Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тазалық заттары


Тазалық заттары
Сыныбы: 2 «в». Пәні: Қазақ тілі. Мұғалімі: Турсунова Диляра Серикбаевна Күні: 18.02.2015 ж. Сабақтың тақырыбы: «Тазалық заттары»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру,олардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру. Дамытушылық:Түрлі әдістер,сұрақ-жауап,ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын,тапқырлығын,жылдамдығын,есте сақтау қабілетін,танымдық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тазалық сақтау заттары, карточкалар, суреттер.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, ойын, ой қозғау, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,валеология.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен амандасу; ә) шаттық шеңбері; б) тіл дамыту сұрақтары
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Сондықтан бір-бірімізге күлімсіреп қарап, сабағымызды жақсы тілектер айтумен бастайықшы. (Балалар бір-біріне тілектер айтып шығалы). Б) психологиялық дайындық. – Балалар, бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма?
-Қанеки, көздеріміз дайын ба? - Иә! («Дүрбіден» қарайды) -Құлақтарымыз дайын ба? -Иә! (құлақтарын жан-жаққа тосады) -Қолдарымыз дайын ба? -Иә! (шапалақ ұрады) - аяқтарымыз дайын ба?
-Иә! (бір орында қадам басады). –Дайынсыңдар ма?
-Иә! (Қолдарын жоғары көтереді)
Балалар топ-топқа бөлініп орындарына отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. -Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өттік? -«Таңертең» деген тақырыпты өттік. -Үйге қандай тапсырма беріліп еді? -Қандай жаңа сөздермен танысып едік?
Сергіту сәті.
(музыка бойынша сергіту өткізу)
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар өткен сабақта біздер «таңертең», яғни күн тәртібі туралы білімдерімізді толықтырдық. Мысалы: ұйқыдан ояну, таңертенгілік жаттығу, жуыну, тамақтану, сабақ оқу сияқты. - Бүгін біздер сабағымызда тазалық туралы айтамыз, яғни сабағымыздың тақырыбы « Тазалық заттары» деп аталады. Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы: тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды ұйқыға жатар алдындада соны орындауы керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек. Таза жүру үшін бізге, әрине, тазалық заттары керек. Алдымен бүгінгі тақырыпқа сай жаңа сөздермен танысып алайық. 1) Сөздікпен жұмыс. Тіс щеткасы-Зубная щетка
Тіс пастасы-Зубная паста
Сүлгі-Полотенце
Сусабын-Шампунь
Тарақ-Расческа
Сабын-Мыло
А) Жаңа сөздерді мұғалім оқып береді; ә) Оқушылар қайталайды, сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау;
Б) Жаңа сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
2) Мәтінмен жұмыс.
Менің атым - Асқар. Менің жасым сегізде. Мен тазалықты сүйемін. Сондықтан сабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сүлгі, тарақ менің достарым. Таза жүрсең денің де сау болады. Тазалық –денсаулық кепілі.

А) Мәтінді мәнерлеп оқып беру;
Ә) Әр топқа кезегімен оқыту;
Б) Мәтінді аударуға уақыт беру.
В) «Сабын», «тіс щеткасы», «сүлгі» сөздерін тәуелдеу, жалғауларын белгілеу.

ІҮ. Сергіту сәті.
Видео арқылы сергіту сәтін өткізу.

3) Балалар, тез отырайық! Бізге «Мойдадыр» хат жіберіпті. Біздің бүгін тазалық туралы айтып жатқанымызды қайдан біліп қойды екен? Қане, хатты ашып көрейікші.

Балалар!
Мен сендерге сәлемдеме жіберіп отырмын. Кірқожалақ балаға тазалық туралы айтып түсіндіріңдерші, өтінем! Жіберген сәлемдемемде түрлі тапсырмалар мен жұмбақтар бар. Орындап көріңдер! Сәттілік тілеймін. Сау болыңдар.
«Мойдодыр»
А) «Тазалықтың досын тап» атты тапсырма. Әр топқа өлең беріледі, Сол өлең не туралы екенін айтып, жауапқа сәйкес сурет табу. Тазалықтың досы не екенін Кірқожалаққа көрсету.
1-топ: Тазалықты іздесең,
Сусабын, сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
2-топ: Тазалықты іздесең,
Айна,тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы

3-топ: Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге
Тазалатып аласың.
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
Ә) Кітаппен жұмыс. Сәйкестендір. Сабаынды ал Қолыңды тара Сүлгіні ал Бетіңді тазала Тарақты ал Шашыңды сүрт Тіс щеткасын ал Тісіңді жу
6-тапсырмамен (100-бет) жалғастыру..
Б) «Артық суретті тап» ойыны. Слайд арқылы экранға 4 сурет шығады, ішінен артық суретті сызып тастау.
Б) «Жақсы жаман»
Мен тісімді күніне екі рет тазалаймын (Жақсы)
Мен тәттіні көп жеймін (Жаман)
Мен тамақ ішер алдында қолымды жуамын (Жақсы) Мен шашымды тарамаймын (Жаман)
Ү. Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап.
ҮІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. 2-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тазалық саулық кепілі.
Денсаулық – зор байлық
Қ. Мырза Әли Қысылу
Тазалық - саулық кепілі
«Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері»
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Әлеуметтік орта
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6268 | Қосты: Турсунова Диляра Серикбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык