Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 15759 |
|
|
|
Табиғи материалдармен жұмыс «Күзгі вальс» композициясын құрастыру»
Табиғи материалдармен жұмыс «Күзгі вальс» композициясын құрастыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелер жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың қасиетін меңгерту.
Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға,ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау, еңбекке құштарлығын,қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілік: Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде қолөнерімізді дәріптей келе, оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу, математика, химия, биология, география.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Нұсқау сызбалармен жұмыс
4. Технологиялық картаменжұмыс.
5. Сұрақ-жауап.
6. Сөзжұмбақ.
7. Сарамандық жұмыс.
8. Сабақты қорытындылау, бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақ: Табиғи материалдармен жұмыс. «Күзгі вальс» композициясын құрастыру.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.
Табиғи матералдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған.
Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.
Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып, реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.
Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.
Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі.
1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары)
2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)
3. Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм)
4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)
Сұрақ-жауап
1. Ине жасалатын темірді ата? А) болат, ә) жай темір, б) ұзын темір
2. Табиғи материалды ата? А) ине, ә) біз, б) пластмасса
3. Технологиялық құрал? А) қалаш, ә) қашау, б) қалып
4. Жүн матаны ата? А) мақта, ә) драп, б) жібек
5. Ою-өрнектердің неше түрі бар? А) 6, ә) 8, б) 10
6. Киімдердің стилі нешеге бөлінеді? А) 5, ә) 4, б) 2
7. Кілемнің түрін ата? А) алаша, ә) тұскиіз, б) қоржын
8. Киізден жасалған ыдыс салатын әшекейлі дорба? А) дорба, ә) аяққап, б) жүкаяқ
9. Иттабан оюы көбінесе қай жерлерге салынады? А) киіз үйдің есігіне, қораның қақпасына, ә) киіз үйдің ортасына, б) үйдің төріне
10. Ұлттық ерлер баскиімін ата? А) қалпақ, ә) кимешек, б) орамал
Сөзжұмбақ
Табиғат сөзіне құрастыру
1. Бұйым пішілетін зат? (мата)
2. Тігін құралы (Қайшы)
3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)
4. Тігін құралы (ине)
5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)
6. Ұлттық киім (камзол)
7. Үтіктеу құралы (үтік)
Сарамандық жұмыс
Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, шам-қауыз(свечка)
Жұмыстың орындалу реті:
1. Композицияны дискіге орналастыру. Тығынды дөңгелектеп 0,5см қалыңдықпен кесіп, дискінің ортасынашыбықтарды жабатындай желімдеу
2. Гүлдердің ортасына теріс жағына желім жағып, дискіге шеңбер бойынша жапсыру
3. Итмұрын жемісінің сабағына желім жағып, оларды гүлдердің арасына жапсыру. Үлкен жапырақтың екі жағына 3 моншақтан жапсыру. Шырақты қою.
Жұмысты аяқтау, қорғау
Қорытындылау: Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.
Табиғи материалдар қайдан алынады?
Қандай түрлерін білеміз?
Қандай бұйымдар жасауға болады?
Бөліктер қалай бекітіледі?
Бағалау:
Үйге тапсырма: «Вологода икебанасы» суретін құрастыру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |