МАХАМБЕТ АУДАНЫ
ҚОСАРАЛ ОРТА МЕКТЕБІ
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
/ конференция-зерттеу сағаты/
\
Өткізген: Э.Жайлаш
Информатика пәні мұғалімі, сынып жетекші
2015ж
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған
ашық тәрбие сағатының жүру сценарийі
Тақырыбы: «Ер есімі- ел есінде» /1 –слайд/
Мақсаты: /2-слайд/
Сыныбы: 7
Түрі: конференция- зерттеу сағаты
Көрнекілігі: шарлар, гулдер, Жеңіс туралы қанатты сөздер, мультимедиялық көрсетілімдер
Жүру жоспары:
/3-слайд/
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Тәрбие сағатымыз конференция-зерттеу сағаты ретінде өтпек.
Жоспар бойынша алғашқы бөліміміз «Соғыс, соғыс, соғыс...» деп аталады. Бұл бөлімде соғыстың басталуы туралы бейнебаян көрсетіледі. / 4-слайд/
1-оқушы: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70жылдығы.
2-оқушы: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулыкүштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. - Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.
3-оқушы: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Ендеше келесі бөліміміз «Соғыс күнтізбесі» деп аталады. /5-слайд/ Слайдта көрсетіліп тұрады. Оқушылар әрбір жылдардағы ұрыс болған жерлер мен таныстырады.
« 1941-1945 жалынды жылдары:
1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл
2. Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл
3. Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар
4. Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл
5. Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл
6. Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл
7. Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл
8. Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл
9. Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл».
Келесі бөліміміз «Отты жылдар елесін кітаптан оқып білесің» деп аталады. Қазіргі кезде әрбір кітапхана соғыс тақырыбын қамтитын баспа, аудио-бейне басылымдарға өте бай. Біздің міндетіміз оларды оқырманға насихаттау және жеткізу.
Балалар кітапханаларында Жеңістің 70 жылдығын лайықты атап өту барынша үлкен дайындық үстінде. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы мектеп кітапханашысы Р.Искакова келіп отыр. Ол кісінің мақсаты- балаларды Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған поэзия мен прозаларды оқуға тарту. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты плакат, газет немесе балаларға арналған шығармалармен таныстырады. Осы бөліміміз келесі «Соғыс және балалар» бөлімімен байланыстырылады.Қ.Қайсеновтың « Жас партизандар» атты шығармасынан үзінділер оқиды. Балалар өз пікірлерін ортаға салады. Шағын пікірталас өткізіледі. /6-слайд/ Соғыс жылдарындағы балалар тағдырына, жауынгер-бала, партизан-бала туралы немесе мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі, олардың ауыр тағдырлары туралы айтылуы керек.
4-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. /1 минут үнсіздік/
5-оқушы: Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге.
6-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
7-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Ендеше келесі бөліміміз «Ұлы Жеңіске ұлы үлес» қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлестері туралы бейнебаянмен оқушылар таныстырылады. /7-слайд/
Қорытынды: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
8-оқушы: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
9-оқушы: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
70 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Ән «Ел қорғауға әзірміз»
Мұғалім: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Аспанымызды ешқашан қара бұлт торламасын, аспанымыз ашық, күніміз көктен күлімсіреп тұра берсін. Соғыс болмасын!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты |
Көрсетілім: 11638 |
|
|
|
Ер есімі- ел есінде

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |