Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Салауаттылық – денсаулық негізі


Салауаттылық – денсаулық негізі
Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Типі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: тренинг, сұрақ – жауап, ойқозғау, жоба қорғау, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, брашуралар, кестелер, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу. /Әнұран орындау/.
Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақ қою арқылы 3 топтың топбасшысын анықтап, қалған оқушыларды аю, маймыл, піл жануарлары деп бөліп отырғызу.
1. Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
3. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

ІІ. Негізгі бөлім.
Тренинг. Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір – бұл...
Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады.
Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ.
Е-ЕРІНБЕУ
Н- НИЕТТЕУ.
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ.
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ.
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ.
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ.

- Сонымен балалар, біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
1 слайд.
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.
«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В.И.Вернадский
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.
2 слайд.
Біздің елімізде 17 млн адам бар, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
3 слайд.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқымқуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
4 слайд.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8. Эмоциялардың оң болуы.

Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
- Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғананын білгілерің келе ме әлде үзіліс кезінде оқимыз ба?
- Қазір оқығымыз келеді.
- «Мен достарыммен бірге «Тазалықтың достары» қоғамын құрдық. Сабын, тіс пастасы мен шеткасы, тарағы бар және күнделікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар, онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын» - деп жазыпты.
(Сыныпқа оқушы кіреді)
- Сәлеметсіздер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің де қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: - Балалар, оған мүмкіндік береміз бе? (Иә, өзін сынап көрсін). – Жарайды сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
- Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар. Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымызды ішеміз.
Оқушы. Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім. Алдымен не істеу керек?
Балалар. Жуыну керек.
Оқушы. Жоқ, жаттығу жасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар. Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып жуынуға болмайды, киімімізді сулап алуымыз мүмкін.
Мұғалім. Балалар, сендердің араларыңда кейде жуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
- Жоқ.
- Ал жуынғанда тек бет әлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
- Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды, құлақ пен мойынды жуу керек.
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің қонағымызға қалай жуыну керек екендігін таға бір рет қайталап беріңдер.
Оқушы. Тісті не үшін тазалаймыз?
- Тамақтанғаннан соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдіреді, дұрыс күтім болмаса тіс жылдам зақымданады. Әр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең және кешке тісті тіс пастасымен тазалау керек.
Мұғалім. Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймастың қоғамына мүше бола аласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Жаттығу жасаймыз.
Мұғалім. Барлықтарың жаттығу жасайсыңдар ма? – Иә. Қандай жаттығу жасайсыңдар, жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
Физкультүзіліс.
Мұғалім. – Жарайсыңдар, балалар. Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттығу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Төсек-орынды жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы. Тамақтанамын анам төсекті жинайды.
Балалар. Жоқ, біз алдымен киінеміз, содан соң төсек жинаймыз.
Мұғалім. Төсек-орынды жинауды бәріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы. Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім. Әрине, біздің қонағымызға ары қарай не істеу керек екендігін түсіндіріңдер.
Балалар. Енді тамақтанамыз.
Мұғалім. Балалар, қалай ойлайсыңдар, өз білетіңдеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? – Білмейміз, мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы. Мен бәрін білемін.
Мұғалім. Тоқтаңдар, сонымен не қалды?
Балалар. Түскі ас пен кешкі ас.
- Балалар, әңгімемізді ары қарай жалғастыру үшін таңертеңгі міндеттерді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы. Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар. Жоқ, алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы. Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар. Серуендеп клеген соң, сабаққа дайындаласың.
Оқушы. Қайтадан қайталап беріңдерші.
Мұғалім. –Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың «Тазалық қоғамына» мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Кешкі асты ішеміз. Одн кейін бос уақытта әркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы. Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар. Иә, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалауды ұмытпау керек.
Мұғалім. Қонағымыз бәрін есіңе сақтадың ба? – Иә.
- Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет. Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да есте сақтаңдар. Соған әдеттеніңдер. Егер кез келген уақытта ұйықтап, тұратын болсаңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңдң нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға тұседі. Сондықтан мезгілімен ұйықтап, уақытымен ұйқыдан оянып, күн тәртібін сақтасаңдар өздеріңдң сергек сезінесіңдер. Бір мезгілде тамақтану не үшін керек екенін білесіңдер ме?
- Ауырмау үшін.
- Дұрыс айтасыңдар. Кез келген уақытта тамақтансаңдар асқазандарың ауыртасыңдар, тек асқазан ауырып қана қоймайды өздеріңді де мазаларың кетеді. Бір мезгілде тамақтанып, асқазанды соған үйретсеңдер, «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» деген нақыл сөздің шындығына көз жеткізесіңдер.

Мұғалім. Ал енді Кірқоймастың тпсырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен,
Тісті ................... (күніне екі рет жуу керек)
Үнемі ............... жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек)
Жуылмаған ......... жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі)
Тамақтанып отырғанда ( сөйлеспеу) керек.
Бір мезгілде .. (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек)
- Бұл Кірқоймастың ережелері. Осы ережені әр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
-
Барша адам денсаулығын ойлаған, Еңбек еткен ел үшін ол жақсы адам!
Ақ халатты абзал жандар жанашыр, Ауырмаудың жолын әсте аңсаған!!!
Енді сыныбымызға мектебіміздің дәрігер апайы Гүлнар апайымыз қонақққа келіпті. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, келесі кезекте дәрігерге кезек береміз.
СІЗГЕ СҰРАҚ:
1. Дені сау адам мен темекі шегетін адамның өкпесінің айырмашылығы қандай?
2. Қазіргі таңда оқушылар арасында қандай аурулар байқалуда? (оқушылар өздерінің сауалдарын қояды)
Ал оқушылар сіздерге енді «Ғасырдың өлім тұзақтары» атты слайд көрсетпекпін, тамашалап әсерімізбен бөлісеміз.
Сіздерге тапсырма:
Көргендеріңізді топ болып жоба ретінде қорғайсыздар/3 мин/
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/

Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»
Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: Денің сау, ғұмыр жасың ұзақ,
Ауруға 4 нәрсемен құрсақ тұзақ. Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ,- дей келе «Денсаулық- зор байлық » деген мақалдың мәні осында.
Қорыта келдгенде,біздің басымызға төніп тұрған ғасыр дерттерінен,қауіптен сақтануымыз үшін не істеу керек?
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК!!!
Ол үшін: мына баспалдақтармен көтеріліп жетістіктерге жетуден үміттіміз:
ЕРТЕҢГІЛІК ГИМНАСТИКА. КҮН ТӘРТІБІН САҚТАУ. ЖАҚСЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ТАМАҚТАНУ. ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛУ. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗА БОЛУЫ. ТИІМДІ ДЕМАЛЫС.

Үйге тапсырма: «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында ойтолғау жазу.

Әр биіктің талабын орындап, өз өмірімізді басқарсақ, әрине болашақтың жарқын болуы айдан анық. Нұр шапағатын шашқан алтын Күн- бақытты болашақтың кепілі.Денсаулықтың кепілі- Салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!! Темекі- тегіңе нұқсан, арақ- арыңа нұқсан!! Жақсыға жақын жүріп, жанымызды жадырата білсек, біз үшін төнген қауіп жоқ, бойды басар дерт те жоқ деп қорытындылағым келеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Салауатты өмір салты»
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық – зор байлық
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 30646 | Қосты: Құстаубаева Бақыт Ерболатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык