Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биология сабағында жаңа технологиялармен жұмыс жасау нәтижелері


Биология сабағында жаңа технологиялармен жұмыс жасау нәтижелері

Биология сабағында жаңа технологиялармен жұмыс жасау нәтижелері

Қазіргі кезде дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай  атамыз айтқандай «білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» . (Н.Назарбаев Жолдауынан).Жалпы білім беретін биология пәнінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құрылады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми стандарттық ұғымдар беріледі.  Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Бүгінгі күнгі ұрпақ шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр.Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын,ұтымды шешім қабылдай алатын,сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.Мектептегі білім беру міндеттерінің  негізгілерінің бірі‒оқушының шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету,қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі мәселені шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.Қазіргі мектепті философтар„Адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны‟ деп айтып жүр.Мектеп бітірушілердің  3 пайызы ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білім өнімін құруға қабілетті болса,бастауыш мектеп оқушысының жағдайы қандай болғаны бәрімізге белгілі.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр.Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп,білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім  жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Биологияны  оқыту әдістемесі мен оқу нәтижесі:

-биологияны  оқыту әдістемесі,атынан көрініп тұрғандай, әдістемелік,демек  жаратылымдық емес,қоғамдық пән болып табылады.Білім салаларының ішінде оған теориялары мен дидактиканы оқыту,тәрбиелеу  және қызығушылығын арттыру жатады. Демек,психология мен педагогикада бар табыстар,сонымен қатар жоғарыда келтірілген ой-тұжырымдар биология мұғалімінің біліктілігіне тікелей қатысы бар.

Осы тұжырымдарға сүйене отырып,тарихты оқыту нәтижесінде қалыптасуға тиіс білік-дағдыларды атайық.

Биология білім нәтижесінде – ойлай алу,сөйлей алу дағдылары,-эмоционалдық ерік-жігер,-шығармашыл әрекет ету дағдылары қалыптасады,дами түседі. Осылайша білім алу нәтижесінде оқушы талдауға (анализдеуге),жинақтауға(синтездеуге),білімді жүйелеуге,бақылауға,қорытынды жасауға,нәтижені тексеруге үйренеді және(немесе)осы білік-дағдыларын шыңдайды.Практикада осындай салаларды қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік. Бұның айғақ ретінде келесідей жағымды өзгерістер динамикасын атай аламыз.

1.Оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындауға үйренеді;

2.Біртіндеп күрделендірілген тапсырмаларды орындауға дағдыланады.Демек,өмірде кездескен танымдық тосқауылдарды,қиындықтарды жеңуге үйренеді;

3.Олар БДД-ны игерудің жоспарын құрып,қорытынды шығарып,негізгі ойды бөліп алуға тырысатын болады;

4.Оқытуда пайдаланылатын проблемалық сұрақтар өмірден алынатындықтан,осындай мәліметтерді тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады;

5.Оқушылар өз білімдерін өздері бағалап,өз деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алатындықтан,білім алуға деген жауапкершілікті сезінеді;

6.Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;

7.Айтылғанның барлығы оқушыларды өзіндік ой қорытуға,ойын жүйелеуге,нәтижесін шығарып,сыни бағалауға үйретеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Жаңа технология – сапалы білім кепілі
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3144 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык