Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тілім менің – асыл қазынам


Тілім менің – асыл қазынам

Сынып сағаты: «Тілім менің – асыл қазынам»


    Мақсаты: ана тіліміздің қадыр – қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта алуына, еркін сөйлеуге баулу.
    Әдісі: сайыс түрінде.
    Көрнекілігі: кітап көрмесі, нақыл сөздер, әдебиеттер, журналдар,слайдтар.
    1 – оқушы:
     Ана тілім – бәрін айтар шежірем.
    Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
    Тілім барда ғана мынау ғаламның,
    Кілтін табар саналысы сезінем.
    О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
     Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
    Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.
    2 – оқушы: 6 А сынып оқушылар арасында «Тілім менің – асыл қазынам» атты тақырыптық кешіміз сайыс түрінде өткізіледі. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
    1 – оқушы:  
    Балалар, құтты болсын тілің бүгін,    Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
    Ашатын жан сарайын білімдінің.       Тіліне зер аслыңдар бұрынғының.
     2- оқушы: Ана тілі қазағымның қаймағы,
    Тілің сенің өміріңнің айғағы.
    Бүгін міне тіл туралы сайысқа,
    Оқушылар білгірлері шығады .
    1 – бөлім. Таныстыру.
     1 – топ: «Алмас тіл». Ұраны: Тіл бар жерде өмір бар.
    2 – топ: «Семсер». Ұраны: Сүйеміз туған тілді – ана тілім. (Әр топ өздерін өлең жолдарымен таныстырады)  
      2- бөлім.
    1 – оқушы:
    Мақал – мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
     Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
     Қарапайым қазақ тілі – әз тілім
     Өз тілімде бұлқынады жүрегім, - дей отырып, келесі бөлімге кезек беремін.
                           Мақал – мәтелдің жалғасын айту.
    1.Тіл тәтті ... (бауыр қатты); 2.Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады);         3. Шебердің қолы ортақ ... (шешеннің тілі ортақ); 4. Бал тамған тілден...(у да тамар); 5. Бас кеспек болса да ... (тіл кеспек жоқ); 6. Тұз ... (астың дәмін келтірер) Мақал ... (сөздің мәнін келтірер); 7. Ана сүті бой өсіреді ... (ана тілі ой өсіреді); 8. Қол шешпегенді ... (тіл шешеді); 9. Жақсы байқап сөйлейді ... (жаман шайқап сөйлейді); 10. Ең тәтті, ең ащы, ең жұмсақ ... (тіл).  
     3 – бөлім.  Бұл бөлімде әр топ Ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқиды.
    4 – бөлім. «Ұшқыр ой» Бұл бөлімде топ басшылары сұрақтарға жылдам жауап беру керек.  
    «Алмас тіл» тобына қойылатын сұрақ.
    1.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
    2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)
    3. Білім күні қай айда? (1 қырқүйек)
    4. Тұғыш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)  
    5. Қазіргі «Ана тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматы «Атамұра»)
    6. Абай Құнанбаев кім? (Қазақтың ұлы ақыны)
    7. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)
    8. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
    9. Рәміздерді ата: (Ту, Елтаңба, Әнұран)
     10. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
     «Семсер» тобына қойылатын сұрақ.  
    1. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)
     2. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? ( Ы.Алтынсарин)
    3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
    4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
    5. Өлең жазатын адамды кім дейді? (Ақын)
    6. Бес асыл істі ата: (Талап еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
    7. Төрт түлікті ата: (Қой, түйе, сиыр, жылқы)  
    8. Ең асыл жан кім? (Ана)
    9. Қазақша жыл басы? (Наурыз)
    10. Әнұранның авторларын ата: (Сөзі: Нәжмеденов, Назарбаев. Әні: Ш. Қалдаяқов)   
Қорытынды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты тілдер мерекесіне орай өткізілген ойынның жоспары
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Ана тілің – асыл қазынаң
Тіл талапкері атты сыныптан тыс жұмыс
Шығарма Анамның тілі- ардақтым менің
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Сөз мерген
Ана тілім – асыл қазынам!
"Ана тілің - арың бұл" әдептілік сабағы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8133 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык