Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері


Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері

Сабақтың тақырыбы:   Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері

 

Сабақтың мақсаты: Алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп,         

                                     графикалық редактормен жұмыс істеу дағдыларды 

                                     қалыптастыруды жалғастыру.

а) білімділік:

1. Paint графикалық редакторының құрылымы мен функцияларының негізгі түсініктерін қайталау.

2. Сызықтар, эллипстер, тіктөртбұрыштар және көпбұрыштар салу істерінің негізгі принциптерін үйрену

3. Бұрын алған теориялық білімдерді практикада игеру.

ә) тәрбиелік:

1. Тәртіпті сақтау ісін тәрбиелеу.

2. Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу.

3. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылықты тәрбиелеу.

в) дамытушылық:

1. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

2. Өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.

Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

                            -графикалық редактор  деген не және ол не үшін 

қолданылатынын;

  • Paint редакторының терезесі неден тұратынын;
  • графикалық редакцияны  іске қосуды;
  • Басқа да мүмкіндіктерін;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Әр құрал саймандардың қызметін;

-    Сурет салу және оларды редакциялауды;

-    Басқа да мүмкіндіктері.

Көрнекіліктер: Компьютер, практикалық жұмысқа арналған кеспелі таратпа,  POWER POINT бағдарламасында дайындалған слайд  т.б.

Сабақ түрі:            Дәстүрлі

Сабақ әдісі:           Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы

Сабақ типі:           Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:    Ұйымдастыру кезеңі

                              Үй тапсырмасын тексеру

                              Жаңа сабақ түсіндіру

                              Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық

                                 тапсырма беру.

                              Үйге тапсырма

                              Сабақты қорытындылау.

Саламатсыздарма балалар?

Үйге берілген тапсырма сөзжұмбақ құрап келу. Тапсырмаларыңызды жинап бере қойыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

  1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

( Пуск-Программы-Стандарный- Paint)

  1. Paint графикалық редакторының терезесін таныстыршы.

( Тақырып жолы, меню жолы, құралдар тақтасы, сурет салу алңы, түстер палитрасы)

  1. Құралдар жиыны қанша құралдардан тұралы?
  2.  
  3. Құралдар жиынын таныстыру. (тілсызық арқылы қосу)

     (кез келген аймақты бөліп алу құралы, өшіргіш, құю құралы, түс таңдау құралы, масштаб құралы, қарындаш, қылқалам, бүріккіш, жазу, түзу сызық сызу құралы, қисық, тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш)

  1.  Төмендегі суреттерді салдыру.

 

Түзу сызық салу алгоритмі:

  1. Линия батырмасын шерту
  2. Сызықтың қалыңдығын таңдау
  3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналастыру.
  4. Мауыстың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.
  5. Маустың батырмасын жіберу.

Міне балалар тек бір ғана құралмен салып шықтық. Ары қарай басқа құралдармен танысу үшін жаңа сабағымызды бастайық.

Жаңа сабақ.

Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, редакциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке-жеке толық танысатын боламыз. Сендер әрине компьютерлері барларың мұны білетін де боларсыңдар, бірақ кейбір әдіс-тәсілдерді білмеулерің мүмкін. Сондықтан біз білеміз демей мұқият сабақты тыңдап, араласып отырыңдар.

Біздің бірінші қарастыратын құралымыз

Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.

 

Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.

  1. Прямоугольник батырмасын шерту
  2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші оялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.
  3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналсатыру.
  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың  аяқталатын жеріне апару.
  5. Маустың батырмасын жіберу.

Ал шаршы салу үшін тап осы алгоримтді қолданамыз, тек сурет  салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.

Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.

Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.

 

Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Эллипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.

 

Сонымен біз бүгінгі сабақта  Paint графикалық редакторының кейбір  құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Қане балалар кім жаңа сабақты жақсы түсінді екен практикалық жұмыстар орындайық.

«Компьюктус»

Балалар біз білетін ертегідегі «Компьюктус» біздің бүгінгі сабағымызға келіп отыр. Егер осы сиқырланған компьюктусты біз құтқармасақ сабақта практикалық жұмысқа бара алмаймыз. Қалай құтқарамыз? Оның тікенектерінде кеспелі таратпалар бар сол таратпаларға жауап берсек  Компьюктус  компьютерге айналады.

  1. Шаршы, тіктөртбұрыш салу алгоритмін айтып шығу.
  2. Дөңгеленген тік төртбұрышты салу алгоритмі
  3. Эллипсті салу алгоритмі.
  4. Paint –та салынған суретті қалай сақтаймыз?
  1. Файл- сохранить как
  2. Файл -сохранить
  1. Paint-та суретті қандай құрылғының көмегімен саламыз?

(тышқан тетегі)

  1. Paint графикалық редакторының файл кеңейтілімі қандай?

Жарайсыңдар балалар сіздер компьюктусты құтқардыңыздар енді практикалық жұмысты орындауға болады.

ІҮ. Қорытындылау

 

5. «Ақпараттық диктант» 

(дәптермен жұмыс)

1.Компьютерлік өшіргіш (ластик)

2.Экранды бірден тазарту іс-әрекеті. (Правка-очистить)

3.Экранда жоқ саймандардың тақтасынорнату іс әрекеті.  (вид-панель инструментов)

4.Түстер  (политра)

5.WINDOWS операциясын ойлап тапқан фирманың аты (Microsoft)

 

Жауабы оқылады оқушылар өздеріне дәптерге дұрыс +, қатеге - қояды .

 

Ү. Бағалау .

Оқушылардың практикалық жұмыстарын қарап және үй тапсырмасына қарай  бағалаймын.

 

ҮІ Үйге тапсырма: Графикалық редактор сөзжұмбақ, ребус құрап келу туралы.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

 

Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады.

 

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

 

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

 

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

 

Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған

 

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

 

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың  ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

 

Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.

 

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген  нүктесінің түсіне өзгертеді.

 

Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар салуға арналған.

 

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

 

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

 

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

 

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

 

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсрін таңдап алуға болады.

 

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Paint графикалық редакторында сурет салу
«PAINT графикалық редакторы»
PAINT графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Графикалық редактормен танысу
Растрлық графика
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5334 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык