

Сабақтың мақсаты: 1) Кавказ халқының мзыкасы туралы түсінік беру, және халық аспаптарымен композитор А.И.Хачатурянмен таныстыр.

 

                                2) Оқушылардың тыңдаушылық , орындаушылық қабілетін дамыту.

                                3) Кавказ халқының музыкасын құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, дайындалған слайдтар, флипчарт, магнитофон.

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасы: Петр Ильич Чайковскийдің  шығармашылығы туралы түсінік айту.

  1. Біздің елімізде қандай ұлттар  тұрады? (360-дай ұлттар тұрады)
  2. Қазақстан қай мемлекеттермен шекаралас? (Ресей, Қырғызстан)
  3. Орыс халқының қандай әндерін білесіңдер? (Камаринская, Веснянка).
  4. Л.В.Бетховен қай жерде дүниеге келген? (Германияның Бонн қаласы).
  5. Л.В.Бетховен неше жасынан бастап музыка жазды? (11-12 жастан).
  6. Вариация дегеніміз не? (Музыкалық шығарма тақырыбы екпін, ырғақарқылы өзгеруі).
  7. П.И.Чайковский нені ерекше жақсы көрді? (табиғатта серуендеуді).
  8. Пьеса дегеніміз не? (шағын музыкалық шығарма).
  9. Дауысы өте жеңішке, нәзік, ашық, үрмелі, музыкалық ағаш аспап қалай аталады?(флейта).

                               

Сөзжұмбақ «Камаринская».

1.Кілем            6.Көз                    11. Ине                                           16.Алқа

2.Ай                 7.Айна                 12. Алма                                          17. Мал

3.Нан                8.Наурыз            13. Машина                                    18.Айран

4.Сабын            9.Кесе                 14. Марал                                       19. Айдар

5.Роза               10. Рахым            15. Яхия

ІІІ. Жаңа сабақ: Кавказ халықтарының музыкасы.

Кавказ халықтары музыкасы  мен  музыкалық  аспаптарын  әзірбайжан, грузин, армиян, халықтарының музыкасы арқылы қарастырамыз. Әзірбайжан, грузин , армиян халықтарының музыка мәдениетінде көптеген ұқсастықтар да , өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Ал әзірбайжан, армиян музыка аспаптарының Орта Азия  халықтары  музыка аспаптары атауларымен жанасып келетін тұстары да кездеседі. Оның себебі әзірбайжан –түркі тілдес ел, ал армияндар ежелгі Алдыңғы және Кіші Азия мәдениетімен тығыз байланыста болған.

Ұлттық киімдері туралы мәлімет:

1-ші оқушы: ер адамның киімі туралы айтады.

2-ші оқушы: әйел адамдардың киімі туралы айтады. (суреттері ).

Әзірбайжан халқы-өте өнерлі халық. Әндері әсем сазды. Негізінен олар бір дауыспен айтады. әуенін нақышпен, әсерлей отырып , түрлі бояулармен орындайды. Әнді бұлай орындау әркімнің қолынан келе бермейді. Әзірбайжан халқы әншілерін ашуг деп атайды. Ашуг-ақын , композитор, орындаушы. Ол әннің сөзін, әнін шығарады, билеп жүріп, аспаппен орындайды. Аспабы саз деп аталады.

Армиянның халық әні немесе әзірбайжан әні секілді бір дауысты болып келеді. Армиян халқы өзінің әнші-композиторларын гусан деп , ал халық аспабын зурна деп атайды. Зурна аспабының дауысы ашық, қаттылау келеді. Бұл аспап Кавказ халықтарының арасына кең тараған.

 

Армиян халқының композиторы Арам  Ильич Хачатурян

 

Тбилиси  қаласына жақын                               Композитор, дерижор , ұстаз-педагог

 

 
   

 Жерде дүниеге келген

                                               Арам  Ильич Хачатурян

                                                        (1903-1978)

Мәскеу консерваториясының                                                  «Гаянэ», Спартак балеттері

Грузин халқының музыкасы әзірбайжан мен армиян халықтарының музыкасын ерекшелеу. Ежелден бері грузин музыкасы көп дауысты болып қалыптасқан. Хор музыкасы тек бірыңғай ерлердің немесе бірыңғай әйелдердің орындауында айтылады. Аралас хор болмаған .Әдетте грузин әні үш дауысқа бөлініп айтылады. Негізгі әуенді ортаңғы дауыс, кейде жоғарғы дауыс орындайды. Халық аспаптары 3 ішекті пандури және 4 ішекті гонгури деп аталады.

 Грузин халқының «Лезгинка» биі көпшілікке таныс.

«Лезгинка» биі (видеокөрсетілім).

ІV. Дауыс жаттықтыру: «Нота үйренеміз » әні

Күй сандықты алайық

До, до, до

Жайлап әнге салайық

До, до, до

                                          Қайырмасы:

                       До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

                      До , си, ля, соль, фа, ми, ре, до

Шалқып шығар сонда күй,

 До, до, до

Бәрі до-дон басталар,

До, до, до

До-ны қоштар басқалар,

До,до,до

До-ны қоштар басқалар

До, до, до.

                                        Қайырмасы:

 

                            До, ре, ми, фа ,соль, ля, си, до

       

                            До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

 

V. Әзірбайжан халқының балаларға арналған әндері көп. Соның бірі «Шөжелерім» әні.

 

«Шөжелерім» әнін үйрену.

 Сөзін жазған: Т.Мұталибов

 Әнін жазған: Г.Гусейнли

Аударған: М.Әлімбаев.

1) Ән не туралы?

2) Әуені тез бе әлде жай ма?

«Шөжелерім» әнін әзірбайжан тілінде тыңда.

 

VI. Музыкалық сауат: Ребус «7 дыбыс».

VII. Бекіту:

Г.Гусенли «Шөжелерім»         «Спартак»» Гаянэ»              Әнші-композитор-Гусан

Композиторы ашуч                                       д                           Әндері көпдауысты

  

   «Лезгинка»                                                                                 Аспабы-пандури, чонгури

     

  1. Бүгінгі әннің музыкасын жазған композиторды ата.
  2. Әзірбайжан халқы композиторларын кім деп атайды?     
  3. Хачатурянның  балеттерін ата.
  4. Армиян халқы әнші –композиторларын кім деп атайды?
  5. Грузин халқының биін ата.
  6. Грузин халқының   аспаптарын ата.
  7. Әндері бір дауысты ма, көп дауысты ма?

 

Үйге тапсырма:   түсінік айту және буклет жасап келу.

Бағалау: Бүтін нота – «5»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орта Азия халықтарының музыкасы.
Оркестр құрамындағы аспаптар.
Халық әні және опера
Музыка әлемнің рухани елшісі. Орта Азия халықтарының музыкасы.
Қазақтың халық музыкасы.
Қазақтың халық музыкасы
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Ашық сабақ «Ахмет Жұбановатың шығармашылығы»
«Ахмет Жұбановтың шығармашылығы» ашық сабақ
Римский-Корсаков. Ақшақар операсы
Бөлім: Уроки / Музыка | Көрсетілім: 7772 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык