Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 2493 |
|
|
|
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Тақырыбы: 3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Мақсаты:
Білімділігі: Есептер шығару, тапсырмалар орындау барысында 3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Дамытушылығы: Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Тиянақтылыққа, әсемдікке, жылдамдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау
Әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, топтастыру.
Көрнекіліктер: есептер, тапсырмалар, логикалық жаттығулар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Интерактивті тақтамен жұмыс
ә) Өткен тақырыпты қайталау.
-Математикалық диктант.
3 ● 4= 5 ● 3= 6 ● 3= 7 ● 3= 8 ● 3=
12:3= 24:3= 30:3= 27:3= 18:3=
Жауабы:
12, 15, 18, 21, 24
4, 8, 10, 9, 6
3-ке көбейту кестесі.
3х2 3+3=
3х3 3+3+3=
3х4 3+3+3+3=
3х5 3+3+3+3+3=
3х6 3+3+3+3+3+3=
3х7 3+3+3+3+3+3+3=
3х8 3+3+3+3+3+3+3+3=
3х9 3+3+3+3+3+3+3+3+3=
3х10 3+3+3+3+3+3+3+3+3+3=
3-ке бөлу және көбейту кестесі.
6 : 3 = себебі 2х3=
9 : 3 = себебі 3х3=
12 : 3 = себебі 4х3=
15 : 3 = себебі 5х3=
18 : 3 = себебі 6х3=
21 : 3 = себебі 7х3=
24 : 3 = себебі 8х3=
27 : 3 = себебі 9х3=
30 : 3 = себебі 10х3=
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір күз мезгілі.
- Күздігүні қандай құбылыстарды байқайсыңдар? (Оқушылырдың жаубы)
-Құстар күн суытысымен қай жаққа ұшып кетеді? (Оқушылардың жауабы)
-Қандай жыл құстарын білесіңдер? (Оқушылардың жауабы)
Мұғалім:
-Жыл құстарының мекендеріне аман-есен ұшып баруларына көмектесеміз бе?
-Иә.
- Ендеше, аққудың көлден ұшып кетуіне көмек берейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.
Оқулықпен жұмыс.
№1. Оқы және есепте.
Бөлінгіш 27 24 12
Бөлгіш 3 3
Бөліндінің мәні 3 6 3
Көбейткіш 2 9
Көбейткіш 3 3 7
Көбейтіндінің мәні 18 18 21
№2. Берілген тапсырмаларды ауызша орындаңдар.
а) Аптада 6 оқу күні бар. Екі аптада неше оқу күні бар? Үш аптада ше?
ә) Кітаптың 12 беті бар.Ернар күніне бірдей беттен оқып, кітапты 3 күнде бітірді. Ернар күніне неше беттен оқыды?
б) Алмас демалыс лагеріне барды. Ол онда 2 апта және тағы 4 күн болды.
Ол лагерде барлығы қанша күн болды?
в) 5 тәрелкеге 15 алмұрт тең бөлініп салынды. Содан кейін әрқайсысына
2 алмадан салынды. Әр тәрелкеге қанша жеміс салынды?
- Балалар, қараңдаршы, қарлығаш ұшып келе жатып айдаһарға кез болды. Айдаһардан құтылуына көмектесейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындап жіберейік.
№3. Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр және оны шығар.
а) Сатып алынды – 3 кг-нан ә) Жасыл – 3 кг-нан
4 банка 5 банка
Пайдаланылды – 5 кг Қызыл – 6 кг
Қалды - ? Барлығы - ?
№4. Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырыңдар.
55 + 45 4 х 2 26 + 33 80 – 56
8 х 3 39 + 61 7 х 3 15: 3
Сергіту сәті.
-Балалар, біраз тапсырмаларды орындап, шаршап қалғандаймыз. Орнымыздан тұрып жаттығу жасап жіберейік.
Қане, қанат жаяйық,
Ұшқан құсқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
-Балалар, ұшып келе жатқан қараторғайлар биік тауға кездесті.
Осы таудан асып кетуіне көмектесейік. Ол үшін мына тапсырманы орындайық.
№5. Теңдеулерді шешіңдер.
27: с = 9 в: 3= 7 24: у = 3
-Балалар, шағала көлден акуланы көріп ұша алмай отыр. Көмектесеміз бе? Ұшып кетуі үшін мына тапсырмаларды орындап жіберейік.
«Кім тез ойлайды?» ойыны
Өрнектерді салыстыру.
7х3 * 60+120 25 * 6 х 3
205 * 3х9 150 * 27:3
200 * 65+135 500 * 3х8
4 52 * 600 - 440 35 * 6 х 3
30 * 10 х 3 30 * 3 х 10
8 х 3 * 8 + 16 270 * 3 х 5
30-ға дейінгі сандардың ішінен 3 - ке бөлінетіндерін теріп жазыңдар.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,14,15,17,18,21,23,24,26,27,30.
-Балалар, сендер құстардың мекендеріне аман-есен жетулеріне үлкен көмек жасадыңдар. Олар сендерге риза болып мына өлең жолдарын айтып барады:
Қош бол, өскен жеріміз,
Айдын- шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.
Қаһарлы қыс өткенде,
Қайтып келіп көктемде,
Күнде думан құрамыз,
Күн шуағын төккенде.
Қош бол, өскен жеріміз,
Айдын-шалқар көліміз!
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 6 69-бет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |