Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4365 |
|
|
|
1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
9 сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
Дамытушылық: ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске талдау жасап, топтамалар арқылы ой-өрісін дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ой толғау
Әдісі: Топпен жұмыс істеу, тірек белгілері арқылы өздік жұмыс, картамен жұмыс. Көрнекілік: Карта, қазақ зиялыларының сөздері, танымдық топтамаға арналған суреттер, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) дайындық жұмыс;
Б) топқа бөлу. Асық үлестіру арқылы.
ІІ. Сабақ барысы.
1-тапсырма:
І топ
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттары.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар:
- Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;
- І дүниежүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;
- дәстүрлі қазақ шаруаларының дағдарысқа ұшырауы;
- өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым-салықтың көбеюі;
- орыстану саясатының асқынуы, ұлттық саяси теңсіздік.
1916 жылы күнделікті заттардың бағасы 4 есе көтерілді, киім бағасы 2-3 есе өскен. Артық жер қазынаның пайдасына кетті. Мал шаруашылығы құлдырап, жақсы жерді алып қойған соң, егіншілік азая түсті. Аграрлық мәселенің шиеленісуі және ұлттық езгінің күшеюі елді дағдарысқа тіреді.
Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт-азаттық қозғалысы болды. Ұлттық ұрандар көтерілді.
ІІ топ
Жазалаушы жасақтар қимылы.
А.Н. Куропаткин патшаның маусым жарлығын қандай кедергі болса да іске асырудан бас тартпайтындығын мәлімдеді. Сөзінде тұрған генерал-губернатор «бұратана» халықтардың көтерілісін қанға бояумен ерекше көзге түсті.
Картадан көрсету арқылы.
Жазалаушылар үш бағытта: Әндіжан, Нарын, Черняев (Шымкент) бағыты арқылы Пішпек Тоқмақ бағытына.
Теміржолмен Семейге, Сергиополь-Лепсі-Верныйға аттанды.
Торғай облысын басу үшін Лаврентьев бастаған жазалау экспедициясы жасақталды.
Кейіннен 1916 жылы 13 қарашада Казань, Пермь, Орынбордан қосымша полктар тартылды. Ақмоламен Семейге Ягодин бастаған 12 атты әскер жүздіктері, 11 жаяу әскер роталары жіберілді. «Татыр» көлінің маңындағы шайқаста, патша әскерінің 1 жүзіне тек қылыш пен мылтықпен қаруланған 4 мыңдай көтерілісші қарсы тұрды.
Жетісуда Фольбаум уезд бастықтарына берілген бұйрығында: «Бүлікті тез басу үшін әскерлер қозғалысқа қатысқан бір болыс елдің әлденеше жүз адамын бірден қырып салып, үлгі көрсеткені дұрыс болады», - деп атап көрсеткен.
2-тапсырма. Тірек белгілері арқылы дәлелдеу.
3-тапсырма. «Шығармашылық тапсырма»
І топ ІІ топ
Торғайдағы көтеріліс және Жетісудағы көтеріліс.
оның ерекшелігін айту.
4-тапсырма.
Қазақ зиялыларының көзқарасының
ерекшелігі мен ортақ белгілерін
анықтау.
Венн диаграммасы
Либерал-демократиялық Революцияшыл-демократиялық
5-тапсырма.
«Тұлғаларды танып біл». Оқушылардың ізденістеріне мән беру. Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов жайлы әңгімелесу.
6-тапсырма. Қорытындылау
І топ ІІ топ
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Тарихи маңызы
жеңілу себептері.
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы бағаланады.
1. Оқушылардың топ бойынша;
2. Жеке оқушылардың қатысуын;
3. Шығармашылық ерекшеліктерін ескеру.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай
Мені таң қалдырған жағдай
Мен үшін жаңа ақпарат
Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқып келу. Ғаламтордан тарихи құжаттар, қосымша деректер іздеу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |