Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алғыс алсаң, кем болмайсың


Алғыс алсаң, кем болмайсың

 Алғыс алсаң, кем болмайсың.

Сабақтың тақырыбы:  Алғыс алсаң, кем болмайсың

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың «Алғыс алсаң, кем болмайсың» тақырыбы айналасында білімдерін кеңейту; «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» деген даналардың айтып кеткен сөзінің мағынасын түсініп, жақсылық жасаған жанға лайықты жауап бере білу керектігін ұғу; тұрақты сөз тіркесін қайталау;

дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, берілген тақырып бойынша өтетін материалдармен дұрыс жұмыс істей білуін жетілдіру; сауатты жазуға үйрету,

тәрбиелік: оқушыларды ақылдылыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа  тәрбиелі болуға  баулу.

        

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: мәнерлепоқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, синоним, антоним сөздерін табу, деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс.

Сабақтың дидактикалық жабдығы:  грамматикалық кестелер, 1-7 слайт, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

  1.  Ұйымдастыру кезеңі

 Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды психологиялық қарым-қатынасқа дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

 Оқушылардың назарын сабаққа аударуды ұйымдастыру.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Міндеттері:

  • үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
  • кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
  • қатемен жұмыс

а) Грамматиканы қайталау:

 1. Фразеология дегеніміз не?

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктері қандай?

                 Мысал келтіру. (1-слайт)

Орнымды тап. Адасты, тыңдамады, лезде, тез.

Көз жазып қалды -

Құлақ қойған жоқ -

Көзді ашып жұмғанша

Сәйкестендір(2-слайт)

1) Қас пен көздің арасында -          ….. батыр

2) Ер жүрек -                                   …… лезде, тез, жылдам

3) Тайға таңба басқандай -           …. ерінді

4) Мойны жар бермеді -                 …. анық

5) Бармағын тістеу -                      … жолы болу

6) Тасы өрге домалау -                     ... өкінді

 

ә) Лексикалық тақырып: Ш.Құдайбердіұлының«Сен ғылымға ...» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.

  1. Өзектілігі.  Міндеттері.Өткен тақырыптарға  шолу жасай отырып, жаңа тақырыпқа көшу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

 

  1. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.

Міндетіграмматикалық тақырыптар мен лексикалық тақырыптарды, жаңа сөздерді бекіту, меңгерту.

Лексикалық тақырып: «Алғыс алсаң, кем болмайсың».

Кіріспе сөз (1-7-слайт)

Сөздікпен жұмыс:

аязсыз – теплый день

тас жол – асфальтная дорога

қақ жарып – разделяет

жалыну – просить

көзге ілер емес- не замечают

мырс етті – усмехнулся

жығылу – упасть

кәдеге жарау – пригодиться

аузынан түсе қалғандай –сильно похоже

шаттана түсті – радовался

көңілі тасып – веселившись

Синоним сөздерін табу: аязсыз – қыстың жылы күні

жалыну – сұрау,  жығылу – құлау,   кәдеге жарау – пайдаға асу, 

аузынан түсе қалғандай – қатты ұқсау,  шаттана түсті – қуана түсті,   көңілі тасып көңілденіп.

Антоним сөздері:  аязсыз – аязды,   тас жол – сүрлеу жол, жығылу – тұру, шаттана түсті – ашулана түсті, көңілі тасып – ренжіп.

Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру. Аязсыз күн. Аязсыз күнде балалар далаға шығып ойнады.

Тас жолдың үсті. Тас жолдың үсті жып-жылтыр. Т.б.

Оқылым: 2-тапсырма, әңгімені түсініп оқу.

 

  1. Тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру

Міндеті:материалды қаншалықты меңгергенін тексеру.

 Тілдесім:  2-тапсырма, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Мысалы:

-         Қай мезгіл?

-         Самат қайда барды?

-         Ол кімдерге келді?

-         Нұржан Саматты қалай қарсы алды?  Т.б.

  1. Жаңа сабақты бекіту. Міндеті: жаңа тақырыпты ауызекі және жазба түрде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Айтылым: 2-тапсырма, «Сұрақтар мен жауаптар» ойынын ойнату.

  1. Сабақты қорытындылау

Міндеті:сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу:материал бойынша ойын қорыта айтуға дағдыландыру.

Оқылым: 3-тапсырма, алғыс сөздерді кім айтатынын ауызша айтып беру. Бұл алғыс сөздер қай уақытта айтылатынын білу.

Алғыс сөздері: Рахмет, досым!  Өркенің өссін!   Бақытты бол, айналайын!  Арманыңа жет!  Сау болсын!   Көсегең көгерсін!   Аман барып, сау қайт!

 

  1. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі

Міндеттері:

Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау.

Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту.

Жазылым: Топпен жұмыс. 4-тапсырма, деңгейлік тапсырмаларды орындау. (таңдап алған деңгей бойынша топқа бөлініп отырғызылады).

I деңгей

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

-         ... ..., балам! – деп әже алғысын жаудырды.

-         Кімнің баласы едің? – деді әжей.

-         Бегім атамның баласымын, - деді Самат.

-         Ой, бәркелді! ... ... ... ... ұқсауын өзінің! –деп іліп ала жөнелді. Атасы туралы ... ... естіген Самат шаттана түсті. ... ..., көзінен нұр төгілген ол шанасын әжейдің үйіне қарай зымырата жөнелді.

 

II деңгей

  1. Алғыс сөзді не үшін айтады? Қандай алғыс сөздерді білесіңдер?
  2. Досың сенің анаңа көмектесті. Анаң қатты риза болды. Сен досыңа қандай алғыс айтар едің?

 

III деңгей

Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, алғыс айтыңдар

                       

 

                                                                        дүниеге әкелгеніңіз үшін

                                          ата-анама

                                                                        жақсы тәрбие бергеніңіз үшін

Менің алғысым шексіз

                                                                        ертегіңіз үшін

                                           ата-әжеме

                                                                        көңіл бөлгеніңіз үшін

 

  1. Түсіндірме

Сабақтан түсінбей қалған жерлері болса, түсіндіру.

 

  1.  Үй тапсырмасы

Міндеттері: үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілін түсіндіру.     

32-бет. 5-тапсырмалар, әр топтан тақырыпқа келмейтін сөздерді алып тастап, жазу. Ережені қайталау. Алғыс сөздерді есте сақтау.

 

  1.  Сабақты бағалау кезеңі

Міндеті:өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталадыру, мадақтау, ескерту, т.б.)

  1.  Рефлексия

Міндеті:оқушының көңіл-күйі, іс-әрекеті, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау; оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.

Сабақ ұнады ма?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мақалдар мен мәтелдер
Алғыс. М. Төрежанов.
Кемпірқосақ. Сөйлем.
Көктем
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Менің отбасым бақылау үзігі
Компьютер. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренашжүйесін жоспарлау
Менің оқу құралдарым
Әліппеге мың алғыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5360 | Қосты: Рахметова Майда Султановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык