Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану


Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану

Сын тұрғысынан ойлау    технологиясын география сабақтарында қолдану

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрті технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуы керек. Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

   «Сын тұрғысынан ойлау»    технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады.   Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:

1.  Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.

2.  Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.

3.Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының                                                                                                                                   

стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.

Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына,жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады.

Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.

“Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

 Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы                                                              шарттары:

        1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау

7.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.

8.Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру

«Сын тұрғысынан ойлау »  стратегияларын пайдаланып өткізген шығармашылық ізденіске баулу сабағымды мысал ретінде  келтіре кетейін.

Тақырыбы:  «Сарыарқа»

 Мақсаты:

   а) оқушылардың өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;

   ә) Сарыарқа физгеографиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;

   б) оқушыларды шығармашылық ізденіске, туған өлке табиғатын қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.

Номенклатура:  Ұсақ шоры, Ақсораң, Қызыларай, 1939 жылы Нью-Йорк, «екінші Швейцария», «Жұмбақтас, Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай, Ертіс – Қарағанды, т.б.»

Әдіс – түрі: Дәстүрлі емес. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ауызша сұрақтар.

Солтүстік  Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?
Солтүстік  Қазақ жазығының жер бедері қандай?
Қандай табиғат зонасында орналасқан?
Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?
Қандай экологиялық проблемалары бар?

ІІІ. Мағынаны тану.       

Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау.                                                              1-топ: Географтар – географиялық орны, геологиялық құрылысы.

2-топ: Геоморфологтар – жер бедері, пайдалы қазбалары.

3-топ: Климатологтар, гидрологтар – климаты, өзен көлдері.

4-топ: Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.

5-топ: Экологтар  – шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.

Дәптермен, атласпен жұмыс.

Сауал менен, жауап сізден ...

Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды?
Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?

ІV.Кубизм әдісі

(әр топқа 2 сұрақтан)

1.Сарыарқа табиғатын қорғау үшін не істер едің?   (ұсыныс)

2.Ақын немесе суретші болсаң Сарыарқа табиғаты қалай суреттер едің? (суреттеу)

3.Сарыарқаның пайдалы қазбаларын қарқынды игеру сіздің ойыңызша дұрыс па? (талдау)

4.Сарыарқа қазақтың ең әсем тауы ма? (дәлелдеу)

5.Сарыарқа- бай өлке. (ассоциациялау)

6.Солтүстік қазақ жазығы мен Сарыарқаның қандай ұқсастықтары бар? (салыстыру)

V. Қорытынды: «Ой толғаныс»

Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба арқылы жинақтауға болады

VІ.Бағалау парағы

          VІІ. Үйге тапсырма.

§43 оқу.
Шығармашылық тапсырма: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.
Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.
Сарыарқа өңірінің жер-су аттарына байланысты аңыз әңгімелер жазу.

Сөз соңында айтарым, нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие  бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет-өз ісін сүюі және балаларды сүюі.

 Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектебі  6/2009ж

2. «Дауыс пен көрініс» Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал   №1 «5» 2001, №2/2002ж.

3. «География және табиғат» Ғылыми педагогикалық журнал 6/2010


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Функционалдық сауаттылық
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Сарыарқа
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6446 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык