Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің оқу құралдарым


Менің оқу құралдарым

Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым


Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тақырып бойынша жаңа білімді меңгерту. Грамматикалық тақырыптарды бекіту мақсатында тапсырмаларды орындау.Тәуелдік жалғауы.
Дамытушылық:Сөздік қорын,тілдесу қарым-қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: туған елін, жерін қадірлеу,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімін, іс-әрекеттерін жетілдіру. 
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу.  
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:
суреттер, тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзітану.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу. 
2.Гимн айту.
3.Түгелдеу.
4.Мұғалім мен оқушының мейірімді көңіл- күйі.
5.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
6.Тіл дамыту жаттығуын жүргізіп,оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1.Оқушылардың үй тапсырмасын толық дұрыс және түсініп орындауын анықтау.
130-бет.3-тапсырма.
2.Кездескен кемшіліктерді жою.
ІІІ Өткен сабақ пен жаңа сабақты  сабақтастыру.
Өтілген материалдарға шолу,пысықтау,бекіту.
ІV Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.
2.Сабақ мақсатын айту.
  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің оқу құралдарым»деп аталады.
1) Алдымен сабағымыздың жаңа сөздерімен танысайық.Суреттерін тақтаға ілу, көрсерту.
Оқу құралдары-учебные принадлежности
Оқулық-учебник            сурет дәптері-тетрадь для рисования
Ұштағыш-точилка          желім-клей
Қайшы-ножницы
2)Сұрақтар беру арқылы жаңа сөздерді дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру.
Жаңа сөздерді жазып алу. Есте сақтау.

2) Сөйлесім.2-тапсырма.Сөйлеп үйрен,көрсет.
Мынау-менің оқулығым.
Мынау-менің дәптерім.
      Мынау-менің күнделігім.
      Мынау-менің қаламым.
Мынау-менің қарындашым.
Мынау-менің сызғышым.
Ү Жаңа  білім және іс-әрекет амалдары кезеңі.  
Оқылым. Мәтінді оқу.3-тапсырма.
         Оқу құралдары.
Сөйлесім.4-тапсырма.
Енді,балалар,4-тапсырмаға қарайық.Санамақты мәнерлеп оқы,жауап бер.
                          Санамақ
Ал санайық,санайық,
Ретімен алғашқы.
Құралдарды табайық,
Мектепке алып барайық.

Кітап,дәптер,сызғыш,
Күнделік пен ұштағыш.
Қалам,қорап,қарындаш.
Болды,болды,жетті,
Қанша болып кетті?
Болды сегіз барлығы
Керекті оқу құралы.
Жазылым.5-тапсырма.Сұраққа жауап бер,жаз.
            Кімнің несі бар?
            У кого что есть?
Сайраның кітабы,күнделігі,сызғышы бар.
Никитаның қаламы,сөмкесі бар.
Аянның дәптері,қарындашы бар.
ҮІІ Жаңа  білім және іс-әрекет амалдарын қорыту  кезеңі.
1.Сонымен,балалар,бүгін қандай сөздерді білдік?
2.Қандай сұрақтармен таныстық?
3.Қандай оқу құралдарын білдік?
ҮІІІ Рефлексия кезеңі.
Енді,балалар,шаршап қалған шығарсыңдар.Олай болса,өлеңді оқып,жаттап алайық.
Мұғалім 1рет оқып,оқушылармен  қайталап оқиды.
Шаршасаңдар,балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір,екі,үш,төрт,бес.
Бір,екі,үш,төрт,бес. 
Саусақтармен ойнаңдар,
Бір демалып алыңдар. 
Бақылау және өзін-өзін бақылау кезеңі.
Бүгінгі сабақтан не түсіндім? Нені түсінбедім? Не білгім келеді? сұрақтарына жауап алу.
ІХ Үй тапсырмасы.
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын,мазмұнын,орындау тәсілдерін түсіндіру;
Жаңа сөздерді жаттау.134- бет.3-тапсырма.
Х Сабақты бағалау кезеңі.
Міндеттері:өзара бақылау;жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне 
сапалы баға беру;(ынталандыру,мадақтау,ескерту т.б.)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым. Жалғаулар.
Мақалдар мен мәтелдер
Зат есімнің тәуелденуі.
Алғыс алсаң, кем болмайсың
Менің қалам. Сұраулық шылаулар
Менің киімдерім
Оқу құралдары
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
5 сынап. Менің мектебім
Окрытый урок по казахскому языку "Менің мектебім". 5 класс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 25664 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 25 ноября 2015 18:33
Сабақ жоспары өте керемет. Маған ұнады.

smile smile smile smile smile 7Рахмет көп көп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык