Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 1844 |
|
|
|
Мұғалімнің жазбасы Тренердің жазбасы
Мұғалімнің жазбасы Тренердің жазбасы
18.04 . күні 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Жамбыл Жабаевтің «Балама хат» өлеңін өттік.Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушылар өздері 6 топқа бөлінді. 1-топ Төлеген,2-топ Рақымжан, 3-топ Бауыржан, 4-топ Талғат,5-топ Мәншүк,6-топ Әлия. Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлап,ол топтың хатшысын, бақылаушысын,репортерын, белгіледі.Кезекші «Бағалау бетшесін» әр топтың бақылаушысына табыс етті және тақтада ілулі тұрған балдық жүйемен таныстырып,қай тапсырмаға қандай балл қойылатындығын айтты.
Үй тапсырмасы М.Ғабдуллиннің «Тау қыраны» мәтінін сұрау. Диалогті әдіспен оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты түсінгендерін байқау үшін сұрақтар қойылады. Әңгімені баяндап отырған кім?
Әңгіме кім жөнінде жазылған? Әңгіме қандай тақырыпқа жазылған?Автор қыранға кімді теңеп отыр?
Жаңа тақырыптың мақсаты туған жерге,елге деген патриоттық сезімді оятуға тәрбиелеу болғандықтан ерлік,батырлық туралы өздерінің білетін мақалдарын айтып топта талдау жасалды. Мәлімет жинау. Жамбыл туралы не білдің? Сергіту сәті.АКТ. Интербелсенді тақтадан слайдпен бір тума ұлы Жамбыл Жабаевтың суреті көрсетіліп,өмірімен таныстырдым.Жамбылдың алты ұлы болған. Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болған. Ал екі ұлы Ізтілеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қайтыс болады. «Балама хат» өлеңін оқып,мазмұнын айтып өттім. Глосарий. Сөздік жұмысы – Сұраншы, Саурық,нәжіс деген сөздердің мағынасы ашылды. Оқушылар өлеңді топ бойынша тізбектеп оқып,түсініктерін қысқа-нұсқа айтып шықты.»Ой қозғау» әдісімен сұрақтар қойылып,миға шабуыл жасау . Шығармадағы негізгі ойды анықтау үшін:
1. Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған?
2. Жамбыл атаның баласының аты кім?
3. Ұлы Отан соғысы суреттерін,сол кезеңге тән құбылыс-оқиғаларды өлеңнің қай шумақтарынан
көруге болады.
4. Жамбылдың жау,жауыз, залым,дұшпан деп отырғаны кімдер?
5. Жамбыл ата баласы мен оның жауынгер достарына қандай үндеу тастайды?Қандай сенім артады?
6. Олар ата сенімін қалай ақтады деп ойлайсыңдар?
1-тапсырма: «Мен соғысты жек көрем «атты қысқаша ой толғау жазғызып,шығармашылықтарын дамытуға жұмыстандым.
2-тапсырма: «Жамбыл жазған хатты талдау» /постерге/
3- тапсырма: Дәстүр. «Өлеңмен көңіл айту»
Дәстүр.Өлеңмен көңіл айту.
«1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты,» -деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
-Ау, Жәке көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың,
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адамкүшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дара едің.
Бір жемісің жел соғып жерге түсті-деген екен.
1.Сен осындай өлеңді естіп көрдің бе?
2. Ол саған қалай әсер етті?
3. Бұл дәстүр жалғасын табу керек пе?
Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Әр топтың бақылаушысы бағалау бетшесіндегі балдық жүйені айтты.Өзім қорытындылап,бағалап шықтым.
Үйге: «Балама хат» өлеңін оқып,мазмұндау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |