Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 2719 |
|
|
|
Бүгін 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Мариям Хакімжанова
Бүгін 4»Е» сыныбында ана тілі пәнінен Мариям Хакімжанова
«Бала Мәншүк» мәтінін өттік.Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушылар өздері батырлардың аттарымен 6 топқа бөлінеді.1-топ автоматтар, 2-топ тапанша,3-топ пулемет,4-топ гранат,5-топ мылтық,6-топ зеңбірек.Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлап,ол топтың хатшысын,бақылаушысын,репортерын,басшысын сайлап белгіледі.Кезекші «Бағалау бетшесін» әр топтың хатшыларына табыс етті және тақтада ілулі тұрған балдық жүйемен таныстырып, қай тапсырмаға қандай балл қойылатындығын айтты.
Үй тапсырмасы «Шығыс шынары» мәтінін сұрау.Диалогтік әдіспен сұрақтар қойылады: 1.Әлия бала кезінде қандай болған?
2.Оқушы Әлия мен Батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті.
Жаңа сабақ. «Мариям Хакімжанованың «Бала Мәншүк» мәтіні. АКТ.Интербелсенді тақтадан «Батырдың өзі өлсе де аты өлмейді»дегендей,сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүр сілкіндірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Соның ішінде Кеңес Одағының батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк
Маметова туған жерді қасиет тұтып,ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Мәншүк Мәметова Жансығали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал облысы, Хасқұтта Нарын ауданында туған.Отбасында 5-еу болған. Әке –шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болды. Мектепте оқиды,одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп,1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады. Пулеметші болып»Максиммен» жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де Отаным аман болса екен , -деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті тұр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең бір сыныптың маңдайшасында былай деп жазылған.»Бұл сыныпта Мәншүк оқыған» Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіштер бар.
«Бала Мәншүк» мәтінімен таныстырдым. Мазмұнын ашуға жұмыстандым.
Топтағы оқушылар мәтінді тізбектеп оқып,мазмұнын қысқа да нұсқа әңгімеледі, түйін жасай білді. Диалогті әдіспен сұраққа жауап алынды.
1.Мәншүктің анасы кім деп еркелетті?
2. Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?
3. Мәтінге сүйеніп бала Мәншүкке мінездеме бер?
Топқа тапсырма: 1-тапсырма Вен диаграммасы бойынша Әлия мен Мәншүкті салыстыру/постермен қорғау/
2-тапсырма: Мәншүктің анасына жазған хатын талдау.
«Мәншүктің хаты»
«Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепте жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір –ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір,алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз,ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып,сізге жауап жазып отырмын.
Қымбатты апатай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім,бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім.Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң,айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып,құшып сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.
Қызыңыз Мәншүк.
1943 жыл. 10-шы қыркүйек.
3-тапсырма: Бес жол өлең құрастыру.
Топтың репортеры шығып,жұмыстарын қорғады,түйін жасап,бағалау бетшесіндегі балдық жүйемен таныстырды. Өзім қорытындылап,бағалап шықтым.
Үйге: мәтінді түсініп оқып,»Батыр қыздар» туралы өлең жаттау.
15.04.2013 жыл.Бүгін 4 «Е» сыныбында ана тілі пәнінен Әзиза Нұрмұханованың «Шығыс шынары» мәтінін өттік.Сабақтың мақсаты бойынша мәтінді түсініп оқуға үйрете отырып, мәтіннің өзекті түйінді,ойын ашуға жағдай жасауға,Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың жастық шағымен таныстырып,балаларды әсемдікке,ұқыптылыққа, өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеуге жұмыстандым.
Ұйымдастыру барысында оқушылар өздері 4 топқа бөлініп: 1-Мәншүк,2-топ Талғат,3-топ Тоқтар, 4-топ Рақымжан,5-топ Мәлік,6-топ Әлия. Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлап,ол топтың хатшысын,бақылаушысын,репортерын тағайындады.Кезекші «Бағалау бетшесін» әр топтың хатшыларына табыс етіп,тақтада ілулі тұрған балдық жүйемен таныстырып қай тапсырмаға қандай балл қойылатындығын айтты. Кіріспе бөлімі: Үй тапсырмасын сұрау -«Мен соғысты жек көрем» өлеңді жатқа сұрай отырып. Диалогті әдіспен сұраққа жауап алдым:
Адам жанын дүр сілкіндірген соғыстың ұлтына,еліне жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың?
2.Ақын соғысқа деген жиіркенішті білдіріпті.Ал сенің ше қалай?
Топ өз ойларын қорғап, түйін жасап, мадақталды әрі бағаланды.
Сергіту сәті.
Жаңа сабақ: Диалогті әдіс Қазақтың қос жұлдызы жайлы не білесің? Олар туралы қандай өлең оқыдың?Әлия туралы не естідің? Егер соғыс болмағанда Әлияның өмірі қалай жалғасуы мүмкін? Әлия туралы қандай өлең,тақпақтар білесіңдер?
АКТ. Интербелсенді тақтадан слайдпен:
Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты.Фашистік Германия қарақшылықпен еліміздің шекарасын бұзып, басып кірді. Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Соның ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәмбетованың ерліктерін мақтанышпен айта аламыз.
Қаһарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында
1923 жылы шамамен 15 маусымда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында өмірге келген.1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде,апсының сіңлісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді.Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданды. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді. Әлия мен Сапураны №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасы жағдайына байланысты Молдағұловтар Ленинградтағы 46 балалар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей,әділетті,шындықты көзге айтатын,қорықпайтын,сыныпта староста болған. Мектепте тәртібі мен білімі үшін «Артек» лагеріне жіберілді.
Глосарий мағынасы
Артек- балалардың демалыс орны.
Мнемоника жадыны дамыту.
1923 жыл- Әлияның туған жылы
№140 –мектеп нөмірі
1933 –Әлияның анасының қайтыс болған жылы
1934 жылы –Әлияның мектепке барған жылы №35-Мәскеуде оқыған мектебі
№46-Балалар үйі
1944 –Әлияның қайтыс болған жылы.
Мәтінмен жұмыс. Мазмұнын ашу. Оқулықпен жұмыс. Топтағы оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығады,мазмұны қысқа әрі нұсқа сұралады.
Топқа тапсырма: 1-топ мергендер, 2-топ атқыштар, 3-топ барлаушылар, 4-топ
пулеметшілер, 5-топ жауынгерлер,6-топ зенитшілерге бөлінеді.
№1 тапсырма:» Әлияға мінездеме бер.» /постермен қорғау/.
№2 тапсырма: «Әлияның өсірген гүлдері.» /постер/
№3 тапсырма:» Әлияның Сапураға жазған хатын талдау.»/ оқу/
Жаңа мәтінді қорытудағы сұрақтар топтамасы:
1. Әлияның барлық жұмысқа үлгеру себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Әлияның осыншама өнерді бойына жинауы мүмкін бе?
3. Әлияның өсірген гүлдері жайында не білесің? Өз бөлме гүлдерің туралы не айтасың? Мектеп сыныбыңдағы гүлдер ше?
Топта әр топ постермен қорғап, түйін жасады.Топтағы бағалаушы өз тобын бағалап болған соң өзім қорытып ,бағалап шықтым.
Жеке оқушыны дамыту сұрақтары:
Әлияның қандай жақсы қасиеттерін өзіңе үлгі етуге болады деп ойлайсың? Әлияны «Артекке « неге ұсынды?
Үйге «Шығыс шынары» мәтін мазмұнын мазмұндауға,» Барлық балалардың тілегі» ой толғау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |