Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері


Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
 
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді. 
Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі: киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгеруге болады.
Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден құралады.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш сияқты негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді. 
 
 
Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қпйыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, сәулеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттармен атайды.
Киіз үйлердің бұлай аталуы оныңсыртынан жабатын киізге тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықтар «туырлық» дейді. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды.
Киіз үйдің туырлығы біріңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса, оны «ақ үй», қоңыр жүннен басылған киізбен жабылса, «қоңыр үй», боз жүннен басылған киізбен жабылса, «боз үй» деп атап кеткен.
Шаңырақ
 
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Шаңырақ бірнеше бөліктен тұрады:
 
Шаңырақ.
1-тоғын. Ол шаңырақтың негізгі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
                                                            Кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.  
Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. 
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
                                                                                                 Уықтар
Илеген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады.
Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақпен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен еселейді.
Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер беделдеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады. 
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: мыңадайша, екі босаға, табалдырықпен екі жақтау.
Киіз үй есігінің құрылысы:
1-маңдайша;
2-босаға;
3-сықырлауық;
4-жақтау;
5-табалдырық;
 
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйі сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды. 
Киіз үйдің сүйегі.
 
1-кереге;
2-уық;
3-шаңырақ;
4-сықырлауық

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Баяндауыш
Киіз үйді бейнелеу
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Сөз құрамы. Түбір мен қосымша. Қара шаңырақ
Киіз үй
Киіз үй
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі
Киелі киіз үй.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4053 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык