Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойын «Мұнара»


Ойын «Мұнара»

Ойын «Мұнара»

    Мақсаты: қатысушылардың ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау, жағымды эмоционалдық қарым қатынасты нығайту,
  Нұсқау: Қатысушыларды екі топқа бөлеміз: ойынға 4-5 минут беріледі.  Екі топқа 15-15-тен ақ қағаз (А-4 форматы) береміз. Осы  ақ қағаздарды пайдаланып екі топ «биік мұнара» жасап шығу керек. Қағазға қосымша заттар пайдаланылмайды. Мысалға, қию үшін қайшы,желім, қосымша тіреуіш заттар. Қағазды көлденеңінен, тігінен т.б жағдайларда пайдалануға болады.
     Айта кететін шарт: мұнара биік әрі бір орында қозғалмай нақты тұру керек.  Ойын соңында қай топ биік мұнара жасап шығады, сол топ жеңіске жетеді.
     Қорытынды: қиын жағдайда адамдардың ситуациядан шешім тауып шығуын, жағымды эмоционалды қарым-қатынас құруды, адамдардың ақыл-ойының шығармашылық ұшқырлығын көруге, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік береді. 
    
   8. Сауалнама «Мұғалімнің педагогикалық біліктілік негізін анықтау»

   Нұсқау: Төменде берілген тапсырмаға сәйкес келетін жауабыңызды белгілеп көрсетіңіз.
1. «Сіз сабақ түсіндіргенде кезде менің күлкім келеді» -дейді оқушы. Сіздің жауабыңыз:
1. Мәссаған!
2. Неліктен күлкілі?
3. Қанша күлкің келеді, сонша күл.
4. Есің дұрыс па?
5. Көңілді адамдарды жақсы  көремін.
6. Сенің көңіліңді көтергеніме қуаныштымын.
2. Сабақ басталды. Бір оқушы орнынан тұрып: «Сіз мұғалім ретінде маған бірдеңе түсіндіреді дегенге сенімім аз». Сіздің жауабыңыз:
1. Сенің мақсатың –оқу, мұғалімді сынау не теңің?
2. Сен сияқтыларды  оқыту әрине қиын.
3. Мүмкін сен басқа мектепке ауысарсың.
4. Сенің оқуға деген ынтаң жоқ.
5. Сенің не себепті бұлай ойлайтыныңды білгім келеді.
6. Бұл туралы екеуміз әңгімелесеміз.
3. Мұғалім оқушыға тапсырма берді. «Мен бұл тапсырманы орындағым келмейді». Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Орындағың келмесе, орындатамыз.
2. Сонда мектепке не үшін келіп жүрсің?
3. Бұл саған керек, орындамасаң орындама.
4. Бұның неге апаратынын білесің бе?
5. Неге екенін түсіндіресің.
6. Мүмкін сенікі дұрыс шығар, екеуміз ақылдасып көрейік.
4. Оқушы өз қабілетіне сенімсіздікпен қарайды. Берілген тақырыпты тез түсіне қоймайды, өзін төмен санайды. Мұғалімге: «Менің 5-ке оқитын кезім болады ма екен, қиналамын»-деді. Сіздің жауабыңыз:
1. Шынымды айтсам көзім жетпейді.
2. Әрине, ол да мүмкін.
3. Менің саған үмітім зор, сенің қабілетің бар.
4. Неге өзіңе сенімсіздікпен қарайсың?
5. Екеуміз бірлесе отырып мәселені шешейік.
6. Бұл екеумізге де байланысты.
5. Оқушы: «Мен сіздің екі сабағыңызға қатыса алмаймын, концертке билет алып қойғанмын».
1. Қатыспай гөр
2. Ертең ата-анаңды ертіп кел.
3. Бұл сенің жұмысың, емтихан тапсыратын өзің.  
4. Өзіңде ешқандай жауапкершілік жоқ екен.
5. Мүмкін басқа мектепке ауысарсың?
6. Ал сосын не істейсің?
    6.Мұғалім класқа кірді. Оқушы орнынан тұрып: «Апай, тым шаршап  тұрсыз ғой»-деді. Сіздің жауабыңыз:
1. Сенің тарапыңнан маған сын айту дұрыс емес.
2. Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
3. Менде не жұмысың бар, одан да өзіңе қара.
4. Бүгін дұрыс ұйықтай алмадым, жұмысм да көп.
5. Бұл біздің сабағымызға  кедергі келтірмейді.
6. Сен өте аңғарымпаз екенсің, қамқорыңа рахмет.
   7.Оқушы мұғалімге: «Менің қолымнан келмейтін еш нәрсе жоқ.     
     Сіздің  пәніңізді де меңгеру еш қиындық келтірмейді».
1. Өзіңе жоғары баға бересің.
2. Сенің қабілетіңмен бе, білмеймін.
3. Онда өзіңе сенімді боларсың.
4. Мүмкін, талап болса алмайтын асу бар ма?
5. Өзіңе тым жоғары баға берудің де зияны бар.
    8. «Мен дәптерімді үйге ұмытып кетіппін». Сіздің жауабыңыз:
         1. Тағы ма?
         2. Бұл жауапкершіліктің жоқтығы.
         3.Жинақталатын кезің болды ғой. 
         4. Не себепті?
         5. Мүмкіндігің болды ма?
         6. Неліктен мен саған ескерту беруім керек?
      9. Сіз класқа кірдіңіз. Оқушы: «Мен мына оушымен бір класта 
      оқығым келмейді» деді. Сіздің жауабыңыз: 
1. Тағы не айтасың?
2. Басқа амал жоқ, бір класта оқисың.
3. Бұл ақымақтық.
4. Ол да сенімен бір класта оқығысы келмейтін шығар.
5. Не себепті?
6. Менің ше ол дұрыс пікір емес.
      10. Оқушы мұғалімге: «Маған басқалардан гөрі көбірек көңіл 
      бөліп,  басқаша қарым-қатынас жасағаныңыз дұрыс деп      
      ойлаймын». Мұғалімнің  не жауап бергені дұрыс?
1. Неліктен саған көбірек көңіл бөлуім керек?
2. Мен оқушыларды бөлмеймін.
3. Маған сен сияқты адамдар ұнамайды.
4. Не себептен саған көп көңіл бөлінуі керек? Соны білгім келеді?
5. Шынында саған көбірек көңіл бөлсем, сен өзіңді сезінер едің?
6. Ал мен саған қалай қарайды деп ойлайсың?

 Қойылған сұрақтар бойынша қорытынды ұпайлар есептелінеді:
1-сұрақтың кілті
1- 4 ұпай
2- 3 ұпай
3- 4 ұпай
4- 2  ұпай
5- 2 ұпай
6- 5 ұпай 2-сұрақтың
кілті
1- 2 ұпай
2- 2 ұпай
3- 3 ұпай
4 -3 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай 3-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 3 ұпай
3- 4 ұпай
4 -4 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай 4-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 3 ұпай
3- 3 ұпай
4 -4 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай
5-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 2 ұпай
3- 3 ұпай
4 -3 ұпай
5- 2ұпай
6- 4 ұпай
7-5 ұпай 6-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 3 ұпай
3- 2 ұпай
4 -4 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай 7-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 2 ұпай
3- 4 ұпай
4 -5 ұпай
5- 3 ұпай 8-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 3 ұпай
3- 4 ұпай
4 -4 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай
9-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 2 ұпай
3- 3 ұпай
4 -4 ұпай
5- 4ұпай
6- 5 ұпай 10-сұрақтың кілті
1- 2 ұпай
2- 2 ұпай
3- 3 ұпай
4 -4 ұпай
5- 5ұпай
6- 5 ұпай  

  Қорытынды:
  Барлық ұпайларды есептеп, шыққан ұпай сандарын 10-ға бөлеміз. Егер:        
   4,5 - 5,0 ұпай аралығы болса, сіздің педагогикалық біліктілік негізіңіз өте жоғары деңгейде болғаны; 
   4,4 - 4,0   ұпай аралығы  болса, жоғары болғаны; 
   3,9 – 3,4  ұпай аралығы болса, орташа болғаны; 
   3,3 – 2,0  ұпай аралығы  болса , төмен болғаны; 

 11.  Релаксациялық жаттығу: «Нұрға бөлену».
  Баяу әуен ойнатылып тұрады.
  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
 Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  
    Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
    Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  10.  Қорытынды: «Жұлдызды сәт». 
  Қатысушылар жұлдызшаларға өз тілектерін жазып көк аспанға жабыстырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің Отаным –Қазақстан
Бастауыш сыныптарға ойын сұрақ-жауап
Зерде.
Әсемдікке ұмтылайық.
Инфоматикалық - ителлекуалды ойын
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Квадрат теңдеуді шешу
Жаңаша бағалау білім сапасын көтеру кепілі
Қуаныш-жан шуағы
Мейірімділік асыл қасиет
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4401 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык