Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойындар жинағы


Ойындар жинағы
Спорттық ойындар

Доппен жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Мергендер

Саптың ең алдында тұрған ойыншы батут доптың үстіне отырып секіріп барып волейбол доптың жатқан жеріне дейін жетіп волейбол допты нысанаға тигізіп, қайта артқа келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Допты түсірме

Сынып екі командаға бөлінеді.. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып секіріп жалаушаға жетіп есепті шығарып қайта артқа келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Кім жылдам?

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі

Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Допты қуып жет Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эстафеталық ойындар
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.
Баскетболдан және волейболдан оқушылар үшін жаттығу сынақтары ( әдістемелік құрал )
Көңілді эстафета
Баскетбол ойынының айла-тәсілдері
Эстафеталық ойындар
Ұлттық ойындар
Спорт –біздің досымыз!
Спорттық ойындар (Баскетбол)
«Көңілді спорттық ойындар»

Автор Марс Тулегенов Есенгелдіұлы

Б. Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі

Бөлім: Материалы / Қосымша жинақтар | Көрсетілім: 4645 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар