Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Солтүстік Американың климаты


Солтүстік Американың климаты

Солтүстік Американың климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар – ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы -40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материктің климаттық картасын пайдаланып, қаңтар мен шілде изотермаларының жүру бағыттары мен көрсеткіштерін, маусым бойынша желдердің басым бағыттарын, жылдық жауын-шашынның таралу мөлшерін анықтап, себептерін анықтаңдар.

2. климаттық белдеулер картасын пайдаланып, материктегі климаттық белдеулер мен олардағы климат жағдайларын анықты; Еуразияны осындай белдеулермен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңдар. Нәтижелерін қысқаша дәптерлеріңе жазыңдар.

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық

Үйге тапсырма: §31-оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу. Осы тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын құрастырып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Солтүстік Америкаға саяхат
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Солтүстік жарты шар материктері
Климаты
Климаты
Климат ашық сабақ
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12022 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык