Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз


Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз

Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз


Мақсаты: ғасыр дерті темекі, арақ, олардың денсаулыққа зияндылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.
Міндеттері: 1) салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегі нашақорлық ауруларының  адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін анқытау;
2). Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін  дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірлесу, өз ойларын ашық айта білуге білімдерін  дамыту.
3) жат әдеттерден аулақ болуға, салауаттылықа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, құқық, тарих.
Көрнекілігі:  нақыл сөздер, газеттер, музыка, слайд
Жоспары:
1.    Слайд «Зиянды әдеттер»
2.    Сот үдерісі (арақ, темекі, есірткі туралы)
3.    Өзім үшін жазу әдісі... (көрермендермен жұмыс)
4.    «Денсаулық»  биі
5.    Қорытынды
Барысы:
Жүргізуші:  «Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз  бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға ішімдік, темекі, нашақорлық бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп дүние салды, талай ауруларға ұшырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқын осындай келеңсіз істен  аулақ болсын деп еліне, халқына 2030 жылға арнағын бағдарламасының бір бөлімін денсаулыққа арнаған. «Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен шұғылдан» деген Елбасының жолдауында көрсеткен өзекті мәселелерінің  бірі-салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Соың бір дәлелі Елбасымыздың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы. Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды деп осы бағдарламының кіріспе бөлімінде атап көрсеткен болатын. Осы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлесімізді қосу біздің парызымыз, яғни зиянды , жат әдеттерден аулақ болып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Қазір сіздер Арақ, Темекі, Есірткінің қоғамға жат әрекет ретінде сотталу үрдісін тамашалайсыздар.
Хатшы: Тұрыңыздар , сот келеді !
Сот: Отырыңыздар .Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын. Сотталушылар арақ, темекі, есірткі бойынша қылмыстық іс қаралады. Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғанын баяндаңыз.
Хатшы:    Сот үрдісіне қатысушылар: сот кеңесшілері,  жәбірленушілер (қоғам ішіндегі экология, мәдинет, демография ),  айыпталушы қызметкерлер 1-арақ, 2-темекі, 3-есірткі, айыпталушы  (прокурор), қорғаушы (адвокат).
Айыпталушы : Бүгінгі сот үрдісінде қаралатын мәселе-ХХ ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және ХХІ ғасырдың басты індетінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі жөнінде. Олардың қылмыстары толық дәлелденген. Сот алдында айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз.
Сот: Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы айыпталушы қылмыскерлердің сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз.
    Қоғамдық экология саласы: Біздің қоғамымызда  ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға де кері әсерін  тигізуде: темекі  түтінінен ауаның бүлінуі, өрттің пайда болуы т.б.
    Қоғамдағы демография саласы: Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне қылмескерлер орынында отырған темекі, арақ, есірткінің зияны мол. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қоол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен ажыратуда.
    Сот қорғаушы мен қылмескерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқ па, соны сұрайды.
Қорғаушы: Жәбірленуші менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық  түсіндіру үшін айыпкерлердің өздеріне сөз берілуін сұраймын.     
Сот: Қазір қылмыстық істі баяндаймыз. Соттаушылар, тұрыңыздар. Өздеріңізді  таныстырыңыздар.
Мен  атым-Арақ, Египетте дүниеге келдім.
Менің атым-Темекі, Америкада дүниеге келдім.
Менің атым-Есірткі, басқа ештеңе де есімде жоқ.
Сот: Соттаушылар, нақты  сот құрамына сенесіздер ме ?
Соттаушылар: Сенеміз.
Сот: Не үшін айыпталып айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ме ? Темекі, сіз кінәңізді мойындаймыз ба ?
Темекі: Жоқ, мойындаймын.
Сот: Есірткі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?
Есірткі:  Жоқ мойындамаймын.
Сот: Арақ, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?
Арақ: Жоқ, мойындамаймын.
Сот: Темекі, сіз кінәңәздә неге мойындамадыңыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар?
Темекі: Мен өзімді айыптымын деп есептемеймін. Мен де әріптесім сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін. Мені жарнама жасамаңыздар.
Сот: Сұрақтарыңыз бар мая?
Қорғаушы: темекі, сіздің кесіріңізден үйлер, егістік ормандар өртенді дейді сол рас па?
Темекі: Жоқ, бұл өртке менің ешқандай да қатысым жоқ, менітантқан кісі тартып болып, жанымды көзіме көрсетіп аяғымен мыжып, құмға көміп, көзімді құртты.
Айыптаушы: темекі, сіздің құрамыңызға химиялық заттар кіреді екен. Никотин деген уыңыз адам ағзасын әбден бүлдіріпті.Осыны қалай түсіндіресіз?
Темекі: Адамдар менің құрамымды. Никотиннің адамға зтян екенін біле тұра жолағанына мен де таң қаламын. Мен өз түтінімнің құрамын ешкімнен жасырған жоқпын.
Ана: менің кәмелетке толмаған баламды неге өлтірдің, не кінәсі бар еді?
Темекі: маған жолама деп тәрбиелеу қажет еді.
Сот: темекі, сізге көптеген кінәлар тағылып отыр, алдағы уақытты не ойығыз бар?
Темекі: мен ешкімге зиян келтірейін деп бұл өмірге келгенім жоқ.
Сот: Есірткі , сіз кінәғізді мойындасыз ба?
Есірткі: апиынды адамзат ертеден қазірге дейін адам басындағы кейбір дерттерге шипа ретінде қолдануда. Адамдар жаман қасиетіме жоламай, тек жақсы қасиетімді ғана пайдалансын. Операция жасаған кезде ауруды сездірмеу үшін.
Сот: сұрақтарыңыз бар ма?
Қорғаушы: есірткі, сіз әлгі азамат қайтыс болған күні қай болдыңыз?
Есірткі: Қайтыс болған адамға ешқандай да қатысым жоқ, ол адам қайтыс болатын күні бір  тиыны да болмай мені сатып ала алмады, берекесі кетіп шыдамай, біреудің қалтасына түсіп еді, ол біліп қойып тепкілеп жатқан, сол тепкіден кеткен болар
Айыптаушы: Есірткі, сіздің кесіріңізден адамдар дауасыз дертке ұшырады.
Есірткі: Менде ондай жаман ой болған емес, өздері кікәлі.
Сот: Арақ, сіз айыбыңызды мойындамадыңыз, ал соны бізге  нақты баяндаңыз.
Арақ: Мен ешқандай да өтірік қоспай ағымнан жаралайын. Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттемін.
Құрметтісот мүшелері, өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін. Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар. Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Аруақ: менің өлімімен, арақ, темекі, тек сені кінәлаймын.
Арақ: Өзің ғой менсіз тұра алмаған
Сот: Арақ, неліктен сіз адамдарға қас болдыңыз?
Арақ: Жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып, жарнама бересіздер, бұл теріс жарнама. Не істесеңіздер де ойлап істеңіздер.
Сот: Жауап алып  болдық, енді сот талқылауына көшеміз. Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.
Айыптаушы: мен осы үш айыпкерге де адамзат баласына қастандығы үшін ең ауыр жаза қолдануды өтінемін. Темекі тартқан 13 жастағы бала өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болды, есірткі адамды жандырып, арақ өлтіріп тынды. Айтқан айыптарымның бәріне толық дәлелдер,  эксперт қорытындылары бар.
Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы үш бұзақыға қандай жаза қлодануды қалайсыздар? Нақты фактімен дәлелдеңіздер
Анасы: менің перзентімнің өміріне балта шапқан бұл үшеуінің де тиісті жазасын беру керек. Елімізде осыларды сататын сатушыларға тыйым салу керек. Ең бастысы менің балам секілді кәмелет жасқа толмаған балаларға мүлдем сатуға тыйым салу керек.
Орманшы: Адамдарға айтарым, әр қолданған заттардың артын мұқият қарау керек. Мен талай рет орманмның өртенгеніне куә болдым. Бұл әрине темекінің кесірі. Арты орны толмас шығынға ұшырататын осы іске қатысы барлардың бәрінің тиісті жазасын беру керек.
Сот: Аруақ, сіз соттан араққа қандай жаза қолданса деп ойлайсыз?
Аруақ: менің өмірімнің ойран еткен бұл араққа өмірде өз орнын жойсын дегңм келеді. Және достарыма айтарым арақ, темекіден аулақ жүріңіздер.
Сот: Сотталушыларды соттау үшін сөз қорғаушыларға беріледі.
Қорғаушы: Сот барысында болған оқиғаларды тыңдай келе, жәбірленушілердің кінәсін мойындаймын көп істерге қатысы бар. Дегенмен адам баласына айтарым бұл үшеуі ешкімнің ауызша барып түспейді, яғни адам бұл зиянды әдеттерден өз бойларын өздері аулақ ұстаса болар еді. Бұл үшеуін өмірге әкелетін де адамзат өздері. Сондықтан ендігі уақытта адамдар тарапынан тоқтау болу керек деп ойлаймын.
Сот: Тағы куәлар бар ма?
Дәрігер: Өмірдегі ең қымбат алтын емес, адам. Ең қымбатты адам болғаннан кейін оған қажеттісі- денсаулық.Денім сау болсын десең, денсаулықтың достарын біліп қойыңдар.Абай атамыз айтқан:
        Талап,еңбек,терең ой,
        Қанағат,рақым,ойлап қой.
 Денсаулықтың достары- таза ауа, күннің сәулесі.Деннің сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа. Денсаулықтың достарының бірі- тазалық. “Тамақты қазақша қолмен жесең, қолыңды сабындап жу ” деп Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, әсірісе, баубақша өнімдерін жеместен бұрын қол жууды ұмытпауымыз керек.Өйткені жеміс- жидек өнімдері жұқпалы іш ауруларын жылдам туғызады
Психолог: Абай атамыз айтқан:
Өсек, өтірік,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
1.Денсаулықтың қастарының бірі- еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып ойнамай, еңдек етпей жүрген балаларды айтамыз.
2.Денсаулықтың қастарының бірі- демалмастан ұзақ уақыт теледидардың алдында отыру.
3. Денсаулықтың қастарының бірі- шамадан тыс тамақ ішу.
4. Денсаулықтың қастарының бірі- әке- шешенің, мұғалімнің,үлкен адамдардың айтқандарын тыңдамау.Ол кісілер оқы, үйрен дейді.Ал оқып үйренсең, ойдың сергектігі денсаулықты тазалыққа жетелейді.
Айыптаушы: 1999 жылы әлемде 50 миллион адам тіркелген. 16 миллионы өлген. Бүгінгі қазақстанда 28 мың нашақор бар, кәмелетке толмағандары 2 мың. Спирттік ішімдіктерді сатқызбай, маскүнемдіктен біржола арылуға болмай ма? Зиянды әдеттерден қорғаушы ретінде мен мыналарды ұсынғым келеді.
Сот: Сотталушылар, сіздерге соңғы сөз беріледі
Темекі: менің кесірімнен өміріне балта шапқан адамдардан кешірім сұраймын. Шама келгенше маған жоламауларын сұраймын.
Есірткі: мен адам ағзасы енсем, билеп алатынымды мойындаймын. Менің да айтарым адам баласы бойын менен аулақ ұстаса мен де ешкімге барып жұғынбаймын.
Арақ: мен де адам баласына өзім барып жақтаспаймын. Мені ойлап тапқан да, өндіретін де өздері. Мені қолданса тұла бойын жаулап, адам денесіндегі барлық ағзаларға зиянымды тигізетінімді мойындаймын. Сондықтан менен аулақ жүрсін, сатып алмасын, сатпасын.
Сот: Тұрыңыздар, үкім жарияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257 бабымен арақ пен темекіні, 259 бабымен есірткінің қылмыстық ісін қарады. Ашық сот талқылауында соттың анықтағаны: темекінің құрамындағы  улы заттар ағзаға өте зиянды әсер еткен. Есірткінің кесірінен дауасыз дерт жұқтырған. Арақ елімізге, отбасына қайғы-қасірет әкелді. Ұрпақты бүлдірді. Арақ ішкен адамдардан ақыл-есі кем балалар дүниеге келді, қор болды.
    Сот үкім етті: сотталушыны арақ, темекі, есірткіні басқа мемлекеттерден тасымалдауға шек қойылып, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынсын. Темекі мен арақты өндіретін орындарға айыппұл салынсын. Бұларды түрлі жолдармен жарнамалауға шек қойылсын. Балабақша,  ектеп, жоғары оқу орындары мен спорттық мәдени ошақтар маңынан темекі, арақты сататын сауда дүңгіршектері алынып тасталсын. Қоғамның өз ішінде бұл дерттің зияндылығы жөнінде түрлі үгіт-насихат шаралары жүргізілсін. Сот үкімі мен ұсыныстары өайта қарауға жатпайды. Сот мәжілісін жабық деп жариялаймын.

Барлығы бірге:
Өс, ұлан.
Сау болсын денең,
Он екі мүшең.
Ерте тұр, таза ауа жұт
Және бойыңды күт.

Жүргізуші: Біз бүгін сот сабағымыз арқылы, жас ұландар, сіздерге қоғамның ілгері дамуына, жаңа Қазақстанға зиянды әдеттерден арылып, денсаулықтарыңды күтіп, салауатты өмір салтын жақтаушылар санын көбейттік деп ойлаймыз. Болашағымыздың айқындылығы, айбындылығы дені сау ұрпақтың үлесіне тиюге тиіс.
Мән беріп тыңдағандарыңызға рахмет.

 2. Өзім үшін жазу әдісі... (көрермендермен жұмыс)
3. «Денсаулық » биі

Қорытынды:
                              Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
                          Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
                          Болашақтың жарқын тұрған төріне
                          Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз
 Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.
 Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамға денсаулықтан не бар қымбат ...
Есірткі – ғасыр індеті
Зиянды әдеттерден сақтан
Өмірің өз қолында!
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
Есірткісіз болашақ !
Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын
ЖИТС- ғасыр обасы
Туа жаман жоқ, жүре жаман бар
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6175 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык