Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау


Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тұрақты ток заңдарын білу,білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, көрнекілеу, тәжиребелік, бағалау.

Пәнаралық байланыс: информатика, математика,сызу.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: компьютер, тапсырмалар, бағалау парағы, электр шамдары, кілт, батарея, бүктеме қағаз, үлестірме қағаз, кодоскоп, экран, тақта, реостаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көніл-күйін байқау

2) сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу

3) сабаққа қатысуын қадағалау, сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

Миға шабуыл: Сыныпты екі топқа бөліп, топпен жұмыс жүргізу. Компьютер-мен жұмыс жасау.

1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 12 В, ал оның кедергісі 6 Ом, ток күші неге тең?I=

2. Егер 20 с ішінде 12 Ом кедергі арқылы 6 Кл заряд өтетін болса, кедергідегі кернеуді табыңдар?I===0,3А, U=IR=0,3·12=3,6 В

3. Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом, егер электр бұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс? I=U=IR=20·19=380 В

4. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?R===20 Ом

Сабақты бекіту

Карточкамен жұмыс

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Өткізгіштік ток дегеніміз не?

3. Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары қандай?

4. Ток күші дегеніміз не?

5. Ток тығыздығы дегеніміз не?

6. Электр кернеуі дегеніміз не?

7. Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?

8. Вольтамперлік сипаттама деп не айтылады?

9. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не?

10. Ток күшінің кернеуімен кедергіге тәуелділік заңын ашқан қай ғалым?

Блок схема

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ( Тірек конспект, кодоскоп арқылы)

1. Тұрмыста және техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, тұтынушылар, электрқозғалтқыштары т.б. қолданылады.

Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар

1) тізбектей жалғау схемасы

1. I=I1=I2=...=In3. R=R1 + R2 + ... + Rn

2. U=U1 + U2 + ... + Un4. U1:U2:...:Un=R:R: ... :Rn

Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:

1) барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей;

2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;

3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі кернеу түсі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.

2) параллель жалғау схемасы

1. U = U1 = U2 = ... = U.3.  =  +  + ... +  .

2. I = I+ I+ ... + In.                     4. I: I: ... : I=  :  : ... :  .

Қорыта айтсақ өткізгіштерді параллель қосқанда:

1) әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;

2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші өткізгіштердегі токтардың қосындысына тең;

3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамалары-ның қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілері-нің шамаларының қатынасына тең.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электр желдеткіш, аспаптар, музыкалық центрлерде қолданылады.

ІV. Сынып жұмысы

1. Диалог.

2. Бетпе-бет: «Сен маған, мен саған» екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

- өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?

- өткізгіштерді параллель қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?

- тізбектің учаскесі үшін Ом заңы қандай?

- өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі?

3. Кім шапшаң? Әр топқа құрылғылар беріледі де, сызба бойынша екі топ тізбек құрастырады.

4. Деңгейлік есептер шығару.

а) Егер R=120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, R= 80 Ом кедергі арқылы өтіп жатқан токты табу керек.

Берілгені:  Шешуі:

R=120 Ом    I1R= I2R2

I= 6 А     R1          R2

R2 = 80 Ом

I2 =  = =9 А

т/к: I-?

б) Ом резисторларды АВ нүктелерінде ток көзіне қосқандағы олардың жалпы кедергісі қандай?

V. Жаңа сабақты бекіту. Сабақты топтастыру стратегиясы әдісімен қоры-тындылау.

I = I= I= ... = In

U = U1 + U2 + ... + Un

R = R1 + R2 + ... + Rn

Топтастыру стратегиясы Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі.

Сабақты оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.

«Ой қозғау» Венн диаграммасы.

Үйге тапсырма: §9.4. оқу, 18 жаттығу (1,2).

Оқушы білімін бағалау. Топ басшылары «Бағалау парағы» арқылы тобын-дағы әр оқушының жауабына қарай бағаны өздері қояды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Өткізгіштерді тізбектей және пареллель жалғау
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау.
Электр тогы
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 15186 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык