Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа технология түрін қолдану


Жаңа технология түрін қолдану

Жаңа технология түрін қолдану

Ж о с п а р:
1. Жаңа  технология  түрін  қолдану;
2. Электрондық  оқулықтарды  пайдалану;  
3. Интерактивті  тақтаны  қолдану; 
«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында, ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында» - деп,  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласындағы  қызметкерлердің  жауапкершілігін  атап  көрсетті.  Әрбір  ұстаз  балаға  тиянақты,  терең  білім  беруге,  заман  талабына  сай  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  меңгерту,  оның  жетістіктерін  сабақ  үрдісінде  тиімді  пайдалануы  міндетті.  Мұғалім  пәнді  өзі  жетік  терең  білуімен  қатар,  оны  оқушыға  меңгерту  үшін  әр  сабақта    ғылым  мен  техника  жаңалықтарын  дұрыс  қолдана  білуі  тиіс.
           Қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде   50 - ден  астам  жаңа  технология  түрін  қолдану  әр  мұғалімнің  еншісінде.  Бұл технологияның  бәрін  бір  сабақта  қамту  мүмкін  емес.  Сондықтан,  әр  пәнді  оқыту  технологиясын  таңдап,  іріктеу  және  оның  іс - әрекетін  жетілдіру  арқылы  оқушының  білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда,  оқушының  әрекеті – технологияны  қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлуі  қажет.  Өйткені,  оқытуды  технологияландыру  қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайында  өмір  талабынан  туындап  отыр.
          Қазіргі  мұғалімдердің  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің  бірі – оқытудың  әдіс – тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және   жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.
          Мұғалім – ақпараттанушы,  оқушының  жеке  тұлғалық  және  интеллектуалды  дамуын  жобалаушы.  Ал  бұл  - мұғалімнен  жоғары  құзырлықты,  ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,    оқушыларды  қазіргі  қоғамның    түбегейлі  өзгерістеріне  лайық  бейімдеу,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыттарын  талап  етеді.
          Ізденімпаз,  жаңашыл  мұғалімнің   шығармашылығындағы  ерекшелігі  - оның  сабақты  түрлендіре  өткізіп,  оқушының  жүрегіне  жол  таба  білуінде.  Егер  ол  іс – тәжірибесінде  «Физика  сабағында  оқушылардың  білімін»  тиімді  пайдалана  отырып,  күнделікті  сабақты  ыңғайына  қарай  түрлендіріп  өткізсе,  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  арта  түседі.  Сабақ  мазмұнының  теориялық,  практикалық  құндылығы  жоғары  болған  сайын,  оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  өте  тиімді,  құрылымы  көп  түрлі  оқыту  әдістерімен,  мұғалімнің  дайындығымен  жоғары  деңгейде  өтеді.  Оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру – мұғалімнің  өз  еңбегін  ұтымды  ұйымдастыра  отырып,  жаңа  сабақ  үлгілерімен  оқушылардың  шығармашылық   ізденуін  қалыптастыру,  оқушыларға  сұрақ  қою,  эксперименттік  тапсырмаларды  шештіру,  ой  таласын  жасау,  танымдық  ойындар  ұйымдастыру  арқылы  іске  асады.  Сондықтан  да  әр  физика  пәні  сабағын  бір – біріне  ұқсатпай  сайыс,  конфереция,  өзін - өзі  бағалау,  жаңалық  ашу,  өнер табушылық,  реферат  қорғау  сияқты  түрлендіріп отыру  керек  деп  ойлаймын.
            Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында   жаңа  педагогикалық   технологияларды  пайдалану  мұғалімге  оқу  процесінің  құрылымын  түбегейлі  өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық  байланысты   күшейтуге,  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және  жеке  қабілеттерін  көре  біліп,  оны  дамытуға   толық  жағдай  жасауға  мүмкіндік  береді.  
 Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту,  танымдық  іс - әрекеттерін  қалыптастыру,  шығармашылықпен,  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  дағдыландыру  барысында,  өз  іс тәжірибемде  жаңа  технологияны  тиімді  пайдаланып  жүрмін.
           Қазіргі  заман  талабына  сай  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісінде  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру   қажеттілігі  туындап  отыр.
            Электрондық  оқулықтың  мазмұны  оқушының  зерделі  ойлау  қабілетін  дамытуға  бағытталуы  және  оның  мына  қасиеттерді  қанағаттандыруы  өте  қажет:  қисынды  ойлау  жүйесінің  қалыптасуы,  жинақтылығы,  жүйелілігі, эстетикалық  көркемділігі,  жылдамдығы, т. б.   Электрондық  оқулықтың  тиімділігі,  қашықтан  оқытуға,  оқушының  өздігінен  оқып  үйренуіне  және  өзіндік  жұмыс  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.
          Электрондық  оқулық  -  бұл  тек  жиынтық  қана  емес,  оқу материалдарының  қиын  жерлерін  ақпараттық  технологияның  әртүрлі формаларын  пайдалану  арқылы  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін   толық дидактикалық,  әдістемелік  және  интерактивті  бағдарламалық  жүйе.  Электрондық   оқулық  көмегімен  материалды   оқушыға  түсінікті де,  көрнекті түрде  жеткізуге  болады. 
           Электрондық  оқу  құралы  –  құрамында  оқу  курсының  ең  маңызды бөлімдері,  сонымен  қатар  есептер  жинағы,  анықтамалықтар, энциклопедиялар,    оқу  материалын  өткізуге  нұсқаулар, практикалық  және  зертханалық  жұмыстарды   дайындауға  әдістемелік  нұсқаулары  бар басылым.  
          Электрондық  оқулықтарды   сабақ  кезінде  пайдалану  оқушылардың  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтеді,  өз  бетімен  есептер  шығаруға  дағдыланады.  Әрбір  оқушы  таңдап  алған  тақырыбы  бойынша  тапсырмалар   орындап,  тестілер  шешіп,  сурет  және  схемалармен   жұмыс  жасауға  жұмыстанады.
          Электрондық  оқулықтардың  теориялық  білімді  жетілдірудегі  маңызы  зор. Электрондық  оқулық  арқылы  сабақты  түрлі  суреттер  мен  видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  өткізуге  болады.  Бұл,  әрине  мұғалімнің  тақтаға  жазып  немесе  құр  сөзбен  айтып  түсіндіргенінен әлдеқайда  тиімді  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  тақырыптарды  өткенде  компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  олардың  құштарлығы  оянады.
          Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  кезінде   электрондық  оқулықтардың  ерекшелігі – үлгіге  сәйкестілігі  мен   жоғары  мобильділігі,  оқуға  үйренуге  икемділігінде  болып  табылады.  Мысалы,   электрондық  оқулықтағы       бір  тақырыпқа  тоқталатын  болсақ,  алғашында  сол  тақырып  бойынша  теориялық  материал  берілген:
1. Осы  материалды  оқушы  оқып,  тыңдайды.
2. Теориялық  білімді  негіздейтін  мультимедиялық  материалды  көреді.
3. Берілген  тақырып  көлемінде  түрлі  жаттығулар  мен  тапсырмалар  орындайды.
Оған:  1. Компьютермен  сұхбаттасу  арқылы  қойылған  сұраққа  дұрыс  жауап  бере  алатындығын  көрсетеді.
             2. Тақырыпты  түсінгендігін  тексеретін  тестпен  жұмыс  жасайды.
     Сонымен   электрондық  оқулықтар  оқушылардың  
• Білім  деңгейін  тереңдетуге;
• Тапсырмаларды  өзбетімен  орындай  білу  дағдыларын  қалыптастыруға,
• өзбетінше  іздену  қабілетін  қалыптастыруға;
• ойларын  дамытуға;
• оқушылардың  сөздік  қорының  молаюына;
• жаңа  сабақты  үйренуге  деген  ынтасы  мен  қызығушылығының  артуына;
• сабақта  өзін  еркін  ұстап,  өз  мүмкіншілігін  кеңінен  пайдалана  алуна;
• өз  ісіне  талдау  жасай  алуға  көптен – көп  көмегін  тигізеді.
      Әр  сабақта  электрондық  оқулықтарды   пайдаланып  отырған  оқушы,  тақырыпты  толық  меңгеруге  үлкен  мумкіндігі  бар  деп  айта  аламын.
 
            Сондай –ақ  білім  сапасын  арттыруда  интерактивті  тақтаның  маңызы  зор  деп  ойлаймын.   Интерактивті  тақта   оқушылардың  топпен   жұмыс  жасап,  бір – бірін  толықтырып  отыруына  мүмкіндік  беретін,  сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  қатысуын  ұйымдастыратын  құрал.    Интерактивті  тақтаны  қолданумен  бірге  сабақ  құрылымы  да  өзгереді.  Сабақ  сапасы, бірінші  кезекте  мұғалімнің  өзіне  тиімді. Интерактивті  құралдарды  пайдалану,  кез  келген  сабақты  серпімді  етеді,  ал  бұл  сабақтың  бірінші  минутынан  оқушылардың  танымдық іс - әрекетінің  артуына  ықпал  етеді.   Мысалы,  мұғалімде  ескертулер,  тапсырмалар  жазу  мүмкіндігі  бар,  сонымен  қатар,  өткен  материалға  оқушылардың  оны  қаншалықты  меңгергендігін  бақылау  үшін  қайта  келе  алады,  жаңа  сабаққа  сәйкес  өзгерте  алады.   
        Интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  артықшылықтары   оқушы   мен  мұғалім  үшін  маңызды  болып  табылады.  Интерактивті  тақтаның  мүмкіндігін  пайдалана   отырып,  әр түрлі  тақырыптарды  презентация  түрінде  дайындауға  болады.  Мұғалім  қажет  материалдарды   гиперсілтемемен  байланыстыра  отырып,  бір  файлдың  ішінде  сақтай  алады.  Аудио  және  бейне  файлдарды  қажет болған жағдайда  интерактивті  тақтаның  көмегімен  ойнатып,  қадағалауға  болады.  Ескертпелер  мен  файлдағы  толықтыруларды  сақтап  қойып,  келесі  сабақтарда  немесе  қайталау  кезінде  қолдануға  болады.
         Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  сабақ  кешегі  сабақтан  өзгеше,  ал  ертеңгі  сабақ  бүгінгі  сабақтан  жақсы  болуы  тиіс.
        «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп  президентіміз   Н.Ә.Назарбаев   айтқандай  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу  баршамыздың  міндетіміз.
 
 
 
 
    
Пайдаланған  әдебиеттер:
 
 
1. «Информатика  негіздері»  ғылыми - әдістемелік  журнал
2. «Физика  және  астрономия»  республикалық  ғылыми - әдістемелік  педагогикалық журнал
3. «Физика»  республикалық   ғылыми - әдістемелік  журнал

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары
Сабақ сапасы- ұстаз біліктілігінде
Білім беру үрдісінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тәжірибесі
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
Физика сабағын оқытуда электрондық оқулықтың ролі
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 14633 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык