Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Нүкте. Кесінді


Нүкте. Кесінді

Нүкте. Кесінді

Тақырып:  Нүкте. Кесінді

Білімділік мақсаты: нүкте,кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Жолда абай болу, ЖЖЕ сақтау.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: үлестірмелі қималар, геометриялық фигуралар, жіп, ребус,

Қолданылатын әдіс: ойын,сұрақ-жауап, проблема туғызу, практикалық жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1. «Домино» ойыны.

Мақсаты: оқушылар заттарды сандармен сәйкестендіруді қаншалықты менгергендерін айқындау.          

Шарты: әр балаға екіге бөлінген карточкалар үлестіріледі, бір бөлігінде дөңгелектер, екінші жағында сандар. Шыққан оқушының карточкасындағы жазылған сан  алдындағы оқушының қағазындағы дөңгелектердің санына сәйкес келуге тиіс.

2. «Қателеспе!» ойыны.

    Мақсаты: оқушылардың қаншалықты геометриялық фигураларды білетіндерін, зат пен санды сәйкестендірулері, зейінді болғандарын көруге болады.

    Шарты: мұғалім көрсеткен цифрға оқушылар алдарындағы жатқан фигуралардың соншасын көрсетеді.

3. «Не жылдам жүреді? Не баяу жүреді?»

    Мақсаты: өмірмен байланыстыру, ЖЖЕ қайталау, өз ойын жеткілікті жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, тіл дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10

1. Ребус:

 Шешуі: СЫЗЫҚ

 2.Қайталау: - сызықтың қандай түрлерін білесіңдер?

- сызықтарды маркерлік тақтаға салғызу.                

3. Практикалық жұмыс:  жіппен

a)      Түзу сызық – қисық сызық – тұйықталған – тұйықталмаған

                            ә)   Түзу жіптің екі жағынан қайшымен қиып алу

-          Мен не істедім? (қайшымен кесіп алдым)

-          Қиып алған бөліктің аты – КЕСІНДІ. Ендеше бүгін сабақ үстінде немен танысамыз?

-          Дұрыс, бүгінгі сабақта біз «Геометрия» елінің жаңа тұрғындарымен танысамыз,  олар – КЕСІНДІЛЕР және НҮКТЕЛЕР.

4. Салыстыру: сызық  -  кесінді.

              -    Жіп арқылы сызықтарды көрсеткенде, жіпті не істеуге болады?  (созуға)

              -    Ендеше, сызықтардың шеті бар ма? (жоқ)

              -    Ал жіптен кесіп алған кесіндіні созуға бола ма? (жоқ)

              -   Неге? (себебі, оның екі жағынан қиылған)

              -   Ендеше, кесіндінің несі бар?(басы мен ұшы бар)

5. Қорытынды: сызықтың шеті жоқ, кесіндінің екі шеті бар.

Үлгі көрсету:

ІҮ. Білімді тиянақтау.

1.Оқулық бойынша жұмыс.

  • №1 – нүктелер жайлы түсінік   беру

-          Сызық неше нүкте арқылы салынған? (екі)

-          Қалай ойлайсыңдар, үш нүкте арқылы сызық өткізуге бола ма? (болады)

-          Ол сызықтың аты қандай болады? (қисық сызық)

  • № 2 – кесіндіні әртүрлі өлшеммен салыстыру.

Қорытынды: бір кесіндіні әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығады.

  • №3 -  кесінділерді салыстыру.

-          Көзбен өлшеу арқылы

-          Берілген өлшем арқылы.

2. Дәптерде жұмыс.

Математикалық диктант:   

Өздік жұмыс:

Ү. Рефлексия.

-  Сабақ үстінде не білдіңдер?

-  Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы бар?

-   Қалай ойлайсыңдар, қайсын өлшеуге болады, ал қайсын өлше алмаймыз? Неге?

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Геометриялық фигуралар.
Сызықтар
Сызықтардың түрлері
Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру
Өткенді қайталау
4 санын қосу және азайту
Геометриялық пішіндер
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Геометриялық фигуралар
Шеңбер және оның элементтері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11334 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык