Әубәкірова Әлия Райымханқызы
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Педагогика пәні оқытушысы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы негізінде
педагогика пәнінің «Дидактика» бөлімінің
«Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері, қозғаушы күштері» тарауын оқыту
Сабақ тақырыбы: «Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері, қозғаушы күштері. Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің құрамды бөліктері».
Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы
Мақсаты:
- оқыту процесінің қозғаушы күштері мен негізгі құрамды бөліктеріне сай және оқыту процесін ұйымдастыра алу дағдыларын қалыптастыру;
- оқу сабақтарын құруда білім беру, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін нақты айқындап, жоспарлай алу іскерліктерін дамыту;
- оқыту түрлері негізінде оқу сабақтарын түрлендіре алу іскерліктерін дамыту ;
- оқушылардың білімді ұғыну сатыларын ескере отыра оқыту процесін ұйымдастыра алу іскерліктерін дамыту;
Көрнекілігі:интерактивті тақта, ойын аттары және ережелері жазылған қима беттер, «Дидактиканың» дамуына үлес қосқан педагогтардың ой-пікірлері жазылған бейне үзіктер, тапсырмалар, блиц- турнир сұрақтары
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин.) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Топ оқушылары арасынан: сарапшы, сыншы, қорғаушы сайланады. Олар әр ойын қорытындысын шығарып бағалап отырады.
ІІ. Білімді бекіту жұмыстары.
ЖОСПАР:
1.Өзара оқыту сабағы- 25 минут
2. «Мені түсін» ойыны - 20 минут
3.«Ең қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны 12 минут
4.«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны - 12минут
5.Блиц- турнир - 8 минут
ІІІ. Бағалау.-5 минут
ІУ. Рефлексия -5 минут
У. Үйге тапсырма.-3 минут
І) Жұптық жұмыс. Өзара оқыту сабағы - 25 минут
Тақырып: «Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері»
Ойын барысы:
1 -тапсырма Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.
1. Әрбір оқушы тапсырма алады: «Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері» тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис- конспект немесе жоспар-конспект құру. Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмасы бар (1-нұсқа немесе 2-нұсқа) Дайындалуға 10 минут беріледі.
2. Дайындалған соң оқушы конспектісін пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне 3 минут ішінде айтып береді, яғни «мұғалім» рөлінде болады, ал оқушы (2-нұсқа) оны тыңдайды.
3. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
4. Енді рольдерімен ауысады.
5. Тапсырмалары бар парақтар таратылады немесе тапсырмалар интерактивті тақтаға жазылады. Оқушылар таңдаған (1-нұсқа немесе 2-нұсқа) материалдары бойынша тапсырмаларды (жазбаша немесе ауызша) орындайды.
6. Бірін- бірі тексереді. Тапсырма тексерілгеннен кейін, «оқушы» мен «оқытқан мұғалімге» түрлі –түсті бағалау жетондары беріледі немесе бағалау парақтарына баға қойылады.
6.Ойын соңында сарапшылар қорытынды шығарады. Баға жетондардың түсіне қарай қойылады.
ІІ) Топтық жұмыс. «МЕНІ ТҮСІН» оқыта үйрету ойыны - 20 минут.
Тақырып: Дидактиканың даму тарихы.(Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.песталоцци, К.Д.Ушинский, В.А. Сухомлинский) Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар. (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов)
Ойынның шарты:
Әр топтан бiр-бiр оқушы шығып, ортада тұрған үстелге барып отырады. Оларға берiлетiн шарт төмендегiдей:
а) интерактивті тақтадағы ұяшықтарда тапсырма ретiнде дидактиканың негізін қалаушы бір педагогтың шығармасындағы педагогикалық ой-пікірлерінен үзінді негізгі кілт сөздер арқылы тапсырмалар жасырылып тұрады, ұяшықтар ойыншылардың таңдаулары бойынша ашылып, тапсырма «жұмбақталып» айтылып, түсіндіріледі, қарсылас оқушылар бұл қай педагогтың ой-пікірі және еңбегі екенін анықтап, ойды жалғастыруы керек.
Дұрыс жауап - 3 ұпай, толық емес жауап - 1 ұпаймен бағаланады.
ә) қай топ оқушысы бірінші болып тапсырмаға жауап берсе, сол топ 2-шi тапсырманы қарсыластарына «жұмбақтап» оқу мүмкіндігін алады, оны қарсылас топтағы оқушылар шешулерi қажет.
Ойында қай топ оқушылары тез жауап беріп, көбірек ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Әр топқа кемінде үш-төрт тапсырмадан беріледі.
Осы ойын барысындағы сөздер қайталанбаулары керек. Ойынды бақылап отыруы үшiн 3 бақылаушы тағайындалады. Осы ойынның 3 (үш) шартын дұрыс және толық орындаған топ жеңiске жетедi.
Жеңген топ оқушыларының iшiндегi «Ең білгір!», «Ең тапқыр» жүйрiктi анықтау мақсатында осы модульда өтiлген Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушы педагогтардың шығармаларынан үзiндi оқылады, ол дұрыс жауабын табады. Дұрыс тапқан оқушы «Топ жеңiмпазы» атағын алады.
- Ойын соңында сарапшылар қорытынды шығарып, бағалайды.
ІІІ. Жекелей жұмыс. «Ең қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны- 12 минут.
Тақырып: «Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің құрамды бөліктері»
1 бөлім. Оқушылар «Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің құрамды бөліктері» тақырыптары бойынша мәтінді жылдам және мұқият оқып шығып, мәтін бойынша сұрақтар құрады. Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді. (уақыт-5 минут)
2 бөлім. Оқушылар кезегімен басқаларына құраған сұрақтарын қояды, ал олар қысқа жауап береді.Жауап берушіні жүргізуші көрсетеді. Кім ең көп сұрақ қойып, жауап берсе, сол ең «Қазымыр оқушы» болады. (7 минут уақыт беріледі)
ІУ. Топтық жұмыс. «Мәтін бөліктері» ойыны -12 минут.
Тақырып: «Оқушылардың білімді ұғыну сатылары», «Оқыту түрлері»
Оқушылар әр топта 5-ке бөлінеді:1 оқушы-«кіріспе», 2 оқушы-«негізгі ой», 3 оқушы- «қорытынды», 4 оқушы-«толықтыру», 5 оқушы-«сарапшы». Топ оқушылары мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен 1, 2, 3 оқушыдан бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір оқушыдан кейін сөз ала алады. «Сарапшылар» әр топтағы әр оқушы жауабын бағалау парақтарына сараптайды және қай топ тақырыпты нақты толық айтқанын анықтап бағалайды. Әр топқа бірдей немесе әртүрлі тақырып беруге болады. Топтар бір уақытта жұмыс істейді (1 нұсқа) немесе кезектесіп те жауап берулеріне болады. (2-нұсқа)
У. «Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері» тақырыбы бойынша
блиц- турнир сұрақтары -10 минут
1-нұсқа
1. Білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы – дидактика
2. Оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелерін зерттеу - дидактиканың пәні
3. Білім мазмұнын, оқыту әдістерін, және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан
негіздеу – дидактиканың міндеті
4. Оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу мен дамыту мақсатына бағытталған алдын- ала
жоспарланған іс- әрекет - оқыту
5. Мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген,
бірлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру –
оқыту
6. Оқудың мақсаттарын іске асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, білімді түсіндіоу және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етуші педагогтың реттестірілген іс-әрекеті – оқыту
7.Мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекеті - оқыту процесі
8.Мақсат,принциптер, мазмұн, әдістер, құралдар, түрлер - педагогикалық құрылым
9.Ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі - мақсат
10.Адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі – білім
11.Аса жоғары дәрежеде жетіліп, автоматтық күйге түскен ептіліктер - дағды
12.Мәселелі (проблемалы) оқу – оқушы білімді сабақ материалына байланысты мәселелерді өзбетінше, дербес шешу жолымен жинақтайды. Шәкірттің шығармашылық ой-өрісі мен танымдық белсенділігіне үлкен мән беріледі.
13.Дәстүрлі, түсіндірме-көрнекі оқу –1. материалды бала санасына жеткізу сөз бен көрнекі құралдардың байланысы негізінде орындалады; 2. оқушылардың жетекші оқу әрекеттері – тыңдау және есте қалдыру; 3. басты талап - өткенді қалтқысыз жаңғырту.
ІІ- нұсқа
1.Қандай да бір іс әрекетті жасау негізі - білім
1. Игерілген білімдерді тәжірибеде қолдану тәсілдерін (жолдарын, әрекет түрлерін) иелеу- іскерлік
2. Іс әрекеттің автоматтандырылған бөлігі - дағды
3. Табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу - білім беру
4. Әрекеттің себебін,оны неге жасау керектігін анықтау – түрткі
5. Адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында
бейнелену процесі - қабылдау
6. Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі- қызығу
7. Саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу,фактілерді жинақтау
процесі,қорытынды шығару - ұғыну
8. Оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс - тәсілі - бекіту
9. Оқытудың нәтижесі болатын білім, іскерлік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы - оқыту мазмұны
10. Оқу үдерісінде шәкірт игеруі қажет ғылыми білімдер, ептіліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау тәсілдерінің біртұтас жүйесі- мазмұн.
12.Оқу түрі (тип) - оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жалпы әдіс-тәсілдері (способы):
1. мұғалім әрекетінің сипаты; 2. оқушылардағы білім игерудің ерекшеліктері; 3. білімді
тәжірибеде қолданудың өзіндік пайымы (специфика). Оқыту құралдары білім алу,
іскерлікті жасау көзі.
13.Жаттанды оқу – болмыс деректері мен құбылыстарын, олар арасындағы байланыстарды бір қалыпты, бұлжымас заңдылықтарға (догмаларға) негізделген тұжырымдар ретінде қабылдауға баулу үрдісі. Мұғалім білім тобын дайын күйінде, түсіндірместен ұсынады. Оқушы оны сол күйінде жаттайды және қалтқысыз қайта айтып береді. Тәжірибелік қолдану қажет емес.
ІІІ. Ойынды қорытындылау. Бағалау.
ІУ. Рефлексия.
У. Үйге тапсырма.
Әдебиеттер:
1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары
2.Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991 ж.
3.Қоянбаев Р. Білім беру және оқыту теориясы. А.1990 ж.
4.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А.1976 ж.
5.Ш.Х.Құрманалина , Б.Ж. Мұқанова , Ә.У.Ғалымова, Р.К. Ильясова.
Педагогика:оқулық. Астана, 2007ж.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9861 |
|
|
|
«Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері, қозғаушы күштері. Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің құрамды бөліктері».

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |