Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру


Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру

Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бір қатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылыми негізінен берілетін білімді қайта жаңғырту болып табылады. 
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. 
Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдау ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. 
Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу керек. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып оқушыларға анкета сұрағын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек. 
Оқу процесінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Оқушының қандай тапсырманы алуына шек келтірмейді. 
Оқушылар өзінің тапсырманы алу позициясын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді. 
Сұрақ: Не себептен бұл тапсырманы таңдап алдың?
1. Өзімді сынағым келді.
2. Пән бойынша өз мүмкіншілігімді білгім келді.
3. Пәнге деген қызығушылық.
4. Осы ғылым саласында көбірек білгім келеді.
5. Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.
6. Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін. 
7. Оқу жеңіл.
8. Қиыншылықты жеңгім келеді.
9. Мұғалімге ұнау.
10. Көп білетін білімді адам болу.
11. Өз бетімен өмір сүруге дайын болу.
12. Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу. 
Оқуды негізгі қажеттілік деп санайтын оқушылар төмендегідей бағыттар бойынша топталады: 
1. Танымдылық;
2. Өзін-өзі айқындау;
3. Өзін-өзі дамыту.
Оқушылардың бір деңгейден екінші деңгейге өту кезінде өзін-өзі бағалау кестесі. 
1. Нені жақсы меңгердім.
2. Неден қиналамын.
3. Қай тақырап ең қызық.
4. Өзімді қалай бағалаймын.
5. Алдымдағы жоспар.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар: деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту технологиясы және т.б.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерінің көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезең – бұл кезеңде мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекетімен таныстырады. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.
Екінші кезең – бұл кезеңде мұғалім әртүрлі әдіс – тәсілдерді көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. 
Үшінші  кезең – бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. 
Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. 
Төртінші кезең – бұл кезеңде оқушы жұмысы шығармашылық ізденпаздық мағына алады. 
Мұнда оқушының танымдық қызығушылығы, қажеттілігі, кәсіби бағдары ескеріліп, таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық ізденістеріне мұғалім басшылық жасап бағыт бағдар беру керек.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейімдеу
Қазақ тілін оқытуда Жаңа технологияларды қолдану тәсілдері
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Технология пәнін оқытуда саралау әдісін қолдану
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Құс шаруашылығы ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3420 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык