Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Климат ашық сабақ


Климат ашық сабақ

Тақырыбы: Климаты


Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: Солтүстік Американың климатын оқыта отырып оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, БББ кестесі, Геоминутка әдісі, домино әдісі, аннограмма әдісі. 
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар, интерактивтік тақта, презентация.
Сабақтың барысы:  
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
2. Үй тапсырмасын сұрау. 1. "Ыстық үстел" "әдісі. Тақтанын алдына 1 үстел қоямын. 1 оқушыны сол орындыққа отырғызып сұқтар қоямын. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ол оқушы орнан тұрып басқа оқушымен алмасады. 
1. Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.
2. Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.
3. Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.
4. Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы        500 км.
5. Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.
6. Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.
7. Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.
8. Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.
9. Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.
10. Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары(+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.
11. Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.
12. Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.
13. Солтүстік Американың жазықтарын ата(Ұлы жазық, орталық жазық)
14 Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін ата?.(Сент-Чарлз) 

2. "Геоминутка" оқушыны картаға шығарып бір минут ішінде географиялық обьектілерді сұрау.
3. "Домино". Топтарға домино беріп оларды оқушылар құрастырады. Оқушылар үй тапсырмасын айтып, қосымша сұрақтарға жауап береді.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді..
Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. 
Дәптерлеріне тақырыпты 
жазады.
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. 
Полиглот
1. Солтүстігін не басып жатыр? Қар-Снег-Snow
2. Кенеттен апат әкелетін Торнадо қалай пайда болады?
Жел-Ветер-wind, breeze
3. Ең төменгі температура қай айда байқалады?
Қаңтар- Январь- January
4. Ең жоғарғы температура қай айда байқалады?
Шілде- Июль- July Дәптерлерін ашып, тақырыпты  жазады. Суреттерді салдыртып, анықтамасын жазып алады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі   1.  Кітаптағы климаттық диаграммаларды сипаттау. Әр опқа бір-бір диаграммадан бөліп беремін.
1 топ: Балтимор
2 топ: Жаңа Орлеан
3 топ: Канзас - Сити
4 топ: Сан-Франциску

2. Кестені солдан оңға, оңнан солға және жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай оқи отырып, Солтүстік Американың климатына қатысты сөздерді анықтау Түсінбегендерін сұрайды
6.Қорытынды Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық
7. Бағалау кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысымы бойынша бағалау. Өздеріне лайықты бағаларын алады.
8.Үйге тапсырма 
§31-оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу. 
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік Америка материгіне саяхат
Солтүстік Америкаға саяхат
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Америка мемлекеті
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың климаты
Солтүстік Американың Ішкі сулары
Климаты
Оңтүстік Африка мен Африка
Солтүстік Америкаға қайталау сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2658 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык