Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі


Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

Тақырып: Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімдік – оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып, жаңа сабақты меңгерту.
2. Дамытушылық – оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту. 
3. Тәрбиелік – оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениеттікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді игереді. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті туралы қажетті білім алып, оны өзіндік жұмыс кезінде іске асыра алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ізденіс, өзара оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, сызбалар, слайдтар. 
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу.
Ә) Түгендеу.
Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
В) Сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Кім жүйрік?
1. Тарихта ең ұзаққа созылған дәуір қалай аталады? (Тас дәуірі)
2. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл. (Қола)
3. Жеке меншік қалыптасқан кезең. (Қола дәуірі)
Темір дәуірі.
 
 - Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді қалай атайды?
                    (Темір дәуірі)
 
   - Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі. (Пеш-көрік)
                -  Темір дәуірі қай ғасырларды қамтыды? (Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з-дың 6 ғасыр) 
 
                 - Дала тұрғындары шаруашылықтың қандай жаңа тәсілін ойлап тапты? 
                   (Көшпелі мал шаруашылығы)
 
                - Көшпелілік дегеніміз.....  (Тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық-мәдени,
                   әлеуметтік жүйе)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.
2. Көшпелілердің баспанасы.
    Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей  көшіп жүрген.
 
 
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтаймен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
   Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр.
    Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.
 Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Тапсырмалар. 
1-тапсырма. Кім шапшаң? Математикалық есептер.
2-тапсырма. Ойланып көр:
Мал өсіруде көшпелілер үшін жануарлардың қандай қасиеттері маңызды болды, яғни олардың қандай артықшылықтарына қарап таңдау жасады?
3-тапсырма.
Жануарлардың қай түрі көшпелі, қай түрі отырықшы мал шаруашылығында көп өсіріледі?
Көшпелі мал 
шаруашылығы Отырықшы мал шаруашылығы
4-Тапсырма. Дәстүрлі (көшпелі) шаруашылық үшін маңыздылығы тұрғысынан мал түрлерінің орнын анықтап, логикалық тізбек құр.
  1-жылқы                                   3-түйе
  2-мүйізді ірі қара                          4-қой
5-тапсырма. Анаграмманы шеше отырып, көшпелілердің негізгі баспанасын және оның бөліктерін ата.
 
К И І З Ү Й
Қ А Ң Қ А
К Е Р Е Г Е
У Ы Қ Т А Р
Ш А Ң Ы Р А Қ
Й К З И Ү І
Қ А Ң А Қ     
Е Р Е Г Е К
Р А Т Қ Ы У
А Ң Ы Қ Р Ш А
IV. Бекіту. 
1. Сөз табыңдар.
Сөз әріптерден тұрады. Бірнеше әріптен бірнеше сөз құрауға болады. Мысалы, Тарих сөзімен АР, ХАТ, ТАР, ХИТ, ТИР сөздерін жасауға болады. КӨШПЕЛІ сөзінің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз құрап көріңдер.
2. Бүгінгі сабағымызға қатысты сөздерді тауып, қоржынға салу керек.
Қола, киіз үй, жайлау, қыстау, мезолит, шаңырақ, андрон, көшпелі мал шаруашылығы.
V. Үй тапсырмасы: 13 тақырыпты оқу, мазмұндау. Кестені толтыру.
Қола дәуірі мен темір дәуірінің жаңалықтары
Қола дәуірі Темір дәуірі
VІ. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы қоғамдық құрылысы
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Көшпелілікті зерттеу тарихы. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы
Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі
Киіз үй бөлшектерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4660 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык