Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлы жеңіс тарихы


Ұлы жеңіс тарихы

Ұлы жеңіс тарихы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
1-    жүргізуші:    Құрметті көрермендер, ардақты аналар, ардагер әкелер, ұлағатты ұстаздар,! Бүгін Жеңіс күні.Сіздерді бүгінгі Ұлы жеңістің 68 жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.  Жер-Ананы дүр сілкіндірген 41-жылғы сұрапыл соғыстың аяқталғанына 68 жыл. Ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де жаралы жылдардың зұлматы, қан майданның қасіреті, Отан үшін кеудесін оққа төсеп, қаза болған боздақтарымыздың есімдері бүгінгі ұрпақтар есінде. Осы мерекеге арнайы дайындалған «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-    Жүргізуші: Әрқашан елімізде тыныштық, бірлік,ынтымақ болсын, әрқайсысыларыңыздың отбасыларыңызда тек қуаныш, береке мол болсын!дей отырып, осы салтанатты жиынның ашылу рәсімі ауыл әкімі Айтжанов Әсіл  мырзаға беріледі.
Әнұран.
Көрініс: (көңілді музыка ойнатылып тұрады.) Елде тыныштық кез. Әркім өз істерімен айналысып жүреді. Радио қосылып тұрады.
Радиодан:соғыстың басталғаны туралы левитан хабарлайды.  (Үнтаспадан ұшақ алыстан ұшып келіп, бомба тастаған үн шығады.) ел дүрлігіп шулап, жылайды.
1941 жылдың маусымы
Күндердің аса қиыны
Тарқатты елдің базарын
Соқты да соғыс құйыны
Орманы көкпен таласқан
Өксіді өмір адасқан
Қан жоса боп қара жер
Қақырап түсті көк аспан -  деп сырттан  бір оқушы айтып тұрады.(зарлы музыка ойнатылып тұрады)
Әкесі: Қош бол енді туған елім,
Кетті де бір қарыздар жан
Бұл емес еді көксегенім
Бұл емес еді арман – жырым!
Қош бол досым, жақыным
Уақыт тығыз, сөз қысқа
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа – деп елімен қоштасады
Әйелі:Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Ел әлсіреп күшті дауыл тезінен,
Тыныш жатқан берекелі Отанға!
Қанышердің көз қадарын сезіп ем – деп жылап қалады.
Әкесі: тыңда, балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат
Мына елім, мына жұртым
Барлығы саған аманат – деп баласына қарайды.
Баласы: Аттан әке! – деп құшақтап қоштасады.
Бір офицер келіп «Отан қорғаушы азаматтар! жылдам сапқа тұрыңдар! Елімізді, жерімізді жаудан қорғайық, аналарымыз бен балаларымызды жаудан қорғайық! - деп бұйрық береді. Содан соң Офицер: Сап түзе! Алға! деп бұйрық береді де сахнада сорлдаттар сапқа тұрып ән: «Священная война» (экраннан солдаттардың сапта кетіп бара жатқаны көрсетіліп тұрады) айтылады да шығып кетеді.
(Үнтаспадан ұшақ алыстан ұшып келіп, бомба тастаған үн шығады.)
1-    жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан-тәнімен отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
2-    жүргізуші: 1941-45 жылдар аралығындағы соғыстың салған зардабы, «құлыным»  деп зар салған ананың қасіретті дауысы, «жарым» деп қан майданнан оралмаған боздаған жоқтаған жесірдің қайғы шері, «көкем» деп әкесін күткен жас баланың сағынышқа толы орындалмас арманы –бәрі-бәрі сол қанды  жылдардың көрінісі.
1 баталонның оқиғасы көрсетіледі.
Солдаттардың окоптағы әңгімесі: бірнеше солдаттар  отырады.
1-солдат мылтығын шұқылап отырып: Иа соғыстың басталғанына да біршама уақыт болды десеңші. Бұл не деген қасірет, не деген опасыздық  десеңші! дейді.
2-солдат: ия тағдырымызға осы сұрапыл соғысты жазған екен. Біз осы соғысқа аттанған елімізде қаншама халық бізге үміт артып қалды. Артымызда қаншама аналар, балалар қалды. Лайым соларға құдай тыныштық өмір берсін! – дейді.
3-солдат: біз осында келгенде қаншама ерлер  болып еді. Солардың барлығы  соғыста өз ерлігін көрсете білді, қанашасы елім, жерім үшін деп өз өмірлерін өлімге қиып, арамызда адамдар азайып та бара жатыр – дейді.
4 - солдат:  рас айтасыңдар олардың ерлігі мәңгі өшпейді- дейді.
Сол кезде бір ән орындалады:
(Сахнада көрініс елдің тыл жұмысын жұмыла жасау кезеңі көрсетіледі. Әйел, бала-шаға,қариялар)
(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)
Бала:
-Алақай!АлақаЙ!Алақай!
Жеңіс!Жеңіс! Жеңіс!
Көкем келеді, алақай!
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.



1-жүргізуші :
Қасіреті толы қаһарлы жылдар есімде
Көрсетпесінші ешқашан мұны ешкімге
Қаншама халық қырылып жатты жазықсыз
Жанымды жиді, жиылмайды әлі есім де
Қырық бір мен қырық бес менің жадымда
Қиылды ғұмыр, төгілді қанша қаным да
Отаным, елім, жұртым деп құшып жау оғын
Боздақтар қанша көз жұмып жатты жанымда
3-    жүргізуші:
Тағдыр-ай, тағдыр қаншаның қидың ғұмырын
Жан түршікті естіді жаудың дүбірін
Аяусыз  дұшпан анталап келді жан-жақтан
Қайғылы күндер ұмытады мұны кім?
Отаным  үшін, ұрпағым үшін соғыстым
Ұмытылмайтын тағдыр мен қатал соғыстым
Айрылдық біздер қаншама қимас достардан
Кеудемді менің кернейді әлі сол ұшқын.
Миллиондаған боздақтардың жанымен,  Жауынгерлердің қанымен аналарымыздың зарымен келген жеңіс мерекесіне 67 жыл. Ер жүрек ерлердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес.
Отан үшін от кешіп, қан майданда жанын пида еткен, туған жерінен топырақ бұйырмай, жат елде мүрделері қалған боздақтар рухына бас иіп, 1 минут үнсіз тұрып, еске алайық!
Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады.
Баяндама:
Ән:  
Әдеби музыкалық монтаж:
1-оқушы: Шығыста таң шапағы біліне бастаған кез. Еңбек адамдары қаперсіз ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана еді. Кенет батыс жақтан қызылды- жасылды оттары шекараға тақап, ұшақтар ұшып, гүрілдеп келеді. Бұл 1941 жылғы 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды.

2-оқушы:  Фашистік Германия қарақшылықпен  Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Неміс фашистері күшті армия жинақтап, халықты құлға айналдыру үшін майдан ашты.
    Қара түнек серпілді,
                Ұйқысынан ел тұрды
Аңсаған атты алтын таң
Майданға, майданға деп тұрды
3-оқушы: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан-тәнімен отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
4-оқушы:     Тас –талқан ғып фашисті,
Қиратқан біздің ер күшті.
Москва, Ленин қаласын,
Аға мен көздің қарасын,
Отанын, гүлді даласын,
Қорғап жатқан ерлерім
Жауға  қарсы аттанды
Борасын қардай оқтарың.

5-оқушы:     Батыс бардық, балқан бастық бөктерлеп,
Қарпет астық, альпі аттандық көкке өрлеп.
Еуропаның аспанында тұрдық біз,
Кеудемізде қасиетті кек кернеп ...
Біз Отанның солдатымыз тыңда, жер!
Жерді зират етем  десе жау егер,
Адамзаттың аманатын арт бізге,
Бізбіз адал дүниеге мұрагер.
Ән:  «Соғыстан қайтқан солдаттар»
6- оқушы :    Жанымдай сүйем халықты
            Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге   тұтып өсемін
Әлия, Мәншүк, Мәлікті
7-оқушы:
Қайтпаған  дауылдан
Кек  алған жауынан
Халықтың  қастерлі
Жайсаңы  Бауыржан
Қайсар ұл Бауыржан.

8- оқушы:    Жерден, көлден, аспаннан
            Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде!
1-жүргізуші:   Иә содан бері 68 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлин фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал 9- мамыр   күні бұрын соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне жеңіс күні осылай келген еді.
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген»

2-жүргізуші:  Әлемде теңдесі жоқ қайғы мен қасірет әкелген ІІ дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы Ұлы оқиға болды. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 966 мың жауынгер аттандырылды. Олардың жартысы ғана елге оралды, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды.

9- оқушы: Отан  соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгарлері барлық майдандарда фашистік  басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді. Мәскеу түбінде генерал –майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.

10- оқушы: Мәскеу үшін болған шайқастарды еске алакеліп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған халық қаһарманы Б. Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз бар, ол – Отанға жеген сүйіспеншілік».
11- оқушы: Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» - деген жырын арнады.
Ленинградтық өренім
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенінің сүйкімді
Бұлағындай көремін
Көпіріне қарасам,
өркеш-өркеш жарасқан,
шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
1-жүргізуші: Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен батыр жүректі қазақ қыздары да болды. Небары 20 жасар қазақ қызы –Мәншүк. Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды.  Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, батырлық танытты.
2-жүргізуші:        Қара көз қазақ қызы Мәншүк батыр,
Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Сұлатқан сан фашисті баудай турап,
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.
Ән: «Катюша»
12- оқушы:    Все мы любим милую Катюшу,
Любим слушать как она поет,
Из врага выматывает душу
А друзям отваги придает
1- жүргізуші: Қазақстан сол сұрапыл жылдары Шығыстағы қуатты арсеналға айналды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы қазақ жерінде құйылды. Қарағандының көмірі, Ембінің мұнайы, Жезқазғанның жезі түгелдей соғыс қажетіне өтеуге жұмсалды.
Ән-би: Смуглянка.
2-жүргізуші: Соғыс кезінде Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы  мен 4 ұлттық атты әскер дивизиясы , 7 атқыштар бригадасы, әскер түрлерінің 50- ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды.
1-жүргізуші: Ал 1075- атқыштар полкінің аға лейтенанты Бауыржан Момышұлы басқарған 2 батальон 3 рет қоршауда қалып, 3 ретінде де жау құрсауын бұзып шықты.
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы кезінде 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды.
13- оқушы:     Ұлы соғыс – 4 жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза тірі дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз,
Екі аяқты елде істен өзгені.
Ет қызуы енді бір сәт басылған
Бақсаң егер ажалына бас ұрған
Ел зұлматы жер астында өртеніп,
Күн  көзімен күн сүйгенін жасырған.
-    Жеңіс! Жеңіс!
Бір сыбаға баршылық!
Қуаныңдар қалды жуық қарлы алып!
Осылайша отты салют берген-ді,
Біздің елден жаңа тарих жыр салып.
14- оқушы:     Сүйінші елім, сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні?
9 май күні.
Сөйтіп радиодан соғыстың аяқталғаны туралы  айтылып, солдаттар бірі жаралы, бірі ақсақ болып елге оралғаннан кейін бір би жіберуге болады . Соғыс біткеннен кейін қане жігіттер өзіміздің биімізді билейік деп бір би жіберуге болады.

Хормен: Олар!      Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Өз туған халқының өнерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Ақ самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Хор: «Бейбітшілік сақталады.»
1-жүргізуші:        Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын, - дей отырып,
ардагер аталарымызға, әжелерімізге рахмет айта отырып, жылда осы жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз.
Біз жастар азат елдің ұрпағы, Бауыржандай ағаларымызды, Әлия, Мәншүктей апаларымызды ұмытпаймыз, ұлықтаймыз.

Барлығы хормен айтады -  « Соғыс деген сөздің аты өшсін!»

1-жүргізуші: Егемен еліміздің ынтымағы нығайып, аспанымызды бұлт торламасын!
Мәңгі желбіре, жеңіс алауы! - дей отырып, ардагерлерге сөз береміз.

2-жүргізуші:        Құрметті қонақтар! Ұлы жеңістің 68  жылдық мерекесіне байланысты «Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер  алдында» атты салтанатты жиынның жабылу рәсімі мектеп
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Туды алып шығады.

Сахнада әркім өз жұмыстарымен отырып ел тыныштықты болады. Сөйтіп радиодан соғыстың басталғандығы туралы хабарланады. Сонда шулап ел дүрлігеді. Сөйтіп аналар мен балалар, қыздар сахнада солдаттарды жылап  шығарып салады.Соғысқа аттандырып жатады. Анасы немесе қыздар хат жазып тұр хабарласып тұр деп жылап шығарып салады.  Ішінен бір жігіт анасымен бауырларына баскөз болуын  қарттарға тапсырып сөйлейді. Олар кетеді. Сойтіп сахнада  соғыстағы солдаттардың соғысып жатқан көрінісін көрсету керек.Одан кейін арасында солдаттар жиналып әңгімелесіп ауыл елінің аман бекен деген сияқты әңгімелерін, сағынышын  айтып отырып, бір ән айтып жіберуге болады.
Солдаттардың әңгімесінде соғысқа келгелі қаншама ерлер қырылып арамызда адамдар да азайып барады деген сияқты сөздер болуы керек.
Содан кейін қарттар азайып бара жатыр деген ба ән кету керек.

Анасына жазған хатын ұзақтау етіп оқыту керек. Соғыста 1 жігіт айдың жарығымен хат жазып  отырған болып сахнаның сыртынан оқытып, ол хатта  жұртты жылататындай сөздер болу керек.
Ән жіберуге болады.

Сөйтіп радиодан соғыстың аяқталғаны туралы  айтылып, солдаттар бірі жаралы, бірі ақсақ болып елге оралғаннан кейін бір би жіберуге болады . Соғыс біткеннен кейін қане жігіттер өзіміздің биімізді билейік деп бір би жіберуге болады.
Ары қарай өлеңдер оқылып, ән, би беленеді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ер есімі- ел есінде
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Отан үшін от кешкендер!
Ер есімі – ел есінде
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Ардагерлердің ерліктері
«Ерлік пен Жеңіс!»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4238 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык