Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақыл-жастан, асыл-тастан


Ақыл-жастан, асыл-тастан

«Ақыл-жастан, асыл-тастан»

Құндылық: Дұрыс іс- әрекет. Қасиеттер: ақылды болу, бабалар дәстүрін құрметтеу

Мұғалім: С.Бисенғалиева  Сынып 3  Оқушылар саны: 11

 

Сабақ мақсаты: «Даналық» құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.

Сабақ міндеттері:

  • Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
  • Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
  • Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

             Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесісіз!

 

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру;

«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу

 

 

 

Үнтаспа

Баяу әуен

 

 

3.  Әңгімелесу.

Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

 

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

 

4.Мәтінмен жұмыс

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме  оқыту, талдау;

- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

-Қыздың бойынан таы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

-дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.

 

 

Тақырыпқа сай суреттер

5. Дәйексөз

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни

-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

Дәйексөз жазылған плакат

6.Тапсырма

А) Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту;

1.Ақылды адам ерінбейді.

2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

   Ақылыңа ақыл қос.

3.Ақылдан жақын дос бар ма?

4.Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы

6. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

 

Б) дәптерде берілген тапсырмаларды орындау;  

 

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.

 Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ  талдау;

 

А4 қағазда жазылған тапсырмалар

8. Сергіту

Әдемі әуен ырғағымен би билеу;

СД дискі

9.Сахналау

«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау
Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?

Данышпан қандай ой түйіндеді?

Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

10. Ойын жаттығу

«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені болмашыға ренжімеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін», «Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын», «Мен ақылды баламын, өйткені алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын», «Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».

 

Балалар, қараңдаршы бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күннің шуақтары бізге жылылық сыйлайды. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, ақылдылығымызбен жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

                                                       

11. Мұғалім сыйы

«Бала мен алма» анимациялық фильм

 

12. Жаңа ақпарат

«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.»

 

 

13.Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабаымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.

- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл-жастан,асыл-тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» деген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады.

 

 

 

    


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ана
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Есті күшік
Мен бақытты баламын
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Аталы сөз - баталы сөз
Адамгершілік - асыл қасиет
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Ашу-дұшпан, ақыл дос
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10892 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык