Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5505 |
|
|
|
ЖИТС- ғасыр обасы
Тәрбие сағатының тақырыбы: ЖИТС- ғасыр обасы
Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Жүргізушілер: Акимова Аигерім және Оразбаева Асел
Айгерім: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 9А сыныбындағы «ЖИТС – ғасыр обасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Біздің ұранымыз: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар. Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып Жақсы үмітпен ,сеніміңнен таймаңдар Салауатты өмір салтын сақтаңдар Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Медина: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
Асылбек: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
Мөлдір: 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
Асланбек: 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалғ Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.
Салтанат: Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді. ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.
Аманғали: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу. Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарай
Айгерім: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.
Асел: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
Айгерім
Иманыңды, дидарыңды
Тазалап ал, қазағым,
Ұрпақтарың, ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын
Зиянды әдеттерден озбайтын,
Жамандыққа бармайтын,
Салауатты өмір салтын ұран ғып,
Баршамыз келіп тұрмыз. О.Асел
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік.
1) Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол із
2) Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)
3) Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
4) Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
5) Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)
6) Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)
7) Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)
8) Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)
9) Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)
10) Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)
11) Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
12) Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
Көрініс « Жын мен періште»
Қатысушылар:Арақ, Наша, Темекі, Жігіт,Періште, Ақыл, Талап.
Арақ:-Ей адамзат неге жүрсің серіксіз? Наша:-Танысайық, жақындашы сен бізге. Темекі:-Біз достыққа әрқашанда берікпіз. Жігіт:-Бұрын көрген секілдімін бір жерден Кімсің өзің, жүзің неге түнерген? (Жігітті айналып жүреді)
Арақ:
Менің даңқым көп тараған кең жерде, Ізім жатыр қырқаларда , белдерде. Мен-Шараппын.Жаза бассаң, сүрінсең, Шақырмай –ақ жетіп келем сендерге.
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, менде саған жолыққам.
Талай – талай бірге жүрдік серк боп,
Содан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.
(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)
Періште:
Ей, ақымақ, ақымақ,
Жақын болма жаманға!
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.
Жігіт:
Денсаулықтың басшысы,
Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Періште:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Талап:
Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі
Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,
Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен
Ақыл:
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.
Періште:
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді – өзің жіпсіз байлап шрмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Сөзімді менің тыңдайсың!
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сиқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға қор болма.
Тек көзіңді жасуаратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстасып, басын иеді ).
Айгерім: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
А.Асель
Біз СПИД-ке қарсымыз!
Бүкіл әлем күресуде
Індетімен ғасырдың,
Емін әлі таппады ешкім,
Сол бұл зұлым пақырдың.
Медина:
Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?)
А.Асель: Адам! Адам! Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.
Алтынай: «Ғасыр уы»
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!
ОАсел: Ән: «СПИД жойылсын» («Бейбітшілік жыры» әнінің әуенімен)
Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
<Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
Айгерім:
Міне, балалар ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».
О.Асел: Тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға көптен көп рахмет
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |