Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 37300 |
|
|
|
Айтыс ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Айтыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.
Тәрбиелілік: Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін білім мазмұнына әкелу.
Сабақтың әдісі: 12 жылдық білім берудегі технологиялар, балдық жүйемен есептеу (Білім жүйесі, Жобалау)
Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, плакаттар, цытатылар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Маңғыстау әдебиеті, ақпараттармен байланыс.
Сабақтың жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды.
Төмендегі кесте сызбалар арқылы өткен сабақтарды еске түсіру.
Пікіралмасу Ойталқы Сөзталас Айтыс Ойбөліс Пікірсайыс
Жаңа сабақ:
Американдық ғалым Б.С.Блум жүйесімен жаңа сабақты түсіндіру.
І Білімділік (тыңдау, білу,есте сақтау) 2 балл
Негізгі ұғымдар.
Пікірталас түрі.
Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясын пайдалану.
Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр.
Ұлы жазушы М.Әуезов өзінің Әдебиет туралы еңбегінде «Айтыс- сөз барымтасы. Бұның бір жағы өнер жарысы. Екінші жағы, ойын- жиында айт пен тойда, халықтық мерекеде орындалатын сауық есепті»,- дейді.
Ал Ысмайлов пен М.Ғабдулин:
«Екі адамның сөз қағыстыруы, ән сөзінде тартысуы, дауласуы»,- деп түсіндіреді.
Сонымен, айтыс- біріншіден әдеби жанр, екіншіден өнер түрі, үшіншіден жарыс, төртіншіден талас, бесіншіден- сөз барымтасы, алтыншыдан пікірталас түрі.
Пікірталас деген не?
Қоғамдық және әлеуметтік мәселені талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау.
Б(бағыт) – 1. Тақырыбы: Қоғамдық және әлеуметтік мәселелер. Мысалы: Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы- әйел теңдігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сара- соның құрбаны.
Билігі болмаған соң бір басының.
Берген соң тері- терсек ит те алады,
Пұлындай берекесіз арбашының.
Б-2. Түрлері: Қ.Жұмалиев қазақ әдебиетінде:
1) Бәдік. 2)Жар- жар. 3) жануарлар мен адамның айтысы. 4) Өлі мен тірінің айтысы. 5)Жұмбақ айтыс. 6) Салт айтыс- қыз бен жігіт, ақындар айтысы. 7) Осы күнгі айтыс депжеті түрге бөледі.
Б-3.Талаптары:
1. Тақырыптан ауытқымау.
2. Өзін-өзі дұрыс ұстауы.
3. Сөйлеу шеберлігі.
4. Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау)
5. Ортақ пікірге мүдделік.
6. Қарсыласын, аудиторияны сыйлау
7. Қарсыласына кезек беру
8. Регламентке бағыну
Б-4.Мақсаты: Ұту, қарсыласына қисынды да уәжді сөзбен қатысын тауып, еріксіз тізе бүктіру.
Б-5. Қазақ айтыскерлері:
Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап- Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.
Б-6.Зерттелуі: Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы.Алтынсарин, А.Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров. Айтыстың 3- томдығын алматы баспасынан дайындады.
Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш.Уәлиханов одан кейін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.
90- жылдан бері қарай М.Жармұхамедов, Ж.К.Раев, Қыдырбаев, Ж.Дәулетбекова. Жүргізушісі- Ж.Ерманов.
Б-7. Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.
Б-8. Даму сипаты:
Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз 15, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған. Қазақстан ұлттық арнасынан айтыс чемпионаты, Хабардан жекпе- жек жүріп жатыр.
ІІ. Түсіну
(Жаңа сабақты түсіне отырып өткен сабақпен байланыстыр, сызбаларды орындау)
1. Айтысқа талдау жаса
ІІІ.Пайдалану (Көзбен көре отырып, заңдылықтарды нақты жағдайда пайдалануға, дағдылануға, көзін жеткізу.)
257- жаттығу (оқулықтан) мәтіннен қатысты қадірлеудегі халықтық дәстүр туралы әңгімелеу. Айтыстың түрін табу. 6 балл
ІV Талдау.
Мәтінді талдай білу. Нұрым мен қашаған айтысына кесте толтыру. 8 балл
Тақырыбы Мақсаты Түрі
Дін Бата алу
Білім сынасу Ақындар айтысы
V Жинақтау (өтілген жаңа сабақ бойынша ойыңды жинақта, әңгіме жаз)
Тапсырма: Сыныпаралық, мектепішілік айтыс өткізу мәселесі, оның жоспары жөнінде өз ойыңды жаз. Айтыс тақырыбы, айтыстың түрі, ақындарды жұптау жөнінде білдір. 10 балл
VІ Бағалау: Жазба айтыс құрастыру.
Сұраққа жауап жазу. Ұйқас түрлерін еске түсіру.
Сұрақ: Сұрақ:
Бітіруші жас түлек Арманға барар бір- ақ жол,
Көп шығар арманың? Шешуші кезең – ҰБТ.
Қай мамандық иесі Білдің бе оған бірақ тым?
Болуды сен таңдадың? Тақалып уақыт қалғанын.
Жауабы: Жауабы:
Сұрақ қойдың тосыннан, Дайындалып жүрмін күн- түні
Сәл іркіліп қалғаным. Білемін уақыт шектеулі.
Қамын ойлап қазақтың, Не болса да амал жоқ.
Ақын болу – арманым. Көремін құдай салғанын. 12 балл
«Маңғыстаудағы айтыс ақындары» тақырыбына шығарма жазу.
Сабақ нәтижесінде оқушы өзіндік тәжірибесін (теледидардан көріп- білгенін, кітаптан оқығанын) білім мазмұнына ендіре алады, өзіндік ой пікір айта алады. Шығармашылық деңгейге көтеріле алады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |