Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5278 |
|
|
|
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», - деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаны өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығыда белгіленген .
Латын тіліндегі «competens» сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға, мінез-құлқын ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалы критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көз қарастарды есепке алу қажет» -деп жазса психология ғылымының кандидаты Б.К. Жұмағалиева құзыреттілікті тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелік білімнің, білім, білік, дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп көрсетеді.
Сонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі жәтиже деп түсінуге болады.
Бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке тұға тәрдбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде мүмкін екендігі белгілі.
Сондықтанда оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын атағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
-өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
-өзінің қызметін бағалай білуі;
-түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білу;
-өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
-өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;
-түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі;
Дүние жүзілік әдістемелік ғылымда және қазіргі заманғы әдістемелік әдебиеттерде «құзырет», «құзыреттілік» терминдері кең көлемде қолданыс табуда.
Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе.
* Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens - қабілетті, қатысты. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.
* А.В. Баранниковтің пайымдауынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді».
*Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі.
Құзыреттілік тұрғысынан білім берудің басты ерекшелігі дайын білімді игерту емес, бұл білімді өз бетімен игеруге, оны практикада қолдана білуге жағдай туғызу.
* А.В.Хуторский анықтамасында «Құзырлылық жеке бастың білім, білік, дағдысының жиынтығы, құзыреттілік жалпы адамның өз ісін жақсы білу арқылы сапалы қызмет ету қабілетін білдіреді» деп берілген.
Бүгінгі күні ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны дұрыс таңдау жасау, ұтымды шешім қабылдау, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделу қабілетіне байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі оқушыны шынайы өмірге дайындау. Оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Қазыргі мектепті философтар адамзатты өзіне өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Оқушының өз бетімен ойлануына, өзінің пікірін білдіруге кері ықпалын тигізуде.
Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндіктануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды. Mostbet
Тұлғаға бағытталған оқыту-бұл
*Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі
*Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;
*Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
*Балалармен ынтымақтастық;
*Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
*Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
*Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;
*Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
*Оқыту үрдісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмек көрсету;
Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады?
• Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту;
• Баланың жеке (субъектік) тәжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру,пайдалану, «мәдениеттендіру»;
• Баланың алдын- ала жоспарланған ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына,, өмірде өз орнын табуына және қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету .
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Оқыту үрдісі – оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері (кесте 1 қараңыз).
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
- білім беру – бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
- тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру негізінде мектептердің даму жағдайында білім беру нәтижесі ретінде мектеп түлегінің нақты үлгісі, яғни функционалдық, құзыретті мектеп бітіруші бейнесі шығады деп есептейміз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |