Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі


ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі
 
Сабақтың мақсаты: 
Б: XIX ғсырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билiгi кезiнде дағдарыстар болғанын, Жапония қоғамында капитализмнiң баяу дами бастағандығын әңгiмелеу.
Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және реформалар бiртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келiп, жұмысшылар қозғалысының нәтижесiнде мемлекет құрылымы өзгерiсiнiң мәнiн түсiндiру.
Д:   Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету.
Т: Оқушылардың назарын елдегi бостандық пен құқықтық қысымжасаушылық әрекеттердi болдырмау, қайшылықтарды түсiнуге шақыру.
 
Жетекшi ұғымдар және негiзгi түсiнiктер:
“Жабық есiк” саясаты, Жапонияның “ашылуы”, “Жабайы, дөрекi варварлар”, “самурайлар”, “Мэйдзи қайта қалпына келтiруi”, префектура енгiзу, бiлiмпаз билеушi.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ:  
Сабақ жоспары:
1. XIX ғасырда Жапонияның экономикалық жағдайы және Токугава сегунатының саяси дағдарысы.
2. Еуропалықтардың Жапонияны ашуы.
3. Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және жүргiзiлген реформалар.
4. Жапониядағы капитализмнiң дамуы.
5. Жапония Азиядағы бiрден-бiр XХ ғасырдың басындағы отарлаушы ел.
6. Қорытынды.
 
1-мәселе бойынша Жапонияның экономикалық жағдайы әңгiмеленедi.
ХIХ ғасырдың басында Жапониядағы терең дадарыс салдарын, ауыл шаруашылығындағы күйзелiстi түсіндіремін. Сондай-ақ экономикадағы осындай ауыртпалықтарға қарамастан, жапон қоғамында капитализмнiң бой көрсете бастауы да назардан тыс қалмауы керек.
Токугава сегунатты билiгi кезiндегi Жапония қоғамындағы ахуалды сипаттап беру үшiн оқулықты пайдалана отырып, Жапонияның экономикалық жағдайындағы өзгерiстердi ашып көрсету мақсатында оқушылар кестенi толтырады.
XIX ғасырдағы Жапония экономикасы
Кемшiлiктер Жетiстiктер
 
1. Ауыл шаруашылығы күйзелiске ұшырады.
2. өңделетiн жер көлемi азайды.
3. Халық саны күрт төмендедi.
1. Капитализм баяу болса да дами бастады.
2. Мануфактуралар көбейдi (180 мыѓнан астам).
3. Iшкi сауда дамыды.
4. Қолөнер, сауда орталықтары өстi.
5. Қалалар көбейдi (Эдо, Киота, Осака, Нагасаки, Сакаи, Хаката).
6. Ауыл шаруашылығында жаңа салалар қалыптасты
(жiбек, қағаз, қант, қыш, фарфор, тоқыма).
7. Iшкi рынок қалыптасты.
 
Құлдырау себебi:
Капиталистiк қатынастардың алғашқы даму қадамдарына ескi қоѕамдық құрылыстар  кедергi жасады.
Нәтижесiнде:
Шаруалар мен қала кедейлерiнiң бас көтерулерiн тудырды.
Осака — 1837.
Көтерiлiстiң себебi:
Күрiш бағасының шектен тыс өсуi.
Көтерiлiсшiлердiң мақсаты:
Сегунат билiгiн құлату, дағдарыстың одан әрi тереңдеуiн болдырмау мақсатында реформалар жүргiзуге тырысу.
 
2-мәселе бойынша тақтада iлiнген картаны, кестенi пайдалану.
Еуропалықтардың Жапонияны ашуы:
Қай жылы? Еуропалықтар қайда? қандай саясат ұсынды?
Нќтижесiнде
 
1542 ж Португалдықтар Жапонияға кiредi Кюсю аралынының  оңтљстiгiнде
католик дiнiн
таратуға кiрiстi
 
XVII ғ. ортасында Токугава Иэясу Жапондықтардың
сыртқа шығуына
тыйым салды
XVIII ғ соңы мен ХХғ басы АҚШ, Англия, Франция, Ресей. «Жабық есік» саясатын бұзуға тырысты.
1791-1849 жж АҚШ Жапонияға 7 экспедиция атандырды. Жапония үкіметі байланысқа рұқсат бермеді.
1792-1793 жж А.Лаксман Елшілік кемесі Нәтижесіз
1804ж Н.Резанов Нәтижесіз
1852ж АҚШ командор
М.Перри Жапония жағалауына келеді. Сәтсіз аяқталды.
1853 ж М.Перри Жапонияға. Күш қолданатынын ескертеді
1854ж 13 наурыз
1854 ж 13 акпан М.Перри
Канагавада Жапонияға оралды. Келісімшартқа қол қойды. Симода және Хикодатэ портттарын ашуға мәжбүр болды.
1854ж Жапон-ағылшын соғысы Келісімшартқа қол қойды Құқықтарға ие болды.Саудаға жасауға жеңілдіктер алды. Сегун билігі әлсіз болып шықты.Жатжерліктер алдында тізе бүкті.
1855ж Орыс - жапон Келісімшартқа қол қойды
1856ж Голанд - Жапон Келісімшартқа қол қойды
1858ж Француз - Жапон Келісімшартқа қол қойды
 
Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және жүргiзiлген реформаларды мынадай сызбамен түсiндiремін.
Мемлекет құрылымын ашуда тақтаны пайдалана отырып баяндаймын.
Жапония
1867 ж. императоры — 15 жасар Муцухито
    Әскери күш             Самурайлар тобы
    Нәтижесi                 Cегуннан императорлық билiктi қайтарып алу
Мақсаты             1868 ж. самурай көтерiлiсi жасалды, сегун Кэйкидi орнынан кетiрiп,         билiк император қолына көшедi.
 
Мемлекет құрылымын ашуда тақтаны пайдалана отырып баяндаймын:
 
Мемлекеттегi билiк 5 баптық анттан тұрды:
1. Қаржы жүйесiн нығайту
2. Халық тұрмысын жақсарту
3. Ескiрген заңдар мен зиянды салттардан арылу
4. Дүниежљзiндегi бiлiмдi игеру
5. Өкілетті орган құру және мемлекеттiк мәселелердi бұқаралық талқылаудан кейiн шешу:
Негiзгi заң:   1868 ж. маусымда Эдо қаласында (Токио) қабылданды .
1867—1868 жж. Муцухито билiк еткен кезең: “Мэйдзи кезеѓi” деп аталды.
Император сарайы : 1869 ж. Киотодан Токиоға көшiрiлдi
Мемлекеттiң құрылуына жағдай туғызған өзгерiстер:
1. 1873 ж. жер салығы реформасы қабылданды.
3. Мүлiктiк және жер қатынастары саласында маѓызды реформалар енгiзiлдi.
4. Сословиелiк жүйенiң жойылуына байланысты шаруалар өздерiнiң қажетiне қатысты мiндеткерлiктердi жойды
5. XIX ғ. 70-жылдарының басында аграрлық  реформалар жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде жерге жекеменшiк құқығы берiлдi. Шаруалар өз жерлерiн сатып ала алатын болды.
 
Сабақты бекіту:
   1. Сегун, сегунат түсiнiктерiн талдаңдар.
   2. Токугава сегунаты кезiнде жапон қоғамы қандай таптарға бөлiндi?
   3. Токугава сегунаты нелiктен “жабық есiк” саясатын ұстанды?
   4. Жапонияда қандай дiндер болды, олардың атқарѕан қызметiн атаңдар.
 
Үйге: ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жапония
Жапония. Қытай. Монғолия
Жапония
Жапония
Иран
Жапония, Жапониядағы капитализмнің дамуы
Жапониядағы феодалдық құрылыс
Жапония
Қытай, Монғолия
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 23472 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык