Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпаратты жазу және іздеу. Ақпаратты тасымалдаушылар.


Ақпаратты жазу және іздеу. Ақпаратты тасымалдаушылар.

 

 Ақпаратты жазу және іздеу. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, ақпаратты сақтау ережесін, жалпы жұмыс жасай

білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Компьютер, оқулық

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. «Атауын тап» ойыны
  4. «Ақпарат» сөз жұмбағын шешу

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Сәйкестендіру
  2. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
  3. Жаңа сабақты бекіту
  4. Үйге тапсырма

VII. Бағалау

VIII. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Атауын тап» ойыны суреттер арқылы атауын тауып,анықтамасын немесе қызметін айтамыз.
  2. «Ақпарат» сөз жұмбағын шешу
  3. Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі (файл)
    2. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаратын құрылғы (тышқан)
    3. Ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаратын құрылғы (принтер)
    4. 8 биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
    5 Экранда таяқша сияқты жыпылықтап тұратын символ (меңзер)
    6. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейінгі ашылатын аймақ (экран)
    7. Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы (монитор)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?

 Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Көредіестидіиісті сезедідәмді сезедісезінеді.

Біздің ақпаратты түрлі арналардан алатынымызды ескере отырып,кестені толтырайық.

Кестені толтыр

Нысан

Ақпарат түрлері

Сезім мүшелері

Хат жазу

Көру

Көз

Торт

Дәм сезу

Тіл

Картина

Көру

 Көз

Бақылау жұмысы

Көру

Көз

Кітап

Көру

Көз

Радио тыңдау

Есту

Құлақ

Тұз

Дәм сезу

Тіл

Теле хабар

Көру ,есту

Көз,құлақ

Әтір

Иіс сезу

Мұрын

 

 

 

 


 

Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ақпаратты жазу

Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;
  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;
  • Файлдың атын теру;
  • Сақтау батырмасын басу.

Ақпаратты оқу

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl + O пернелері) орындау керек.

Ақпаратты тасымалдаушылар

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады.. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Ленталық ақпарат тасушылар. Ол өте жұқа магнитті лентадан тұратын тасушылар. Оларға кассеталар (аудиокассета, видеокассета т. б.) жатады. Көлемі бірнеше мегабайттан бірнеше гегабайтқа дейін болады.
  2. Дисктік тасушылар. Оларға айтып тұрғандай CD/DVD/Bleu - ray сияқты тасымалдаушылар жатады. Олардың көлемі бірнеше гегабайт болады.
  3. Қатты магниттік диск. Оған дискеталар жатады. Олардың көлемі бірнеше мегабайт қана болады.
  4. Қатқыл магниттік диск [HDD] [Hard disk drive]. Бұл көлемі және құрылымы жағынан ең күрделі тасымалдаушы. Оған қатқыл дискілер жатады. Олардың көлемі өте үлкен бірнеше гигабайттан бірнеше террабайтқа дейін болады.
  5. Флеш - жад [FDD] [Flash Disk Drive]. Бұл өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы. Көлемі де бірнеше гегабайт болады. Бұлардың SD, MicroSD түрлері бар.

 

Сәйкестендіру .

Ақпаратты тасығыш құрылғылырының өлшем бірліктері берілген.Сыйымдылығына қарай сәйкестендіру

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.

Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;

А деңгейі

  1. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.
  2. Сурет салыңдар.
  3. Өз суреттеріңді Бейнелер (Изображения )бумасында сақтаңдар.
  4. Осы файл үшін жарлық құрыңдар.
  5. Жарлықты жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
  6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып,іске қосыңдар.

В деңгейі

С деңгейі

  1. Word Pad программасын іске қосыңдар.
  2. 71- суретте көрсетілген мәтінді теріңдер.
  3. Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?
  2. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?
  3. Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?
  4. Жүйелік бумалардан файл ізделе ма?

 

  1. Үйге тапсырма
  • 13. Ақпаратты іздеу, жазу. Ақпаратты тасымалдаушылар.

VII. Бағалау 

 

1 минут Рефлексия .

Стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.

VIII. Қорытындылау

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
10 сынып тараулар бойынша тестілер жинағы
5 сынып тақырып бойынша тестілер жинағы.
Ақпаратты іздеу, жазу және сақтау
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрі
Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Файлдармен жұмыс
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Ақпарт және ақпарат түрлері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4192 | Қосты: Толебаева Жайна Жоламанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык