Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Таза болса табиғат, аман болар адамзат!


Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат!»

Құндылық: Қиянат жасамау  Қасиеттер: қамқорлық көрсету;

Мұғалім: С.Бисенғалиева  Сынып  4 Оқушылар саны: 17

Сабақ мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін  кеңейту;

Сабақ міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
  • Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

 

 

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

             Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын, отбасыларыңызға, осы сыныпқа, тіпті егемен еліміздің түкпір- түкпір аралап өткен жерлеріне жақсылық, қуаныш ,жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз нұр сәулесісіз!

 

Үйге тапсырманы тексеру;

«Табиғат сыйы» сурет

 

 

 

Үнтаспа

Жай баяу әуен

 

 

 

 

2.Әңгімелеу

- «Жасыл ел» туралы естігендеріңіз бар ма?

- «Жасыл ел» тобын құрған адамдар немен айналысады?

- Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?

 

3. Топтық жұмыс

«Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру;

Мультимедиа слайд

4. Дәйексөз

 «Табиғатқа тазалықты тарту ет» Р.Сәтімбеков

- адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып, жаңбыр- қарының қызығын көріп өсіп-жетіледі.Табиғатта адамның оны сақтауымен, қорғауымен,күтімімен дамып келеді. Демек, олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.

 Дәйексөз слайд

 

 

 

5. Мәтінмен жұмыс

М.Аяғанова «Табиғатпен тілдессем» өлеңін оқу, талдау;

 

6. Жаңа ақпарат

Табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі.Алуан түсті гүлдер алқабы,сайраған құстар, бұлақ сылдыры,биік таулар, жарқыраған күн, таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлады.

 

7. Шығармашылық жұмыс

1. «Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» коллаж жасау

2. «Денсаулық жан саулығыңның кепілі» эссе жазу

3. «Мен туған өлкемнің табиғатын жырлаймын» 5 жол өлең

 

А4 қағаз, түрлі- түсті қарындаштар

 

8.Қорытындылау

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз

Жадыраған Күндейміз! Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз! Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз!Ауамыз!

Сылдыраған Сумыз біз, тазамыз, тазамыз!

 

Баяу әуен


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Достық татулықтан басталады
Сабақ тақырыбы және мазмұны
Қазақстан табиғаты. Жалпы және жалқы зат есімдер
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Табиғаттан нәр алып
Ақыл-жастан, асыл-тастан
Денім сау болсын десең...
Қуаныш-жан шуағы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9236 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык