Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 9565 |
|
|
|
Т.Әбдіков. «Қонақтар»
Сабақтың тақырыбы : Т.Әбдіков. « Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- қазақтың белгілі жазушысы, әрі қоғам қайраткері Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту , прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге дағдыландыру, әдеби дүние танымдарын кеңейту, пәнге қвзығушылығын арттыру;
Тәрбиелік-әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке, мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу, шәкірттер бойына ұлттық ізгі қасиеттерді ұялату
Сабақтың әдісі: баяндау , сұрақ – жауап , әңгімелеу,топтастыру, проблемалық ситуация тудыру, тірек-сызбалар, пікірсайыс.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жалпылау және қорытындылау сабағы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих, халықтық педагогика
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, тірек – сызба, мақал – мәтел жазылған плакат
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу
2.Сабаққа қатысымын тексеру
3. Сабақ мақсаты мен ерекшелігін түсіндіру
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар өткен сабақта біз Т.Әбдіковтың өмір жолы,шығармашылығы және «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. «Енді осы белгілі қаламгер Төлеген Әбдіков туралы не білеміз» тақырыбында топтастыру жасайық.
/Топтастыру жасалады/
Қане , топтастыру жасап болсақ, шығармалары,жинақтары туралы не білеміз? /Оқушылардан шығармалары туралы сұраймын/ Оқушылардан шығарманың мазмұны сұралады
Сабақ айтқан оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылады.
1. Автордың мақсаты не?
2. Ерғабыл қарттың ұлына не себепті көңілі толмады?
3. Сен осы әңгімеге қандай ат қояр едің?
4. Т.Әбдіковтың қай шығармасына көркем фильм түсірілді?
«Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін білмес»
Ғ.Мұстафин
Мұғалім сөзі:
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген кеім еді!
Бабалардың баласы-қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді,- деп М.Мақатаев жырлағандай бүгінгі біздің әңгімеміз баласын сағынған ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты, сағынышы туралы болмақ. «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі- далада» дегендей , баласы Сапабектің ойы қала мен жұмыста екенін ашық бейнелеген.
Әңгіме соңында қарттардың көңіл-күйі су сепкендей басылады. Қонақ болып келіп, ата – ана көңіліне қаяу салып кеткен баланың жайы әңгімеде шынайы көрсетілген.
1.Деңгейлік тапсырмалар
1-ші деңгей . Автордың орнында сен болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?
2-ші деңгей. Қарттардың көңіл – күйін бейнелеу.
3-ші деңгей. Сапабекке хат жазу.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап жатқанда, қалған оқушыларға мәтін бойынша тест сұрақтары беріледі.
2. Тест сұрақтары:
1.Ертемен ерте тұрған Ерғабыл қарт қай затын іздеді?
а/ таяғын ә/ мәсісін б/ мәсісін
2.Сапабектің мамандығын көрсет.
а/геолог ә/жолсерік б/ биолог
3.Кешке үйге қонақтар жиналғанда Сапабек жастарға қандай коньяк құйды?
а/италияндық ә/ қазақстандық б/ югаславиялық
4. Шығармадағы мақтаншақ кейіпкер?
а/Аспандияр ә/Сапабек б/ Абыл қарт
5. Т.Әбдіковтың романын көрсет.
а/ Оралу ә/Оң қол б/Өлара
3.Оқулықпен жұмыс.
1.Ерғабыл қарттың баласын сағына күтуі әңгіменің қай жерінде көрінеді?
Сұрақ: Баласын қарт неге сағына күтті?
2.Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шалдың бейнесі оқиғада қалай суреттелген?
Сұрақ: Ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне қарым – қатынасы қандай?
3.Қарттардың келіні Томаның іс- әрекеттері шығармада қай жерде көрініс табады?
Сұрақ: Қазақ келіні қандай болуы керек дейсің?
Мұғалім сөзі:
4. Әңгімеде кейіпкерлер тобы бар . Әр кейіпкердің өзіне тән ерекшелігі, қасиеті, қылығы , мінезі болады. Осы жағдайларды айқындау үшін семантикалық карта толтырайық.
Кейіпкерлері Портреті Әрекеттері
Ерғабыл қарт
Кемпірі
Сапабек
Тома
Жеңіс
Аспандияр
5. Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
Алагеуім-таң енді атып келе жатқан уақыт, апаөқ-сапақ
Шақша-насыбай салатын ыдыс
Сағағы- мойын,алқын
Көлегейлеп – қолын маңдайына апару
Қынжылу- кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы , қиналу.
Мұғалім сөзі:
Сөздіктерді жазып болсақ , тақтадағы мақал – мәтелдерге назар аударайық ./ Оқушыларға оқытып , мағынасын қалай түсінгендерін сұраймын.
1. Атаңа не келтірсең, алдыңа сол келер
Атаңа не қылсаң балаңда соны қылар.
2. Ата – анаңды сыйласаң көп жасарсың
Сыйламасаң жан қинарсың
3. Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды.
4.Ата балаға сыншы
Бүгінгі сабағымызды өзімізге қажетті нені біліп , нені үйреніп , енді нені білгіміз келетінін «Инсерт әдісі» бойынша байқап көрейік .
Не білдім? Не үйрендім ? Не үйренгім келеді?
Мұғалім сөзі:
Сонымен оқушылар , бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің Қарт әек-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын таныдық .Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық . Қалаға асығатын Сапабекің ұлтымыздың салт – дәстүрінен қол үзіп қалған, борыш парызды жеңіл түсінетін ата – анасына мейірімділігі жоқ екенін білдік .
Қадірлеңдер ата-ананы қымбатты,
Біздер үшін тер төгілді тым қатты.
Талай түндер бесік жырын тербетіп,
Сәбилерге өмір сыйлап , маздатты
Қарияларым - қазыналарым бағалы ,
Сағыныштан суланады жанары.
Қарты бардың - қазыналы бағы бар,
Дархан мінез, терең ақыл аралы.
Үйге тапсырма : Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйсіне отырып, «Ата – ана қадірі» деген тақырыпқа шығарма жазу.
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |