Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 2439 |
|
|
|
6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі туралы түсінігін қалыптастыру. 6- ға көбейту мен бөлуді меңгерте отырып ауызша көбейтуге және бөле білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштау, шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, көбейту кестесі,таратпа кеспе қағаздар,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындау: Сабағымызды бастамас бұрын «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып, өздерін таныстырады.Мыс: инабатты Индира,құлпырған Қызғалдақ
2.Үй тапсырмасын сұрау (8-мысалды тексеру)
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, болу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1.Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
4.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
5.Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
6. 1минутта қанша секунт бар?
7. 1 тәулікте қанша сағат бар?
8. 1 ғасырда қанша жыл бар?
-Бүгін біз 6*6 , 6: 6 жағдайларын қарастыра отырып көбейту мен бөлуді үйреніп, жаңа сабағымызды бастайық.
6-ға көбейту және бөлу кестесі.
6*2=12 6+6=12
6*3=18 6+6+6=18
6*4=24 6+6+6+6=24
6*5=30 6+6+6+6+6=30
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша болады? (30)
Ал, 6-ны өзіне өзін 5 рет қосқанда қанша болады?(30) демек бізге қайсысы тиімді екен? Әрине, көбейту амалын қолданған ұтымды болады.
6-ға бөлу кестесі:
36:6=6 себебі 6*6=36
42:6=7 себебі 7*6=42
48:6=8 себебі 8*6=48
54:6=9 себебі 9*6=54
6-ға көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір:
7·6=6·7 9*6=6·9
8·6=6·8 10*6=6*10
№6 есеп «Кім шапшаң» ойыны арқылы ауызша есептеулер жүргізіледі.
7-есеп.
Мектептегі алты кабинеттің әрқайсысына 8 компьютерден және мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер қойылды. Мектепке барлығы неше компьютер қойылды?
Шарты:
6 кабинет 8 компьютер ..?
Мұғалім бөлмесі 2 компьютерден
Шешуі: (8*6)+2=50
Жауабы: 50 компьютер қойылды
8-мысал.
729+234=963 (48-39)*6 =54 1*6=6 20*6=120
500-264=236 (19+17):6=6 6:6=1 60:6=10
504+128=632 24:(3*2)=4 6:1=6 360:6=60
9- теңдеу.
54-х=27 а+39=156
х=54-27 а=156-39
х=27 а=117
54-27=27 117+39=156
27=27 117=117
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
11 есеп
Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
32:6 = 5(қалд.2) 34:6 = 5(қалд.4) 37:6 = 6(қалд.1) 39:6 = 6(қалд.3)
33:6 = 5(қалд.3) 35:6 = 5(қалд.5) 38:6=6(қалд.2)
№13есеп
Шаршы сызып, оны өзара тең 8 үшбұрышқа бөл.
а) б)
Сабақты қорыту:
Топпен жұмыс.
«Кім тез ойлайды?» ойыны. Ауызша тапсырма.
2*6=12 5*6=30
20*6=120 50*6=300
200*6 =1200 500*6=3000
4*6=24 3*6=18
40*6=240 30*6=180
400*6=2400 300*6=1800
Үйге тапсырма: № 11,12 6-ға бөлу және көбейту кестесі.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы бойынша ұпай санын есептеу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |