Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жапония



Сабақтың тақырыбы Жапония

Мақсаты: 
 Білімділік: XVI ғасырдағы Жапонияның әлеуметтік жағдайымен таныстыру. Токугава сегунаты кезінде жапон халықтарының қандай топтарға бөлінгендігін, олардың жүргізген саясаты мен сол кездегі діннің рөлі және оның атқарған қызметі туралы тақырып мазмұнын оқушыларға кеңірек ашып түсіндіру.
 Дамытушылық: Жапониядағы қос билік туралы оқушыларға білім бере отырып, оқушының дүниетанымын кеңейту. Өзін-өзі басқаруға дағдыландыру.
 Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік, ізгілік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасай алатын , білімді,  жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түрлендірілген сабақ 
Әдісі: пікірталас,миға шабуыл,өзіндік жұмыс,сұрақ жауап.
Көрнекі құралдар: карта, сызба, кесте,  
 Идеялар мен жетекші ұғымдар: Токугава сегунаты, «тірі құдай», синтоизм діні, «си-но-ко-се», «сословиелік  жүйе», «жабық есік», «шығыстық король», «батыстық техника», буддизм, конфуцилік.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
• Оқушы зейінін сабаққа аудару

Балалар! Жапония дегенде ойымызға не оралады?
Жапонияны қай жағынан танимыз?
Жапонияға барғыларың келе ме?
    Олай болса біз бүгін сіздерді сонау артта қалған  XVII-XVIII ғасырдағы Жапон елін саяхатқа апарамыз.
Жапония еліне жету үшін біз екі алып мемлекетті кесіп өтеміз. Олардың бірі Қытай болса, екіншісі Жоңғария. Бірақ бұл елдер бізді тектен-текке өткізбейді екен. Біз сол елдердің тарихын білуіміз шарт екен.

1. Қытай елі. 
• Қытайда маньжурлік Цин әулетінің үстемдігінің орнауына не себеп болды? /17ғасырдың 30-40 жылдарындағы дағдарыс/
• Цин империясы мемлекеттік құрылысын қалай жүргізді? /Қытай елінің үлгісімен жүргізді./
2. Жоңғар елі.
1. 1635 жылы негізі қаланған Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы кім? 
  /Батыр/
2. Жоңғар хандығын құрған ойрат тайпалары буддизмнің қай саласын ұстанды? /Лама/
3. Қарапайым шаруалар дегеніміз кімдер?  /Араттар/
4. Дабашы, хойт тайп. басшысы Әмірсананың көмегімен қай жылы хан тағына отырды? /1752/
5. Қай жылы Қалдан Қашғарды басып алды? /1678/
6. Қалдан Серен қаза тапқан жыл? /1745/
7. Ойрат тайпалары қайсы тайпалардан құралды?                /хойт, хошоуыт, дербет, чорос/
8. Мемлекетті басқарған қонтайшыларды ата? 
    /Батыр, Қалдан Бошоқты, Цеван Рабдан, Қалдан Серен/
Жапон  еліне де келіп жеттік.  
Картаға назар аударыңыздар. /картамен жұмыс/
Бұл елдің тарихына саяхатты мына жоспар бойынша жүргіземіз.
1. Жапониядағы қос билік
2. Токугава сегунатының сыртқы саясаты
3. Жапониядағы діндер және олардың атқарған қызметі
Жапониядағы қос билік

  2-ші билік сегунда болды.  Сегун   /әскери қолбасшы/ 

• Токугава әулеті 1603-1867 жылдар аралығында билік жүргізді. 
• Бұлардың билігі атадан балаға беріліп отырды.
• Бүкіл елде халықтың саны 18 млн-ға жетті. 80 % ауыл шаруашылығымен айналысты
• Елдегі ең  бай  феодалдық  әулет  Токугава үйі болды.
• XVII ғасырдың  басында  Жапонияда  билікті сегун Токугава Иэясу  басып алды.
• Елдің  астанасы Эдо қаласына көшірілді.  /Қазіргі Токио/
• Жапонияда әскери тәртіп орнады. 
• Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, сауда мен қолөнер орталықтары өсті. /Эдо, Киота, Нагая, Хаката, Нагасаки/
• Сегунаттың әлеуметтік құрылысы  «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталады.


                              
2. Токугава сегунатының сыртқы саясаты. 
Токугава әулеті шетелдіктермен байланыс жасады.
Шетелмен байланыс не үшін қажет болды?

 


Бірақ шетелдіктердің елдегі тіміскі әрекеттері, елде өз ықпалдарын орнатуға тырысуы үлкен қауіп тудырды.

Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты . Осы кезде Жапонияда 700 мың христиан дінін қабылдаған адам болды.

Өзге діннің ықпалы бұл елде ішіне іріткі салады деп қорыққан билеушілер  1637 жылдан бастап бұл елге шетелдіктерді кіргізбей «жабық есік » саясатын ұстанды.

    Жабық есік саясатының басты әрі негізгі  себебі, сегундіқ билік арқылы бүкіл халықты бағыныштылықта ұстау, жатжерлік шапқыншылықтан, шаруалар көтерілістерінен мемлекетті қорғай алатын тәртіп ортану болды. 

Жабық есік саясаты ХІХ ғасырға дейін созылды. 

Токугава сегунаты шетелдіктердің елге келуіне тыйым салғанымен , әлемдегі мәдени өзгерістер мен техникалық жетістіктерді білудін бас тартқан жоқ.

XVII  ғасырдың аяғынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «бастыстық техника» деген принцип қалыптасты. Яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да , ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды. 

XVII-XVIII ғасырлар жапон мәдениеті өркендеген кезең. 
3.  Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі.
• Жапондықтардың көпшілігі синтоизм дінін ұстанды.
• Токугава әулетінің билігі тұсында халықтың басым бөлігі синкретизмді –синто мен буддизмдің қатар ұстады.
• Сондай-ақ Жапонияға сырттан христиан діні мен Қытайдан конфуцийлік дін енген еді.
Синтоизм- табиғат күштеріне табынатын дін. Синтоизм  императорлық билікті жақтаушылардың  сиынатын діні болды.
Буддизм-пұтқа табынатын дін. Бұл сегундардың ұстанатын діні. Бірақ бұған олар онша арқа сүйемеді.
Конфуцилік дінде халықтың жергілікті басшыларға бағынуы керектігі туралы көп айтылатын болғандықтан бұл дінді сегундар жақсы ұстанды. 

Негізінде Жапондар синтоизм мен конфуцийлік дінді нығайтты.

Қорытынды: 
 «Сегун» мен «сегунатты» айырмасы
 Токугава сегунаты кезінде жапон қоғамы қандай таптарға бөлінді?
 Токугава сегунаты неліктен «жабық есік» саясатын ұстанды?
 Жапонияда 17-18 ғасырларда қандай діндер болды, олардың атқарған қызметтері?

Бекіту: Мұғалімде.
Бағалау: сабақты жүргізген оқушылар бағалайды және оқушыларды өздеріне өздерін бағалатады.
Үйге: XVII-XVIII ғасырлардағы Жапония


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жапония
Жапония. Қытай. Монғолия
Жапония
Иран
Жапония, Жапониядағы капитализмнің дамуы
Жапониядағы феодалдық құрылыс
Жапония
Қытай, Монғолия
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 8141 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык