Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы


Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Тақырыбы: Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Есептер шығару.
Мақсаты: 1) Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күшінің тәуелсіздігін анықтай білуі.
2) Оқушылардың ой-өрісін, қияларын, еркін сөйлеуін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа материалдарды меңгеру сабағы
Әдіс-тәсілі: Өз бетімен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Математика
Көрнекілігі: амперметр, вольтметр,ток көзі, кілт, резистрлер, шам, жалғағыш сымдар, Омның суреті, слайд.
Сабақ жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың формасына, құрал-жабдықтарының дайын болуына көңіл аудару,түгендеу кезекші арқылы.
Ә) Сабақтың мақсатымен, міндеімен, сабақ өткізу алгоритмімен таныстыру.
II. Оқушының білімін жан-жақты тексеру кезеңі.
А) Токтың жұмысы дегеніміз не?Оны қандай әріппен белгілейді? Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын айтады. «А»белгілейді.
Ә) Электр кернеуі деп нені атайды? Қандай әріппен белгілейді? Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бөлігінің орын ауыстыруы үшін токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шаманы осы бөліктің электр кереуі деп атайды.
Б) Кернеуді қандай құралмен өлшейді? Вольтметрмен
Оның неше полюсі бар? 2 оң және теріс
В) Электр тізбегіне вольтметр қалай жалғанады? Параллель
Г) Вольтметрдің шартты белгісі қандай? V
Д) Кернеудің негізгі формуласы қандай? U=A/q
Кернеудің өлшем бірлігі қандай? Вольт
Е) Электр тізбігі қандай бөліктерден тұрады?
Ішкі:ток көзі
Сыртқы: барлық қалған бөлігі
Ж) Слайдқа шартты белгілерді шығарып қойып,сұрау.
III.Жаңа материалды түсіндіу кезеңі.
Біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке-жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы байланыстарды анықтап,Ом заңымен танысу ,есептер шығара білу.
Тақырыбы:Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
1) Мына суреттегі құралдады атаңдар.1 және 2 нөміріндегі құралдарды ата,неге олай ойлайсың?
2) Өткізгіштегі кедергі өзгермесе,онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?
R-const I~U-тура пропорционал.
Ток күшінің кернеуге тәуелсіздігін көрсететін математикалық өрнегі былай жазамыз. I~U/R,мұндағы R-кедергі.
3) Эксперимент арқылы қандай график алуға болады.Бұл графикті Вольт-Амперлік сипаттамасы деп атайды.
4)Ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырсақ,реостат арқылы тізбектегіток күшінің өзгеруін бақыласақ.U=cons кезде.
Оқушы: I артқан сайын кедергі азаяды.
Кернеу күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Ом ашқан.Ол туралы реферат.
Осы 2 қорытындыдан формула құрастырайық.
R=consb=>I~U
U=cons=>I~1/R=>I=U/R болады,бұл формула Ом заңы деп аталады.
Ом заңының тұжырымдамасы:Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура, өткізігштің кедергісіне кері пропорционал болады.
Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз?
U=I*R [R]=[1B/A]=[10м]
R=U/I
Кедергіні өлшейтін құралдар: Резистор(кедергі), реостат.
IV.Бекіту кезеңі.
Слайдтан суретте А және В өткізгіштеріндегі ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. График бойынша қай өткізгіштің кедергісі үлкен?
(В өткізгіштің кедергісі көп)
Қорытынды: Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеу 2 өткізгіштеде 6В, ал ток күші В өткізгішінде 1А, А өткізгішінде 3А ге тең.
V. Есептер шығару кезеңі.
№18(1);№18 (3);№18(5);№532;№537.
VI. Қорытындылау, бағалау.
VII.Үйге:№18(7),139 бет; №5535.78 бет есептер жинағы.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 8271 | Қосты: Бажигалиева Жайнагуль Сайлауовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык