Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киімнің жағасы туралы түсінік


Киімнің жағасы туралы түсінік

Киімнің  жағасы  туралы түсінік.

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға технологияда киімнің жағаларының тарихын ескере  отырып жағаларды жіктеу, халық   дәстүрін қолдану және техникалық мәләмет беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға жағалардың түрлері , жасалу жолдары, сызбасын сызуды үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, практикалық іс –әрекеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамды дамыту.

Тәрбиелік : оқушыларды еңбек мәдениетіне , іскерлікке ,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, тиянақтылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі : Әңгіме, түсіндіру , сарамандық  жұмыс , инструктаж,  жеке-дара жұмыс.

Пәнаралық байланыс : Геометрия, сызу, сурет, тарих, математика.

Сабақтың көрнекілігі : киім жағаларының түрлері, суреттер, жаға өңдеу жолдары, инструкциялық нұсқау, жаға үлгілері. Қосымша материалдық түрлері : жаға сызбалары.

Пайдаланылған  жабдықтар : үтік , сызғыш , қайшы, түйрегіш , қарындаш, сантиметірлік таспа, бор, сабын қалдығы, қағаз.

Сабақ барысы:

І. Кіріспе

а ) Ұйымдастыру кезеңі .

ә) Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы пысықтаймын.

1. Көйлек сызбасы қандай бөлшектерден тұрады ?

2. Алдыңғы және артқы бой сызбаларының айырмашылығы қандай ?

3. Өлшем белгілерін қалай таңбалайды?

4. Пішімді   дайындаудың   неше  әдісі бар?

5. Киімді  конструкциялауда негізгі операцияны не дейміз ?

ІІ Негізгі бөлім

а)Жаңа сабаққа кіріспе

Жаға деп  адамның мойын ойындысында  орналасқан , иықты бұйымның  бір бөлшегін атайды.Жаға мойынды  жартылай және толығымен  жауып тұрады .Кейде  ол мойынды тіптен жауып тұрмауы мүмкін.Құрастыру ерекшелігіне  байланысты  жағалар әр түрлі болады .

ә)Жаңа сабақ

Пішініне байланысты  жағалар  әр түрлі болады .Жаға екі бөліктен тұрады: көрінетін жаға, қырынан және көрінбейтін  жаға- тіктемесінен , араларынан  бүру сызығы өтеді .Жағаны  мойындыққа  қосудың  өзіндік ережесі бар .Оны  мойындыққа  қондырып ,тігілген  және негізгі бөлшекпен  көбінесе  алдыңғы боймен  бірге пішілген (тұтас пішімді) деп  екі топқа бөледі.Пішіміне қарай олар тік жаға  (биіктігі  3,5-4-5 см) тік қайырма жаға (биіктігі 2,5-3,5см ) жартылай  тік жаға  (биіктігі 0,5 см) деп бөлінеді.Сол  сияқты  жағалар қырының  еніне қарай да бөлінеді. Сол сияқты  жағалар қырының  еніне қарай да бөлінеді. (4 см –ден 24 см-ге дейін) сызба сызғанда  қондырып тігу.Сызығы қаншалықты  тұзу болса , жаға тіктемесі  соншалықты  биік болады .Мойындық  ойындысына  қарай жағалар  : ашық  мойындықты  және жабық  мойындықты  деп бөлінеді.
Жағалар әр түрлі  киімдерде қолданылады , осыған байланысты  олар әр түрлі әдістермен  бекітіледі .Жаға өндіру әдісіне қарай :
1.Ерлер  жейдесіне  арналған тік қайырма жаға
2.Ерлер жейдесіне  арналған тік жаға
3.Көйлек , жакетке арналған  апаш жаға
4.Көйлек-блузкаға арналған  қайырма жаға
5.Жакет- көйлекке арналған  қайырма жаға
6.Көйлек  және халатқа  арналған қайырма жаға

ІІІ.Сарамандық жұмыс.

Тік жаға мен жартылай тік жаға  сызбасын құрастыру.
Оқушыларға  инструктаж  жүргізіліп , өз-өзін  бақылау  және инемен  жұмыстардың сапасына қоятын  талаптарды  ескертеміз .Мен жағаның  пішу технологиясын  көрсетемін .Оқушылар  кесте  және  нұсқау  карта бойынша  жұмысты  орындайды .
Ағымдағы  инструктаж – технологиялық  операцияларды орындауды қадағалау, техникалық қауіпсіздік  ережелерінің сақталуын тексеру.Құрал жабдықтар мен материалдар : масштаб,сызғыш, бұрыштама, қалам,лекала , ластик, милиметірлік  қағаз , жаға сызбасы.

Жұмыс барысы:

1.9 және 10 кестені пайдаланып ,дене бітіміне  цифрлық  есеп жүргізу  үйрену.

2.Масштабы 1:1 болатын тік жағаның сызбасын құрастыру.

 

Тік жағаның  сызба құрылымы

Белгіленуі

Қиықтар мен нүктелер атауы

 

Есептік формула

(қиық және нүкте атаулары)

Цифрлық есеп  см

 

1

2

3

4

1

ОА

Жаға ұзындығы

Ж2Ж4 (артқы бойдан)+ Ж9Ж10  (алдыңғы  бой сызбасынан)

 

2

ОЖ

Жаға ені

4,0

4,0

3

АА1

Көмекші  нүкте

1,5-2,6

1,5

4

ОО1

Көмекші  нүкте

ОА:2

 

5

ОА1

Қондырып тігу сызығы

Нүктелерді

 қосу

Құрастыру

6

О1О2

Көмекші  нүкте

О1О2 =ОЖ

4,0

7

А1А2

Көмекші  нүкте

ОЖ-0,5

 

8

А2А3

Көмекші  нүкте

А2А3=А1А2:2

 

9

ЖО А2А3

Тік жағаның жоғарғы сызығы

Нүктелерді

 қосу

Құрастыру

Жартылай тік жаға  сызба құрылымы

Белгіленуі

Қиықтар мен нүктелер атауы

 

Есептік формула

(қиық және нүкте атаулары)

Цифрлық есеп  см

 

1

2

3

4

1

ОЖ

Көтеру мөлшері (биіктігі)

4,6-60

4,0

2

ОА

Көмекші сызық

Ж мойа-0,2-ОЖ+2,0

 

3

ЖА

Көмекші сызық

Нүктелерді қосу

Құрастыру

4

ЖА1

Көмекші сызық

ЖА:2

19,2:2 =96

5

А1А2

Қайыру мөлшері

1,0

1.0

6

ЖАА2

Қондыру тігу сызығы

 Ж тік бұрышты

1,0

7

ЖЖ1

Жаға ені

9,0-10,5

10,0

8

АА2

Жағаның алдыңғы шеті

АА2-ЖЖ1

10,0

9

Ж 1Ж2

Көмекші сызық

Нүктелерді қосу

Құрастыру

10

Ж 1Ж2

Көмекші сызық

ЖА3:2

 

11

Ж 2Ж3

Қайыру мөлшері

 

2,0

12

Ж 1Ж3А3

Жаға қыры  қиығы (модель бойынша)

Ж

Нүктелерді бұрыштарын қосу

Құрастыру

 

ІV.Қорытынды бөлім 
Оқушылардың  жұмыстарын тексеру, сапасын бағалау, жіберілген кемшіліктерді  саралау, талқылау/
Сұрақтар:

1.Бүгінгі сабақта біз не үйрендік ?
2.Осы сабақтан  біздің алғашқы нәтижеміз қандай?
3.Осы сабақ сендерге несімен ұнайды ?
4.Жағаның қандай түрлерімен  таныстыңыздар?
5.Ерлер жағасы қандай болады ?
6. Көйлек және халаттың  жағалары қандай болады ?
Енді тіккен жұмыстың  сапасын тексереміз , дайын болған жұмысты  үтіктейміз,көрсетеміз

V.Бағалау

Оқушылардың дайын болған жұмыстың  сапасына қарап , оқушылардың еңбегін  бағалаймыз

VІ.Үйге тапсырма беру

Өз бетінше  жаға түрлерін  моделдеу  (эскиздер  даярлау) әзірлеу 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Г дыбысы мен әріпі
8 сыныпқа І, ІІ арналған тарау бойынша технология пәнінен тесттер
Білімді мыңды жығар
Нүкте. Кесінді
Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау
Ақын Біржан
Цилиндр үлгісіндегі бөлшектің сызбалары
Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу
Жұмсақ ойыншық тігу үлгісі.
Ж дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 14379 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык