Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өнер алды - қызыл тіл


Өнер алды - қызыл тіл
Өнер алды - қызыл тіл
Мақсаты:
1) Білімділік: Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін,  танымдық қызығушылықтарын дамыту;
3) Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді қастерлеп,  туған жерін, табиғатын, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:  жарыс сабақ. 
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, талдау,  тапсырмаларды орындау.  
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші:
      Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған "Өнер алды -қызыл тіл" тақырыбында өтетін  сайыс сабағымызға  қош келдіңіздер!
I - жүргізуші:
     Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылатанды да-осы тіл. Ең ащы да-тіл,ең тәтті де –тіл. Қазақ тілі-дүние жүзіндегі бай,бейнелі тілдердің бірі. 
ІІ – жүргізуші:
     Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!-
дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
 
ІІ – жүргізуші:
      Алдымен сайысымызда қайсы топ  оза шабатынын,қайсысы  ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ-қазыларымызбен таныс болыңыздар.
1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:  Алдешова Нұрия Қыдырбайқызы
2. Ағылшын пәнінің мұғалімі: Хамитова Меруерт Айнабекқызы
3. География пәнінің мұғалімі: Жамгрбаева Гүлмира Алпысбайқызы
 
І – жүргізуші:
 Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең  "Таныстыру"
2-кезең "Жүйрік ой" (Тұрақты тіркестерге байланысты)
3-кезең "Тіл өнері"   (Мақал-мәтелдерге байланысты)
4-кезең "Білім шыңы" (Қазақ  тілі мен әдебиетке байланысты сұрақтар)
5-кезең "Өнерлі жас" (Шешендік сөздерден көрініс, тіл туралы ән айту)
 
ІІ – жүргізуші:
Беташарын додамыздың бастайық, 
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық. 
Ортамызды сайыскермен толтырып, 
Қошеметпен шақырып, сөз бастайық.
 
І – жүргізуші:
Ортаға "Тапқырлар"тобын шақырамыз.
" Рух пен тіл " тобы.
Таныстырудың жоғары  ұпайы-5. (Әр топ таныстыруларынан кейін орындарына жайғасады)
2-кезең "Жүйрік ой"
(Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашу )
ІІ – жүргізуші:            
                                      Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,
Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл! -демекші,
 көркем ойды түйінді сөзбен жеткізетін 2-кезеңде тұрақты тіркестердің құрамындағы жетпейтін сөзін тауып, мағынасын ашып түсіндіресіздер. 
"Тапқырлар" бастайды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай  қосылады. "Тапқырлар" тобының жауабы болмаса, екінші топқа жауап беруге болады. Ұпай сол топтың еншісінде кетеді. 
1.Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай)       анық
2.Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас)   момын
3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау)    ұрысу
4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер)  алыс
5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш)  айтқан жұмысты екі еттірмей қалтқысыз орындайтын   елгезек адам.
6.Сиыр, жылқы, қой, ат, ешкі  (төбеліндей)   азғантай, аз ғана
7.Бауыр, бүйрек, ішек, жүрек (түгі бар)  ер, батыр, еш нәрседен таймайтын, қаймықпайтын адам.
 
Келесі кезек "Рух пен тіл"  тобында.
1. Тас, су, жер, ет (бауыр)  мейірімсіз
2. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей)    әсем, көрікті, сәнді,жинақы.
3. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді)  ұйықтамады.
4. Тіл, таңдай, ерін, тіс (жармады)   үн-түнсіз қалды, үндемеді.
5. Жиырма, қырық, елу, отыз (пышақ болу) таласып-тартысты, араздасты.
6. Аяқ, бас, қол, төбе  ( көкке жетті)    қуану.
7. Көз, қол, ауыз, есік (ашық)  білімді, тереңнен ойланатын адам. 
3-кезең   "Тіл өнері"
І – жүргізуші:
Мақал-мәтел -бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын әкеп беріпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.
ІІ – жүргізуші:
     Сайысымыздың  "Тіл өнері" кезеңінде сұраққа мақалмен жауап беріп,  берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрастырамыз.
І – жүргізуші:
"Тапқырлар " тобының сұрақтары:
1.Жылан інінен қалай шығады? 
Жылы-жылы сөйлесең, жылан  інінен шығады. 
2. Өнер алды не?
    Өнер алды -қызыл тіл
3.Инемен құдық  қазуға бола ма? 
Оқу инемен құдық қазғандай. 
4.Ең тәтті не? 
а) Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті 
б) Ең тәтті де -тіл,
    Ең ащы да -тіл.
    Ең жұмсақ та -тіл,
    Ең қатты да -тіл.
5.Не қорқақ,не батыр? 
Көз қорқақ,қол батыр. 
6.Кімнен кім жаман? 
Олақтан салақ жаман. 
7.Тауық түс көре ме? 
Тауықтың түсіне тары кіреді. 
 
ІІ – жүргізуші:
" Рух пен тіл" тобының сұрақтары:
1. Оттан да ыстық не? 
Отан оттан да ыстық. 
2. Сүйектен өтетін не?
   Сөз сүйектен өтеді,
    Таяқ еттен өтеді.
3.Ер қаруы нешеу? 
Ер қаруы бес қару. 
4.Отқа түсіп күймеуге бола ма? 
Отан үшін отқа түс күймейсің. 
5. Көңілдің кілті бола ма?
      Тіл -көңілдің кілті.
6. Жақсы мен жаманның ашуы қандай?
     Жақсының ашуы -шайы орамал кепкенше,
     Жаманның ашуы -басы жерге жеткенше.
7. Тиексіз болатын нәрсе не?
      Тіл -тиексіз
І – жүргізуші:
     Келесі кезекте екі топ экранда көрсетілген сөздерден   мақал-мәтел құрайды.  
2  минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 
1-топ
1.жатқан,қария,дария,ақылды,ағып. 
(Ақылды қария -ағып жатқан дария.)    
2. күйініш, жақсысы, жаманы, сүйініш, баланың.
(Баланың жақсысы -сүйініш,
Жаманы -күйініш) 
3.тамған ,тамар,у,бал.тілден., 
(Бал тамған тілден,
у да тамар) 
  4.үйдің ,жылы туған,түтіні. 
(Туған үйдің түтіні жылы) 
5.шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың. 
(Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас) 
2-топ
1.бар,бардың, інісі, жағасы,тынысы, ағасы.
(Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар)
2. бала, арлы, бала, әдепті,әдепсіз,сорлы, бала, бала.
(Әдепті бала -арлы бала,
Әдепсіз бала -сорлы бала)
3. табар,сөз,табар,жүйелі,жүйесін,иесін,сөз,жүйесіз.
(Жүйелі сөз-жүйесін табар,
Жүйесіз сөз-иесін табар)
4. жинағанды,шөміштеп,төкпе,қасықтап.
   (Қасықтап жинағанды,
    Шөміштеп төкпе)
5. болмассың, кең, болсаң, кем.
  ( Кең болсаң,кем болмассың)
4-кезең "Білім шыңы"
ІІ – жүргізуші:
Бүлкілдеп, құрбым, жорғадай майда шабыспен
Озып келерсің, күтеді сені қауым ел!
Құлагеріндей сері атамыз Ақанның,
Оқ атар жан жоқ,
Алды боп, құрбым , шауып кел.
І – жүргізуші:
     Сіздер келесі сынақ "Білім шыңы" бөліміне жеттіңіздер.Мұнда ұяшықтарға жасырынып тұрған қазақ тілі мен әдебиет пәніне байланысты  қойылатын сұрақтарға жауап бересіздер. Сұрақты екі топ кезек -кезек таңдайды. Сайыстың бұл кезеңінде сұрақты топтың қай мүшесі таңдаса, сол оқушы ғана жауап береді. Бірінші болып сұрақ таңдайтын "                  " тобы. (Сұраққа дұрыс жауап берсе, көрсетілген ұпай саны қосылады)
 
Қазақ тілі 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
 
Әдебиет 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
Қазақ тілі
10  ұпай – Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
 12 дауысты, 26 дауыссыз дыбыс бар)
  20  ұпай – Үндестік Заңының қандай түрлері бар?
                                                 (Буын үндестігі және дыбыс үндестігі)
 
 30  ұпай – «Қазақстан» сөзін буынға бөліп, буын түрлерін ажыратыңыз.
                                          (Қа-зақ-стан. Қа – ашық, зақ – бітеу, стан – бітеу)
40 ұпай – «Отан» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. 
        (Отан – 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын (1-ашық, 2-бітеу)
 
          О – дауысты, жуан, еріндік, қысаң
                  т – дауыссыз, қатаң
                  а – дауысты, жуан, езулік, ашық
                  н – дауыссыз, үнді)
 
   50 ұпай – Есімдіктің мағыналық түрлерін атаңыз.
                                                       (Сіздер – жіктеу
                                                        Бұл – сілтеу
                                                        Ешкім – болысыздық
                                                       Бүкіл – жалпылау
                                                       Кейбір – белгісіздік
                                                       Қашан – сұрау
                                                       Өзім - өздік)
 
60 ұпай – «Үлкендерге көмектесу» сөз тіркесін ауыспалы осы шақта жекеше түрде  жіктеңіз 
(Жекеше:                             
І жақ – үлкендерге көмектесемін
ІІ жақ – үлкендерге көмектесесің 
ІІ жақ – үлкендерге көмектесесіз
ІІІ жақ – үлкендерге көмектеседі)
 
70  ұпай – Тура толықтауыш пен жанама толықтауыштың 
                    айырмашылығы  қандай?
         (тура толықтауыш табыс септіктің сұрақтарына жауап береді,
                      ал жанама толықтауыш барыс, жатыс, шығыс, 
                      көмектес  септіктердің сұрақтарына жауап береді) 
80 ұпай- Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағын ата.
                               ( -ғалы, -гелі,- қалы, -келі)
 
 90 ұпай -Бағыныңқысы үстеуден болатын сөз тіркесінің байланысу түрін ата. Мысал мен
                дәлелде.
                                                                                        Жанасу.  (Ертең келемін)
100 ұпай -Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
                  Құрмалас сөйлемнің түріне қарай талда. Сөйлем құрамынан екі сөз
                  аралығындағы кейінді ықпалды тап.
                                         (Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем, күліп  жіберді)                     
Әдебиет
 
10 ұпай-  «Көксерек»  әңгімесінің  басты кейіпкері? 
                                                                          (Құрмаш) 
20 ұпай-  Шоқанның әжесі?            (Айғаным)
 
30 ұпай - Қазақтың шешендік сөз тарихы қай шешендерден басталады?
                                                                                                  (Майқы би, Аяз би)
40 ұпай - Абайдың туған жылы?   
                                                 (1845)
50 ұпай - Қаршыға қай жырдың кейіпкері?
                                                                                          ("Қыз Жібек" жырының)
 
60 ұпай - «Қазақ хрестоматиясын»  жазған кім? 
                                                                                   (Ы.Алтынсарин).
70 ұпай -  Тіл туралы өлең .
                 (Мәнерлеп, жатқа айту)
 
80 ұпай -                                               Еліңе де барарсың,
                                                               Тірі болсаң еліңнің
Керегіне жарарсың,
            Дос та елден, жау да елден
         Алды-артыға қарарсың, -
      деген жолдар қай ақынның дастанынан алынған үзінді?
                                                                                 (Д.Бабатайұлы "Еспенбет" дастаны)
 
90 ұпай – Мынау кімнің суреті? Бұл жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?
                                             (Мұхтар Әуезов. «Қаракөз», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Абай жолы»)
 
100 ұпай - Қазақтың тұңғыш ғалымы, географ, этнограф
                                                                    (Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов)
 
5-кезең  "Өнерлі жас"
ІІ – жүргізуші:
        Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке -ердің құнын
                  Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам ,-дей келе,
      сайысымызды "Өнерлі жас" кезеңімен жалғастырамыз. Бұл кезеңде екі топтың үйден дайындап келген шешендік сөздерден  қойылымдарын  және тіл мерекесіне арналған ән шашуларын тамашалаймыз. Сайыскерлердің өнерінің жоғарғы ұпайы -10.
 
І – жүргізуші:
     Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
ІІ – жүргізуші:
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан ерлік,елдік,азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім -қазақ тілім.
І – жүргізуші:
Ана тілім -бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
О, адамдар қадіріне жетіңдер,
Ана тілің -анаң, сыйлап өтіңдер.
 
ІІ– жүргізуші:
       Міне,осымен тіл мерекесіне арналған «Өнер алды -қызыл тіл»сайысы да өз мәресіне жетті.Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік! 
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Тілді сүйсең менше сүй
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Сөз мерген сайысы
Ықпалдың түрлері
Қос сөздер
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4935 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык