Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс


Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

 

КАКЕНЕЕВА Л.С

Балтабай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау;

Дамытушылық: XX ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы  ұлт-азаттық күрестің шырқау шегіне жеткендегі патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысты дұрыс талдау жасап, түйін жасай алуға бағыттау;

Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандық, отаншылдық тәрбие бере отырып жеке және топтық жұмыстарды атқара отырып терең мағлұмат алу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Топпен жұмыс істеу арқылы халықтың жаппай наразылығын сезіне білу,көтеріліс болған жерлерге хронологиялық таблица арқылы саяхат жасау.

Сабақтың көрнектілігі: Карта, әдебиеттер, таблица, карточкалар, А.Байтұрсыновтың сөзі жазылған плакат. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру, оқушылардың зейінін плакаттағы жазу арқылы сабаққааудару.
  2. Кіріспе сөз. (Мұғалім)
  3. 1 – топ «Көтерілістің сипаты және қозғаушы күштері,негізгі себептері» Кезеңдік саяхат.
  4. 2 – топ «Отаршылдыққа қарсы соғыстың басталуы» Кезеңдік саяхат.
  5. 3 – топ «1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ халқына әкелген ауыртпашылықтары, дағдарыстың пісіп жетілуіне әсері» Кезеңдік саяхат.
  6. 4 – топ «Мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтіру» Кезеңдік саяхат.
  7. «Мәліметті анықта». «Ойды түйінде» ойындары.
  8. Оқушыларды бағалау.
  9. Үйге тапсырма беру

 

Мұғалім: Бүгін өтетін сабақтың тақырыбы «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс». Қолдарыңызға берілген саяхат картасы арқылы, әр топқа конвертте берілген тапсырма арқылы оқулықты, қосымша әдебиеттерді, әзірленген материалдарды пайдалана отырып сол кезеңге саяхат жасап өз ойларыңмен түйінді қорытынды жасау міндеті тұр.

    Бұл сабақтың өзіндік ерекшілігі оқушылардың әрқайсысы топқа біріге отырып, ортақ шешімге келіп, дәл тұжырым жасап оқулықтарды, қосымша мәліметтерді берілген аз уақыт ішінде қарап шығып баяндай алуы қажет.

    Оқушылардың ойларын тез жинақтай алуы, салыстырма жасау және мәліметтер арқылы оқиғаның дәл ортасында жүргендей әсер алуы.

    Әзірлік жұмыстарына 8-10 минут беріледі. Әр топқа өз пікірлерін білдіруге 3-4 минут уақыт беріледі.

    1 – топ.

 

Көтерілістің сипаты

Отаршылдыққа қарсы

ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштері

Қазақ шаруалары

Жергілікті жұмысшылар

Батрактар

Қолөнершілер

Көтерілістің негізгі себептері:

Патшаның отаршылдық саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым-салықтың артуы, қазақтардың көп жерлерінен айырылуы.

Патша жарлығы:

1916ж. 25 маусым 1 дуниежүзілік соғыс жылдарындығы қазақ даласын талап-тонаудың ауқымдылық сипаты(оқулықтың 4 бетіндегі мәліметтен үзінді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – топ. 1 оқушы: Қазақстан мен Түркістанда бәр мезгілде   стихиялы түрде өткен шерулер жайында баяндауы.

 2 оқушы: Шілде аяғында Верный уезінің Шығыс және батыс, Қастек болыстарында байлардың жылқысын айдап кетуі.

3 оқушы: 17 қыркүйекте 200 адамнан құралған отрядтың қимылдары.

4 оқушы: Отаршылдыққа қарсы соғыстың басталуын қорытындылап баяндайды.

3 – топ.

1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ халқына әкелген ауыртпашылықтары

Тек кедей

қазақ

жастары

ғана

алынды

(19-43

жас

аралығы)

Қазақ

азаматта-ры патша-ның арзан жұмыс күшіне айналды

 

Билік басында-ғыларға, бай балала-рына жеңілдік берілуі

Қазақ азаматта-рының иығына ауыр жүк түсті

Аналары балала-рынан айырылғы-сы келмеді

Халық күйзелді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 – топ.Оқулықтағы мәліметке талдау жасау арқылы мемлекеттік басқару жүйелерін  қалпына келтіру кезеңін баяндайды.

«Мәліметті анықта» ойыны.

А) Патшаның «бөліп ал да билей бер» саясаты бойынша кімдер алым-салықтан босатылды?

Б) Көтерілістің негізгі себептері қандай?

В) Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер?

Берілген аз уақытта кім тез топтың белгісін көтеріп, айтып үлгерсе сол топ жеңімпаз атанады.

«Ойынды түйінде» Мұғалім оқып жатқан сөйлемді тақырыпқа сәйкес мәліметтермен толықтыру. Қай топ дұрыс мәліметпен ой түйіндесе ұпай сол топта болады. Мысалы: Бұл қай жыл еді? _____________________

Патшаның жарлығы шыққан мезгіл?____________________

Ауыл адамдарын үрей биледі?____________________

Басқарманың келесі жаңа бір ауыртпашылықтар әкелгендей, ол __________алым-салықтың мөлшері __________көбейді.

Халық қандай күйге енді_____________

Халыққа сонша нәубет әкелген кім?________________

Қандай саясат құрығы еді?_________________

Бұдан құтылар жалғыз жол ол____________ ғана

Сабақтың соңында мұғалім тақырыптың қамтылмай қалған тұстарын ескере отырып қорытынды жасайды.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекет тарихымен байланыстыра отырып халықтың тағдырымен біте қайнасқан бейбіт күннің қаншалықты маңызды екендігіне тоқталамын. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты бастан кешірген қазақ халқының мекені-бүгінгі егемен еліміз Қазақстанның осы күнге жетер жолы қатпарлы тарих екендігіне суйіне отырып «Менің Қазақстаным» әнімен аяқтауды ұсынамын.

 

Үйге тапсырма: 1-2 параграф Мәтінді меңгеріп, «Тұлғаларды танып біл» айдары бойынша көтеріліс қолбасшылары туралы мәлімет суреттер, деректер жинап келу.

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
« Қазақ халқының ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы»
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
Қазақстанда 1916жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3310 | Қосты: Какенеева Ляззат Санатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык