Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АҚПАРАТТЫҚ – ОҚЫТУ ОРТАСЫНДА МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ


АҚПАРАТТЫҚ – ОҚЫТУ ОРТАСЫНДА МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

АҚПАРАТТЫҚ – ОҚЫТУ ОРТАСЫНДА МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

 
«Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай  мүддел  жаңа білім
беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - «e-learning» электрондық оқыту жағдайында жұмыстану үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет.
Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа техникамен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Электрондық оқыту жағдайында автоматтандырылған жүйеде оқушы білім беру контентімен тиімді жұмыстанады, жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Оған қол жеткізу үшін оқушыларға тәлім-тәрбие беретін мамандар даярлайтын оқу орнында, жалпы әр оқу орнында ақпараттық оқыту ортасы болуы міндетті.
Ақпараттық-коммуникациялық технология  (АКТ) –жалпылама ұғым, ақпаратты өңдеуге арналған әртүрі құрылғылар, механизмдер, тәсілдер, алгортмдер. 
АКТ-ның басты құралы – компьютер,  программалық жабдықтармен телекоммуникация құралдары.  
АКТ құралдарыныңәдістемелік жағынан жіктелуі:
• оқыту –жаңа білімді хабарлайды, оқу немесе практикалық жұмыстың біліктері мен дағдыларын қалыптастырады;
• тренажерлар – оқылған материалды қайталау немесе бекітуде біліктер мен дағдыларын жетілдіреді;
• ақпараттық-іздеу және анықтамалық  ақпаратты жүйелеуде ақпар береді, білігі мен дағдыын қалыптастырады;
• көрнекі – зерттелетін нысан, құбылыс, үрдістерді визуалдайды;
• имитациялық -  құрылымы мен функционалды сипаттамасын зерттеу үшін нақты аспектілерді анықтайды;
• лабораториялық – нақты жабдықтар көмегімен эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді;
• модельдеу - нысан, құбылыс, үрдістерді модельдейді;
• есептеу -  қайталанатын операциялар мен әртүрлі есептеулерді автоматтандырады;
• оқыту-ойын  - білім алушымен ойын формасында әртүрлі жағдаяттар туғызуға арналған.
Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың бір жолы – білім стандартында жоспарланған «Информатика», «Жаңа педагогикалық технологиялар» т.б. пәндерді оқыту және оқу практикасы.
Екінші жолы – аудиториядан тыс жұмыстар, үйірмелер ұйымдастыру, жеке кеңес беру, семинар-тренингтер, курстар, т.б. белсенді жұмыс түрлерін өткізу.
Келесі жолы - Интернет-технология, желілік технология, интерактивтік технология, жобалау технологиясы т.б. жаңа технологияларды меңгерту, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану, электрондық оқыту қорларын жасақтау, сынақтан өткізу және оқу-тәрбие үрдісіне енгізу; электрондық ресурстармен цифрлық контенттер қорын толықтыру.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастырудың әлеуметтік жағы да бар. Бір жағынан маман қалыптасады және социумда өзін-өзі көрсетеді, ал екінші жағынан ақпараттық технология арқылы социуммен, қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау тәжірибесі, мәдениеті қалыптасады.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің даму деңгейін мына көрсеткіштермен сипаттауға болады:
• ақпараттық – ақпаратпен жұмыс жасау тәсілдерін білуі, ақпараттық технологияларға қызығушылығы; 
• технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық білімі мен білігін қолдана білуі, мәліметтерді  өңдеуде программалық және аппараттық  құралдарды таңдай білуі; 
• нәтижелілік– жаңа педагогикалық ақпараттық өнімдер жасақтауы (электрондық оқулық, электрондық-әдістемелік жүйе, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен, білім контенттері, аналитикалық есептер, педагогикалық жобалар, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары т.б.).
Математика, есептеуіш техника, інформатика пәні оқытушыларының әдістемелік бірлестігі 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірлестік облыс көлеміндегі педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін көтеру, кәсіби қызметі саласында тәжірибе алмасу бағытында жұмыстанды. 6 жыл ішінде оқытушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы танымдық жұмысымен, өз пәндік облысы бойынша алгоритмдік түрде әдістемелік, жобалық, модельдік мәселелерді шешу тәжірибесі, оқу жағдаяттарын педагогикалық түрде тиімді шешу бағытындағы кәсіби-бағыттағы шығармашылық жұмыстары, болашақ мамандардың бойынша әртүрлі құндылықтарды қалыптастыру тәжірибелерімен танысып, зерттеліп, таратылды. Жыл сайын ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-тренингтер, математикалық регата, жобалық жұмыстар байқауы өткізіліп, шығармашылық жұмыстар есері тыңдалды. Оқытушылардың жасақтаған оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендері, электрондық оқу құралдары сарапталып, әдістемелік бірлестікпен бекітілді: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық коледж оқытушылары М.С.Жұматова, С.С.Бекенова, А.О.Хамзина, №5 КЛ оқытушысы В.Д.Вербицкая, №16 КЛ оқытушысы В.Г.Джувандыкова, Орал қаржы–экономикалықколледжініңоқытушысы С.Б.Галиева, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің математика пәні оқытушысы Т.И.Лихачева, Ауылшаруашылық коледжі оқытушысыЛавренова О.В., Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы М.Б.Маукешева, №11 КЛ оқытушысы Г.Т. Хайредденова, №1 КЛ оқытушысы М.Ш.Жуминаның, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар коледжі оқытушылары Ешмуханова А.Е., Кенжегалиева Г.А., Машгулова М.К., Ермолаева Е.П., Рамазанова Л.Е., Сарсенова С.Б., Б.И.Есенов, Қаратөбе колледжінің оқытушысы З.М. Жұмағалиеваның, Орал ақпараттық технологиялар коледжі оқытушысы М.К. Абдрахмановалардың жұмыстары. Оқытушылардың ашық сабақтарына қатысып, талданып, ұсыныстар беріліп отырды. 
Биылғы оқу жылында www.1.sabak.kz сайты арқылы онлайн сабақтар, шеберлік кластарын өткізу қолға алынды. Биылғы ғылыми-практикалық конференцияға «Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік жаңа ақпараттық технологиялар зертханасының маманы Максотов Армат Болатұлы арнайы шақырылып, «EIIuminateIive платформасынын мүмкіндіктері» туралы баяндап, практикалық түрде демонстрация жасалды. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде Oral_Pedcoll виртуалды кабинетінде онлайн сабақтар контентін басқару, конференциялар ұйымдастыру модераторлығы арқылы екінші жыл жұмыс жасауда.
Колледждерда ақпараттық орта жасақтау мақсатында материалдық-техникалық база нығайтылып (Интернет желісіне қосылған компьютер класы, мультимедиялық және интерактивтік проектор, интерактивті тақта, мультимедиялық подиум, сенсорлық киоск, т.б.), программалық жабдықтар (электрондық оқулықтар; мультимедиалық программалар, бақылау және тестілеу программалары т.б.), оқу-әдістемелік кешендер толықтырылуда. Мысалы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ақпараттық оқыту ортасын 2 жылжымалы және 10 компьютер класы, электрондық оқыту залы, EIKI, Epson интерактивтік проекторлары, ActivBoard интерактивтік тақтасымен жабдықталған
11 автоматтандырылған жұмыс орны құрайды. Колледжішілік локальдық желімен ID Phone Мегалайн Офіс тарифі мен Интернетке қол жеткізген. Оқу үрдісін тиімді басқару үшін оқу кабинеттерін бақылау және басқару, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін RMS TektonIT и iTALC бағдарламалары арқылы электрондық басқару жүзеге асырылған. Колледждің www.pedcolleg.kz сайтындағы топтардың электрондық журналы арқылы оқытушылар, студент тер мен ата-аналары пән бойынша бағалармен танысады, моніторинг жүргізе алады, үш тілдегі сайт арқылы коледж мамандықтарымен таныса, сауалнамаға жауап бере, коледж директорына қалаған сауалдарын бере алады. «Кітапхана ісі» бағдарламасы арқылы электрондық кітапхана қоры мен таныса және пайдалана алады. «Пифагор» және «Тамос» бағдарламалары арқылы электрондық контент жасақтау, жұмысі стеу, автоматтандырылған тестілеу бағдарламасы, чат арқылы хабар алмаза алады. English Discoveries Online/Offline мультимедиялық курсын пайдалану арқылы онлайн және оффлайн жүйесінде ағылшын тілін же тік меңгеріп отыр.
Маманның ақпараттық-оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған: 
• базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды). 
• технологиялық– кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);
• практикалық(кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.  
Жыл өткен сайын технологиялық деңгейдегі педагогтар саны артып келеді. Оқытушылар педагогикалық мамандыққа қатысты және пән аумағына сай бағдарламаларды тез меңгеріп, интерактивтік құрылғыларды кәсіптік қызметтерінде шеберлікпен қолдануда. Өздерінің электрондықпортфолиожасақтап, цифрлық контентпен (электрондықоқулықтар, электрондық сабақтар, интерактивтік тақтамен өткізілетін сабақтар, сыныптан тыс шаралар, автоматтандырылған тестілер т.б.)   толықтыруда.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі АКТ-ның сапалы және қолжетімді білім беруде маңызы зор екендігін көрсетеді.
Барлық  нәрсе  мұғалімнен  бастау  алады! 
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде «...мұғалім қандай болса, мектеп ем сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі-білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен.
Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтыңда іргетасы берік қаланады. Сондықтан әр оқу орнында веб-дизайн, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, музыкалық өнер бойынша әртүрлі студент тік студиялар көбейсе, болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық  және  кәсіптік  құзыреттілігі арта түспек.
Кәсіби құзыретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі деңгейі жоғары маман дайындасақ, күні ертең ұрпақ тәрбиелер ұстаз бойында ізгі мұраттарды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе!
Қолданылған әдебиеттер:
1. Курманалина Ш.Х. «Обновление методического обеспечивания учебного процесса в условиях информатизации образования» - г.Омск, 2002 год.
2. Молчанов С.Г. Профессиональная компе¬тентность в системе повышения квалифика¬ции // Интеграция методической (научно-мето¬дической) работы и системы повышения ква¬лификации кадров. Челябинск, 2003.
3. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования», 
Е.С. Полат – М.: Аcademia, 2000, 171 б.
4. «Система внедрения информационных технологии в организацию обучения школьным предметам в школе-гимназии», С.М. Иванова, Материалы 4-го международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», 2006.
5. Иванова Е.В. Формирование информационной компетентности – важнейшая задача профессиональной подготовки учителя / Конгресс конференций «Информационные технологии и образование», www.ito.su/2003/II/3/II-3-3307.html
 
Резюме
В статье рассматриваются теоретические и практические аспекты, пути и уровни формирования информационно-коммуникационнойкомпетентностипреподавателей колледжа в  условиях информационно-обучающей среды.Проанализирован опыт по формированию профессиональных компетентностей в колледжах ЗКО.
 
Resume
In article theoretical and practical aspects, ways and levels of formation of information and communication competence of teachers of college in the conditions of the information training environment are considered. Experiment on formation of professional competence in WK colleges is analysed.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Сапалы білім берудің негізі – ақпараттық–коммуникациялық технологиялар.
Білім беру ақпараттық ресурстары
Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Demo Builder бағдарламасын қолдану негізінде оқу құралдарын жасау жолдары
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Білім сапасын арттыру жолдары
Интернет желісін сабақ процесінде қолдану
Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4352 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык