Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балаларға арналған шұлық


Балаларға арналған шұлық

Сабақ тақырыбы: Балаларға арналған шұлық

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың тоқыма тоқу өнеріндегі білімін кеңейту, шеберлік деңгейін арттыру, тоқылу жолын үйрету.

Дамытушылығы: өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: төзімділікке, өнерді бағалауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика

Сабақтың түрі: баяндау, сарамандық жұмыс

Көрнекіліктер: сызбалар, дайын бұйымдар

Құрал-жабдықтар: тоқыма жіп, бес ине

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

а) қарсы алу, сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) сабаққа дайындықты тексеру

ІІ.Жаңа сабақ

а) сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру

ә) еңбек қауіпсіздігі ережесімен таныстыру

б) жаңа сабақтың тақырыбын ашу барысында қойылған сұрақтар арқылы сөзжұмбақ шешу

 

  1. Шашбауға тағатын әшекей
  2. Жіп иіретін құрал
  3. Мата түрі
  4. Киіз үйдің негізгі бөлігі
  5.  Еңбек құралы


ІV.Жаңа сабақты түсіндіру

  • Жұмыстың орындалу реті:
  1. 70-80гр жіп, бес сым қажет
  2. Бастау: сымға 40 шолу тоқу
  3. 4 сымға 40 шолуды 10-10-нан бөлу
  4. 4-5 см резинка әдісімен жоғары тоқу
  5. 5 см тобыққа дейін оң тоқу әдісімен жоғары тоқу
  6. Өкше шығару, тоқыма тең 2-ге бөлінеді
  7. 1-ші сымға тізген 20 шолу қалады
  8. 2-ші сымға тізілген 20 шолудың шеткі шолулары тоқылмай қалып отырады
  9. Сымда 10 шолу қалғанша қысқартылады
  10. Кейін қарай қысқарған жерден бір-бірден шолулар алынып төмен қарай тоқылады.
  11. Сымдағы шолулар 20-ға жеткенше тоқылып, көбейтіледі
  12. 1-ші сымға тастаған 20 шолумен қосып айналдырып, шұлықтың басына жеткенше оң тоқу.
  13. Шұлықтың басын бүру
  14. 1-ші сымдағы 20 шолумен 2-ші сымдағы 20 шолу бір бірімен қатарласады. Әрі қарай 2 сыммен бір-бірден 2 бас алып қысөартып жауып отырамыз.
  15. Жіптің ұшы шұлықтың ішкі жағына бекітіледі

 

Жұмыс  кезінде оқушыларға көмек көрсету. Кеткен қателіктерді түзету, әрі қарай жұмысын жалғастыруға кеңестер беру

 

V. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Сымға шолуларды  тізіп бастаған кезде нені ескеру керек.?

2. Шұлық тоқудың тағы басқа қандай әдістерін білесіңдер?

3. Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

VІ. Жұмысты ұқыпты, шапшаң орындаған оқушы жұмыстарын бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. Жұмысты жалғыстырып, үйден аяқта
у


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Матамен жұмыс істеу
Бисермен жұмыс
Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту
Халық қолөнері. Кебеже жасау технологиясы
Кәсіби қызмет түрлері. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі кәсіби қызмет
Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен, нагельмен құрастырып-бекіту
Табиғи материалдармен жұмыс «Күзгі вальс» композициясын құрастыру»
Шым кесте тігу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3359 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык