Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3511 |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев Ана
Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: мәтінді дұрыс түсініп ,мәнерлеп оқуға
үйрету,талдау жұмыстарын жүргізу ,мазмұнын меңгерту.
2) Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып,соның
нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін
жетілдіру,оларды шығармашылық ізденіске баулу.
3) Тәрбиелік: Ананы құрметтеуге ,қадірлеуге ,ардақтауға
тәрбиелеу.Бала бойына ананы сыйлау,өнеге тұту сияқты
ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,нақыл сөздер,сөзжұмбақ,кітаптар,Венн көрсетуі,
үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Талдау,ой қорыту,жинақтау,түйіндеу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Апамның астауы» түсініп оқу,мазмұндау.
1.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
-Жазушының ілтипатпен ,ыстық сезіммен еске алып отырған кім?
-Шығармада автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған қандай сөздер бар?
-Апасын аңсаған сезімі қалай берілген?
ІІІ.Сергіту сәті
Үнтаспадан «Көңілді күй» әнін қосылып орындап билеу.
ІV.Жаңа сабақ: «Ой қозғау»
Кіріспе әңгіме: Автордың қысқаша өмірбаяны.
1916 жылы Қарағанды облысы ,жезді ауылында дүниеге келді. Өте білімді ,сауатты.
Автордың «Балалық шақ», «Есімізде қанды жорықтар» шығармалары орыс,қазақ
тілдерінде шықты.Ұлы Отан соғысына қатысқан лейтенант.
-Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.
-Мәтінге сұрақтар қою.
Мәтіннің негізгі ойы не?Теңізге нені теңейді?
Апамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?Ананы қай кезден бастап іздейсің?
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.
-Мәтінде қандай теңеу бар?( Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емеспе?)
-Неге теңізге теңейді?(Өйткені теңіз терең,сол сияқты ананың да тілі,тілегі ,махаббаты шексіз,терең)
-Жылап уанбай шырылдағанда кімді іздейсің?Уанбай сөзімен мағналас қандай сөздер бар?
жұбанбай
Уанбай жылай беру
еш нәрсеге көнбеу
-Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат?(Бәрінен)
V. Поэзия минуты
Ана туралы өлеңдер оқыту.
Мәпелеп өсірген
Қуанттың сен мені
Аялап тербетіп
Өсірдің сен мені
Аяулы анашым
Құлпырып жүре бер
Ардақты анашым
Түн ұйқыңды төрт бөліп
Мен үшін анашым
Өсірдің сен мені
Мың алғыс анашым.
VІ. Дәптермен жұмыс. «Ананың махаббаты», «Жалпақ дүние», «Толқымайтын жүрек»,
«Сезбейтін сезім», «Тасымайтын қан» сөз тіркестерін дәптерге жазғызу.
VІІ.Суреттермен жұмыс.
Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана-жұмысшы, ана-ақын, ана-дәрігер, ана-батыр, ана-жазушы, ана-депутат, ана-мұғалім, ел басқарушы болып салада қызмет етеді.
VІІІ. Сабақты қорыту. ВЕНН көрсетуі
Үнтаспадан ән тыңдалады. «Ару ана» әні
ІХ. Үйге тапсырма беру.
«Ана» мәнерлеп оқу, жаттау. Ана туралы шығарма жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |