Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауысты дыбыстар


Дауысты дыбыстар
Пәннің аты: Қазақ тілі
Сыныбы: 5 «А»
Күні: 03.02.2015ж
Өткізілетін орны: география кабинеті
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар
Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу, топпен жұмыс, аквариум әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа кеспе әріптер арқылы бөлу. Екі топқа орналасқан соң топ спикерын бекітіп, бағалау парақшасын беремін.
І топ: ФО Н Е Т И К А
ІІ топ: ЛЕ К С И К А
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 238-жаттығуды шарты бойынша орындау
2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)
-Басқа тілдердегі әліпбиде неше әріп бар екен?
І топ орыс тілі
ІІ топ ағылшын тілі
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Балалар,бүгін біз сабақта дауысты дыбыстар туралы түсінік ала отырып, сауатты жазуға, ұжымдық жұмыс жасай білуге үйренеміз.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
-Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі: Татулық – табылмас бақыт
-Балалар бұл дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
-Сіздер топ арасында тату бола отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетесіздер.
Біз сыныбымызды екі топқа бөлдік. І топ: ФОНЕТИКА, ІІ топ: ЛЕКСИКА болды.
І топ Қазір екі топқа тапсырма беремін, бастауыш сыныпта алған білімдеріңізді еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеруге тырысамыз. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтырасыздар

ІІ топ. Бастауыш сыныпта алған білімдеріңізді еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтенбаева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова «Оқушы анықтамасы» қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.

1.Тапсырма: І топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру
Үлгі: Әлия - ә -дауысты дыбыс, жіңішке
ІІ топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.
Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан
2.Тапсырма:
І топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
ІІ топ: «Жарлық» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
3.Тапсырма: Мақал –мәтел 2 топқа да
Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.
Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.
4.Тапсырма: Метеграмма шешу
І топ: Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын (Жаз-Қаз)
ІІ топ: «Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын (Тай-Ай)
ІҮ.Бекіту. «Аквариум әдісі»
Қазір балалар, ортаға екі топтан 4 оқушыдан 8 оқушы шықсын. Әрқайсыларыңыз өз орындықтарыңызды алып шығасыздар.

1.Фонетика дегеніміз не?
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3.Монофтонг дыбыстар қандай?
4.Дифтонг дыбыстарды ата
5.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?
6.Дауысты дыбыстардың саны қанша?
Ү. Үй тапсырмасы: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу.
ҮІ. Бағалау: әр топ спикеры бағалау парақшасы арқылы бағалайды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Практикалық жұмыс 5 сынып
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Фонетикалық талдау
Фонетика
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2720 | Қосты: Кабылкаева Сагынай Сериковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык